Босағада отырма.
Қазақтың тыйым сөздері
- Арыңды сатпа.
- Арамтамақ болма.
- Аруаққа тіл тигізбе.
- Әлсізге күш көрсетпе, зәбірлеме.
- Әйелге өктем сөйлеме.
- Басыңды шайқама, соқпа.
- Баскиіміңді аяғыңа киме.
- Білмесең айтпа.
- Баланы басқа ұрма.
- Бетіңді сызба, қисайтпа.
- Біреуге жамандық тілеме.
- Біреудің еңбегін, ақысын жеме.