Аманатқа қиянат жасама.
Мағынасы
Бұл біреуге сөз берсең міндетті түрде орындау керек деген сөз. Аманатқа адалдық — адамның биік парасат иесі екендігін көрсетеді.
Қазақтың тыйым сөздері
- Қолыңды төбеңе, желкеңе қойма.
- Өтірік күлме, өтірік сөйлеме, өтірік жылама.
- Ішегіңді тартпа, табаныңды тартпа.
- Дініңді сатпа, ұлтыңды сатпа, арыңды сатпа.
- Құдайға, пайғамбарға, әулиеге тіліңді тигізбе.
- Қабірді баспа.
- Өтірік куәлік жасама.
- Намазды бұзба.
- Құмырсқаның ұясын баспа.
- Ұрлық қылма, зорлық қылма.
- Тіліңді шайнама, тіліңді тістеме, шығарма.
- Саусағыңды аузыңа салма.