Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Тәлім-тәрбие – бақтан бағалы

Алмаханова Айдана
1 мин оқу 87 оқылым

Сан жылдар өтсе де ата-бабаның қалдырған өсиет хаты, хақімдердің өнеге сөзі ұрпақ жадынан өшкен емес. Керісінше, тар жол тайғақ кешуде тұсбағар болып, жол сілтеген де сол. Түптеп келгенде олардың барлығы – тәрбие. Ой жетпеген қиын сәттерде тәрбие көрген ғана жол тауып отырады. Олай дейтін себеп, тәлім алған, тәрбие көрген адам қай бағытты ұстанарын, кімге ерерін, кімге сенерін адаспай тапса керек.

Бақ дегеніміз не?! Құс делік... Ақымаққа да, ақылдыға да, байға да, жарлыға да бөліп-жармай қонатын құс. Ал тәлім-тәрбие ше?! Оның бағасы қандай? Қадірін ұқпағанға дарымайтын, бойыңа сінбесе әсер етпейтін – дәрі. Сол дәрімен өскендер тура жолдан тайғанамай, өмірдегі өз орнын бұлжытпай табады. Қауіптің бәрі бұл дәріні ішпегендерде. Жемқорлық болсын, нашақорлық болсын, қай-қай қорлық та тәрбиенің жоқтығынан, тәлімнің аздығынан болып жатыр. Тал бесіктен тәрбиеге жарымасақ, ес біле тәліммен сусындамасақ, өсиет сөз естімесек, есті әңгіме тыңдамасақ ел болып еңсе көтеру қиын іс. Елді ел қылатын халқы. Халық тәлім-тәрбиені басқасынан алдыңғы орынға қойып, ұрпақ тәрбиелеуде ерекше назар қойса келешек гүлдене түсер. Әке мейіріне қанып, ана сүтінен нәр алған ұрпақ жүзінен тәрбиенің, өнегенің, сыйластықтың ізі тұрса ғанибет емес пе?! Технократ болсын, әдебиетші болсын, оған керегі – тәрбие. "Адамның бір қызығы – бала деген" дейді Абай. Баланы жасынан жамандықтан алшақтатып, жақсылыққа баулу, ессіздіктен тыйып, тәрбиелеу – әр ата-ананың міндеті.

Соңғы жаңарту: 24 қараша 2025, 23:09

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Алмаханова Айдана

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

Тәлім-тәрбие – бақтан бағалы

Мақалада тәлім-тәрбиенің адам өмірі мен қоғам үшін маңызы, ата-ананың бала тәрбиесіндегі міндеті және ұрпаққа өнеге берудің құндылығы сөз болады.

Алмаханова Айдана 1 мин 113 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Эссе

Экологиялық тәрбиенің мектепке дейінгі білім беру жүйесінде: балаларда қоршаған ортаға қамқорлық сезімін қалыптастыру

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Баспақкөл ауылы №21"Аққайың "бөбекжай-бақшасы Бүгінгі қоғамда табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін ерте жастан қалыптастыру ерекше маңызға ие, себебі экологиялық мәселелер адамзаттың…

Бейсенова Салтанат Аусатовна 2 мин 115 оқылым
Эссе

Эссе жазу үлгісі

Эссе — ойды қысқа, бірақ дәл жеткізетін жазба жұмыс. «Эссе жазу үлгісі» дегенде көп адам дайын мәтінді іздейді. Бірақ ең дұрыс жол — үлгіні құрылым ретінде түсіну: кіріспе → негізгі бөлім → қорытынды. Сонда кез келген…

Bilimger Media 4 мин 911 оқылым