Адамды малды аттама.
Қазақтың тыйым сөздері
- Табалдырықты баспа, табалдырыққа отырма.
- Адамға қару, мылтық кезенбе.
- Ақты жерге, суға төкпе.
- Адамды шошытпа.
- Адалды араммен араластырма.
- Асты қорлама, үрлеме.
- Ауру тілеме.
- Арамдық ойлама, істеме.
- Аузыңа ие бол.
- Аспанға қарап түкірме.
- Арыңды сатпа.
- Арамтамақ болма.