Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

3 мин оқу 4 384 оқылым

Баймуратова Акбопе Жунисовна

Технологиялық процесті жүргізу үшін басқару объектісіне әсер ететін тиімді ықпалды басқару дейді. Жалпы технологиялық процестер орындалатын барлық өндіріс жабдықтары басқару объектілеріне жатады. Алайда технологиялық процестің өзіде басқару объектісі бола алады. Әр объектіде физикалық шаманың берілген мәнін тұрақтандырып, немесе оны берілген бағытта өзгертіп отыратын басқарғыш құрылғысы болады. Басқарғыш органы арқылы объектіге белгіленген қызмет алгоритімін орындауға мүмкіндік беретін арнайы әсерлер беріліп отырады. Технологиялық процесті берілген қызмет алгоритмі бойынша өткізу мақсатына объектіге сырттан берілген арнайы нұсқаулар (ережелер) жиынтығын  басқару алгоритмі дейді. Басқару объектісіне басқару алгоритміне сәйкес әсер ететін кез келген техникалық құрылғы автоматты басқару құрылғысы делінеді. Бір-бірімен байланысты және басқару алгоритміне сәйкес өзара әрекеттесе жұмыс жасайтын автоматты басқару объектісінің жиынтығы автоматты басқару жүйесі деп аталады.

Өндірістік техникалық бұйымдарының дамуының әрбір кезеңі технологияның дамуының анықталған деңгейімен сипатталады. Өз кезегінде технологияның дамуының  әрбір кезеңі басқару жүйесімен іске асатын сәйкес технологиялық және өндірістік процестерді автоматтандыруының лайықты деңгейін анықтайды. Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері (ТПБАЖ) өнеркәсіптік  кәсіпорындарды басқарудың жалпы жүйесінің компоненті ретінде ақиқат ақпаратты және оперативті басқарудың жоғары немесе іргелес тұрған жүйелерін қамтамасыздандыратын және технологиялық процестерді мақсатты енгізуге бағытталған. Негізгі және көмекші өндірістік объектілер үшін құрылған мұндай жүйелер процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелердің төменгі деңгейін көрсетеді.

Жалпы жағдайда, технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі технологиялық объектілерге әсер етуші басқаруды іске асыру және қабылданған критерийлерге сәйкес технологиялық объектілерді басқару үшін қажетті ақпаратты өңдеу және автоматты жинауды қамтамасыз ететін тұйықталған адамдық-машиналық жүйені анықтайды.

Өндірістік процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің (ӨПБАЖ) басқару критерийлері – бұл қолданыстағы басқару әсеріне байланысты нақты сандық мән қабылдайтын және басқарудың технологиялық нысанының функционалдық сапасын сипаттайтын қатынас.

Басқару критерийлері болуы мүмкін:

  • техникалық-эконоикалық көрсеткіш (өзіндік құн, басқарудың технологиялық объектілері өндірімділігі және т.б.)
  • техникалық көрсеткіш (процесс параметрі, шығатын өнімнің сипаттамасы.

Басқарудың технологиялық нысаны – технологиялық жабдықтардың  және технологиялық процестердің жиынтығы. Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелерінің деңгейлеріне байланысты, технологиялық агргаттар мен қондырғылар, станоктың топтары, дербес технологиялық үдерісті жеке өндірістер басқарудың технологиялық нысандары бола алады.

Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері функциялары – басқарудың жеке мақсаттарына жетуге бағытталған оқтаулы жүйенің әрекеттерінің ауқымы.

Технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелері функциялары бөлінеді:

  • басқарушылық – атқаратын қызметтерінің, әрекеттерінің нәтижесі өндірім болатын және басқарудың технологиялық нысанына әсер етуін басқарма іске асыратын технологиялық нысанына әсер етуін басқарма іске асыратын функция жүйелері (жеке технологиялық өзгерістерді реттеу, ақпараттарды және операцияларды біртактілі логикалық басқару, құрылғылар тобын логикалық бағдарламалық басқару, жалры нысанды адаптивті басқару);
  • ақпараттық – мазмұны өңдеу, жинау болып табылатын және оперативті персоналға ақпаратын жеткізіп отыратын немесе бұл ақпаратты келесі өңдеуге жіберетін функциялар жүйесі (орталықтандырылған қадағалау және технологиялық параметрлерді өлшеу, процесс параметрін өлшеу, оперативті персоналға мәліметтерді жеткізу, басқару жүйелеріне ақпарат беру);
  • қосалқы-жүйе ішілік шешімдерді қамтамасыз ететін функциялар (техникалық және бағдарламалық құралдар күйін қадағалау). Олардың жүйеден тыс тұтынушылары болады.

Нақты технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйелеріне жету үшін бұларда анықталған тізбектелген операцияларды және есептеу операцияларын орындау керек.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Бекбаев А.Б. Автоматика және өндірістік процестерді автоматтандыру: Алматы: Білім, 1995.-288 б.
  2. Ахметова С.С. Өнеркәсіптегі және білімдегі жаңа компьютерлік технологиялар. Қарағанды: РББ «Болашақ – Баспа», 2015-131б.
  3. Коновалов Л.И., Петелин Д.П. Элементы и системы автоматики.-М.: Высшая школа, 1985-216 с.
  4. Румянцева Е.Л., Слсарь В.В. информационные технологии: учб.посоие. – М.: ИД «Форум»: ИНФРА-М, 2007.-256с.
  5. Бородин И.Ф., Судник Ф.А. Автоматизация технологических процессов. – М.: КолосС, 2004.-344 с.
  6. Конюх В.Л. Компьютерная автоматизация в промышленности. – М.:Бестселлер, 2005.-250с.
Авторы
Баймуратова Акбопе Жунисовна

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Ғылыми жоба

ТАРИХТАҒЫ ӘЙЕЛДЕР КҮШІ (Жамбыл облысы мысалында)

Жоба Жамбыл облысындағы әйелдердің мәдениет, әдебиет және ауыл шаруашылығы салаларына қосқан үлесін қарастырады. Күләш Ахметова мен Қызылжұлдыз ауылының еңбек озаттары туралы мәлімет береді.

Биқара Ерқара 6 мин 117 оқылым
Ғылыми жоба

Әлемдік РЭТ-тің ақуалы

Мақалада әлемдік радиоэлектрондық техниканың қазіргі ахуалы, саланың ғылыми-өндірістік әлеуеті және радиотехникалық жүйелердің күнделікті өмір мен техникадағы қолданылуы қарастырылады.

Құмырхан Мәрмәр 9 мин 34 оқылым
Ғылыми жоба

Дипломдық жобаны жазу ережелері

Мақалада дипломдық жобаның мәні, тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар және жобалық тәсілдерді қолдану ерекшеліктері түсіндіріледі.

Құрманғали Диана 4 мин 65 оқылым