Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

1 мин оқу 38 оқылым

Шәкрат Мерей

7 маусымда Ғылым және жоғары білім министрлігінің қызметкерлері Ұлттық бірыңғай тестілеудің аралық нәтижелері туралы деректер ұсынды.
Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 114 мың рет тест тапсырылды . Оның ішінде талапкерлердің 74%-ы қазақ тілінде, 26%-ы орыс тілінде, 110 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.
ҰБТ басталғалы шекті балды 75% талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 68 балды құрайды. Ең жоғары балл – 138, оны Түркістан облысының талапкері жинады.
Айта кетерлік жәйт, тестілеу аяқталғаннан кейін әрбір талапкер қандай тақырыптар бойынша қателіктер жібергенін көріп, тақырыптық талдау алады. Үш аптаның қорытындысы бойынша «Оқу сауаттылығы» пәнін ең жақсы тапсырды. Орташа есеппен, сұрақтардың 75%-ына дұрыс жауап берілген. Ал «Физиканы» тапсырған талапкерлер тек 36% тапсырманы дұрыс орындаған, олар үшін «Механикалық толқындар» тақырыбы қиын болды. Осылайша оқушылар тестілеуден кейін өз жұмысына анализ жүргізе алады.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға үш аптаның ішінде 387 талапкер қатысты.
Бүгінгі таңда 207 ереже бұзушылық анықталды. Оның ішінде 152 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 50 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Бейнежазбаларды тексергеннен соң ереже бұзған 5 адамның нәтижесі жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ.
2024 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады, деп хабарлады министрліктің баспа сөз қызметкерлері.

Авторы
Шәкрат Мерей

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

ҰБТ

ҰБТ 2027 қашан болады: пәндер, грантқа түсу балдары, сұрақтар жинағы мен пробный тест

ҰБТ 2027 қашан өтеді, қандай пәндерден тест болады, грантқа түсу үшін қанша балл керек? Шекті балдар кестесі, пәндер комбинациясы, сұрақтар жинағы, пробный тест пен жауаптар туралы толық нұсқаулық.

Bilimger Media 8 мин 37 оқылым
ҰБТ

ҰБТ пробный тест 2027: онлайн тест тапсыру және жоғары балл жинауға дайындық

ҰБТ-ға дайындалып жүрген оқушылардың көпшілігін бір сұрақ мазалайды: «Қазір тест тапсырсам, қанша балл жинаймын?». Біреулер 100 балдан асуды мақсат етеді, енді біреулер 120–130 балл жинап, грантқа түсу мүмкіндігін…

Bilimger Media 9 мин 39 оқылым
ҰБТ

ҰБТ пробный тест 2027 – тегін онлайн сынақ

ҰБТ пробный тест 2027: тегін онлайн сынақ тапсыру ҰБТ пробный тест 2027 — негізгі емтиханға дейін біліміңізді тексеріп, әлсіз тақырыптарыңызды анықтаудың тиімді тәсілі. Онлайн сынақ тесті арқылы сұрақтарға жауап беру…

Bilimger Media 9 мин 270 оқылым