Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

TikTok қазіргі жастар психологиясына қалай әсер етеді?

Автор

Bilimger Media
2 мин оқу 39 оқылым

Ерболат Арнұр
Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақадыр кенті, Ә.Ермеков атындағы тірек мектеп
11 сынып


Қазіргі заманда TikTok жастардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналды.Тіпті жастар ғана емес үлкендерде TikTok-қа тәуелді болып қалған.Қысқа форматтағы видеолар мен түрлі трендтер жасөспірімдердің назарын өзіне тартады.Бірақ бұл платформаның көңіл көтеруден бөлек,психологияға әсер ететін көрінбейтін жақтары да бар.

TikTok-тың ен басты тұсы бұл - 10-20 секундтық видеолар.Мұндай формат миға үнемі жаңа стимул береді, ал бұл дегеніміз - жастардың бір нәрсеге ұзақ уақыт бойы назар аударуын қиындатады.Мысалы, мектепте оқушылардың сабақты тыңдау уақытының қысқарып кеткені байқалады.Себебі ми қысқа контентке үйреніп, ұзақ ақпаратты қабылдағанда тез жалығады.

Көптеген трендтер сырт келбет,сән,байлық сияқты тағыда басқа заттарды көрсетуге бағытталған.Ал бұны көрген жастар еріксіз өздерін салыстырады.Бұл өзін-өзі төмен бағалауға, дене бітіміне қатысты комплекстерге немесе «мен басқалар сияқты бола алмаймын» деген ойға алып келуі мүмкін.Ал бұнын соңы психологиялық қысымның күшеюіне әкеледі.

Және де жастар өз араларында қатарларынан қалғысы келмейді.Құрбылары тренд түсіріп жатса,өзінде соған қатысуға міндетті сезінеді.Бұл тек көңіл көтеру емес,әлеуметтік ортада қабылдану үшін жасалатын әрекет.Бұл трендтер қауіпті челлендждерге қатысуға итермелеуі мүмкін.Танымал боламын деп жасалған әрекеттер кейбіреулердің шынайы мінезің өзгертіп,өзіне сенімсіздік немесе керісінше жасанды батылдық қалыптастыруы мүмкін.

TikTok-тың жағымды жақтарында жоққа шығаруға болмайды.Көптеген жастар осы платформа арқылы, өздерінің талантын көрсетті,аудиториямен байланыс орнатты,жаңа достар тапты, осындай тағы да басқа жағымды жақтары да бар. Тіпті кейбіреулер үшін TikTok бұл

- өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік беретін жер.Бұл өзін табуға және шығармашылық жағынан дамуға жақсы әсер етеді.

TikTok - тек көңіл көтеру үшін емес, ол жастар психологиясына тікелей әсер ететін үлкен әлеуметтік орта.Оның оң және теріс жақтары да бар.Ең бастысы - бұл платформаны саналы түрде дұрыс қолдану, уақытты шектеу және виртуалды образды шынайы өмірмен шатастырмау.Жастар TikTok-ты дұрыс пайдалана алса, ол олардың шығармашылық қабілетін дамытып, жаңа мүмкіндіктер ашуы мүмкін.Ал бақылаусыз қолдану психологиялық қысым мен тәуелділікке алып келуі мүмкін.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Оқушы

Тарихы тұғырлы Отырар

3-сынып оқушысының ғылыми мақаласында Отырардың Ұлы Жібек жолындағы орны, археологиялық мұрасы, қала мәдениеті және тарихи тағдыры қарастырылады.

Bilimger Media 49 оқылым 6 мин
Оқушы

Студенттердің жұмыс пен оқуды қатар алып жүруі

Студенттердің жұмыс пен оқуды қатар алып жүруі: қажеттілік пе, әлде таңдау ма? Қазіргі таңда көптеген студенттер білім алумен қатар жұмыс істеуді таңдайды. Бірі қаржылық тәуелсіздікке ұмтылса, енді бірі болашақ мамандығы…

Жұбат Жамила Саматқызы 70 оқылым 1 мин
Оқушы

Қазіргі қоғамдағы қыз тағдыры

Қазіргі қоғамдағы қыз тағдыры: мүмкіндік пен жауапкершілік Қыз бала – отбасының ғана емес, ұлттың да болашағы. Қазақ халқында «Қыз – қонақ», «Қыздың жолы – жіңішке» деген нақыл сөздер бекер айтылмаған. Бұл – қыз баланы…

Жұбат Жамила Саматқызы 65 оқылым 2 мин