Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Тәрбие - тал бесік

Лукманова Нурай
2 мин оқу 59 оқылым

"Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері санасып келе жатқан тақтақ жол" 

М.Жұмабаев

Халқымыздың сан ғасырдан ұстанған өмір, тіршіліктерінің ерекшеліктерінен туындап, ұлттық тәлім-тәрбиеге толы салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары өте мол.  Олардың көбі қазіргі педагогика, этика, психология сияқты ғылымдармен ұштасып, осы күнгі ғылым деңгейіне топтасып, түсіндіріліп жатыр.

Тәлім-тәрбие ең алдымен, туған үйден бастау алады.  Бала кішкентай кезінде көп нәрсені тез қабылдағыш, зейінді келеді. Міне, осы кезде ата-ана баласының қасында болып, оған бағыт-бағдар беріп, бірге өсуі керек.  Қазіргі таңда көп балалардың ата-аналары жұмыста, өздері бала-бақшада болады.  Яғни бұл баланың ақпаратты сыртқы ортадан қабылдап, үйренуі.  Ал осы кезде бала тәрбиені үйден емес , бала-бақшадағы тәрбиешілерден алады.  Меніңше, бұл дұрыс емес.  Бала үйден тәрбие алып, ата-анамен бірге өсіп, бойындағы құнды қасиеттерін қалыптастыруы керек.

Қазіргі таңда көп адамдар заман ағымына еріп , басқаларға еліктеп, өз елдерінің салт-сана, ұлттық құндылықтарын ұмытуда.  Осының бәрі ұлттық тәрбиенің жойылуына әкеп соқтыруы мүмкін. Мысалы менің ата-анам маған ылғи да ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрлерді ұғындырып отырды.  Бойымдағы еліме деген сүйіспеншілік осыдан деп ойлаймын.

"Өзіңді өзің сыйласаң, жат жанынан түңіледі"- демекші, біз өз ұлтымызды құрметтесек, бірлікте болсақ, басқалар бізге қызыға қарайды.  Менің айтқым келгені, үңіліп қарасақ, біздің ұлттық құндылығымыз болсын, салтымыз болсын, тәрбиеміз болсын өте ерекше. Бірақ соған мән беріп, көңіл бөлмейміз.  Тәлім-тәрбие бізге өмір бойы керек. Адамдармен амандасу, сөйлесу, көпшілік ортада жүру, жүріс-тұрыс, ақыл-парасаттың барлығы да адамның тәрбиесін танытып, көрсетіп тұрады.  Осы іс-әрекеттердің жақсы жағынан көрініс табуы адамның тәрбиесінің жақсы екенін, өскен ортасының деңгейін көрсетіп тұрады.  Осы деңгейлерді сақтап, бойына сіңіре білген адам қалай да көпшілік арасында зор қошеметке ие болары сөзсіз!

Тәрбиенің адам өміріндегі маңызы зор.  Жақсы тәрбие көріп өскен адам ұрпағына да дәл осылай, одан да көп, мол қазыналы мұра- тәрбиені қалдырады. Сол себептен, "Тәрбие-тал бесіктен"- дейді дана халық!

Соңғы жаңарту: 24 қараша 2025, 23:08

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Лукманова Нурай

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Эссе

Экологиялық тәрбиенің мектепке дейінгі білім беру жүйесінде: балаларда қоршаған ортаға қамқорлық сезімін қалыптастыру

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Баспақкөл ауылы №21"Аққайың "бөбекжай-бақшасы Бүгінгі қоғамда табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін ерте жастан қалыптастыру ерекше маңызға ие, себебі экологиялық мәселелер адамзаттың…

Бейсенова Салтанат Аусатовна 2 мин 115 оқылым
Эссе

Эссе жазу үлгісі

Эссе — ойды қысқа, бірақ дәл жеткізетін жазба жұмыс. «Эссе жазу үлгісі» дегенде көп адам дайын мәтінді іздейді. Бірақ ең дұрыс жол — үлгіні құрылым ретінде түсіну: кіріспе → негізгі бөлім → қорытынды. Сонда кез келген…

Bilimger Media 4 мин 904 оқылым