Адамға пышақ, мылтық кезенбе.
Қазақтың тыйым сөздері
- Итке ожаумен ас құйма.
- Үлкендердің жолын кеспе, сөзін бөлме.
- Бүйіріңді таянба, жер таянба, иегіңді таянба.
- Бетіңді баспа.
- Өтірік жылама.
- Қолыңды қусырма.
- Құранды, тамақты баспа.
- Тұзды, күлді баспа.
- Отпен ойнама, оттан аттама, отқа түкірме.
- Нанды жерге тастама, үстіне басқа затты қойма.
- Бейуақытта жылама, ұйықтама.
- Бейуақытта кісіге көңіл айтпа.