Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

түсінік хат

Есимова Айжан
2 мин оқу 338 оқылым

Түсінік хат
Ғылым мен техниканың ұдайы өсуі қоғам өміріне мәнді өзгерістер
әкеліп жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге жоғары талаптар қояды. Мұндай
талаптар Қазақстан Республикасы жоғары білімінің мемлекеттік стандартында
бекітілген. Атап айтқанда: «...жеке адамның шығармашылық, рухани және
күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының
берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы
ой-өрісін байыту».
Аталған міндеттерді жүзеге асыру мектептің бастауыш сатысынан
басталады. Бұл жайында «жалпы білім беретін мектептің бастауыш
сатысындағы білім мазмұнының тұжырымдамасында» бастауыш мектептің
қызметі оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас
болуымен ғана емес, ең алдымен, оқушының тұлға ретінде қалыптасуы мен
дамуы ерекше құнды, қайталанбайтын буын екендігімен анықталатындығы
негізделген. Онда: «бастауыш саты оқушысының жас ерекшеліктеріне сәйкес
оқыту мақсаты оқушы тұлғасын тәрбиелеуге бағдарланады... әр пән ғылыми
білім элементтерін, ұғымдар жүйесін міндетті түрде қамтиды және танымдық,
дамытушы рөлімен қоса пропедевтикалық та қызмет атқарады» делінген.
Оқу пәндерінің ішіндегі «математика» пәнінің алатын орны ерекше.
Математика пәнінің мазмұны мазмұндық-логикалық есептер мен тапсырмалар
жүйесінен тұрады, ол оқушының зейінін, қабылдауын, қиялын, есте сақтауын,
логикалық ойлау элементтерін дамытуға бағытталады. Бұл пән оқушылардың
танымдық, шығармашылық қабілеттерін, интеллектісін қалыптастырып
дамытуды, математикалық тілдің элементтерін меңгертуді, «математикалық
сауаттандыруды» басты мақсат етіп қояды.
Осы мақсатқа қол жеткізуде оқушылардың математикалық
дайындығының үлесі мол. Оқушыларды математикадан терең және тиянақты
білім, білік, дағдымен қаруландыру қоғамымыздың уақыт күттірмейтін
талабы. Ондай талаптардың бірі - оқушылардың әрекеттерін есеп шығаруға
бағыттау. Ал осы талаптарды орындаудың бірден бір жолы - практикалық
мазмұнды есептер арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын дамыту.
Бастауыш сыныпта оқушылардың танымдық қызығушылығы тұрақты
сипатқа ие бола бастайды, яғни білімге деген талпыныстары пайда болып,
ғылымның әр түрлі салаларына, табиғаттың әр түрлі құбылыстарына және
қоғамдық өмірге танымдық көзқарастары біртіндеп өзгереді. Оқушылардың
танымдық қызығушылығының дамуына негізінен білім мазмұны, мұғалімнің
оқу үдерісін тартымды ұйымдастыруы, қолданылатын материалдардың нақты,
көрнекі болып келуі, оқушыларды белгілі нысанды тануға бағытталған
белсенді ұжымдық әрекетке жұмылдырылуы әсер етеді. Танымдық
қызығушылықты дамытуға мазмұны мен түрі жағынан жаңа, оқушылардың өз
бетімен белсенді ойлауын тудыратын тапсырмаларды таңдау арқылы қол
жеткізіледі.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Есимова Айжан

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Мақтанышым – Астанам Ермек Өтетілеуұлы.

3-сыныпқа арналған сабақ жоспарында оқушылар Ермек Өтетілеуұлының «Мақтанышым – Астанам» өлеңін оқып, талдайды және шығармашылық тапсырмалар орындайды.

Есимова Айжан 6 мин 676 оқылым
Бастауыш сынып

Заттар қандай болады?

3-сыныптағы жаратылыстану сабағында оқушылар заттарды шығу тегі мен агрегаттық күйі бойынша жіктеп, денелердің қандай заттардан жасалатынын түсінеді.

Есимова Айжан 5 мин 656 оқылым
Жалпы рубрика

Жазбаша көбейту және бөлу

3-сынып математика сабағына арналған жоспар. Оқушылар екі және үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолданады.

Есимова Айжан 5 мин 475 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Баяндамалар

Отбасы

Баяндамада отбасы мүшелерінің бірлігі мен өзара қолдауы, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және отбасының өмірдегі орны сөз болады.

Қалиасқар Елдина 1 мин 43 оқылым
Баяндамалар

Дос

Баяндамада достың жанашырлығы мен адам өміріндегі орны айтылады. Мәтін достықты бағалап, айналаға жақсылық жасауға шақырады.

Қалиасқар Елдина 1 мин 43 оқылым
Баяндамалар

Доклад на тему:«Современный урок русского языка и литературы»

Мы с вами знаем, что в данное время главная наша задача - мотивировать обучающихся на проявление инициативы и самостоятельности. Учитель должен организовать самостоятельную деятельность учащихся, в которой каждый мог…

Абишева Акмарал Пердебаевна 14 мин 61 оқылым
Баяндамалар

"Ұлттық құндылықтар"

Баяндамада ауыл шаруашылығы, мәдениет пен дәстүрлер, отбасы және тұрғындардың өзара көмегі сөз болады.

11"Б" сынып оқушылары 1 мин 42 оқылым