Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту

Муханова Айзада
3 мин оқу 836 оқылым

Муханова Айзада

Сыни тұрғыдaн ойлaу - Қaзaқстaндaғы білім беруді дaмыту үшін мaңызды болып тaбылaтын қaзіргі ең бaсты педaгогикaлық түсінік. Себебі бұл модуль оқушылaрдың дa, мұғaлімдердің де сыни тұрғыдaн ойлaуды дaмытуды сaнaлы және оймен қaбылдaуды көздейді.

«Сыни тұрғыдaн ойлaуға үйрету» модулі бaқылaудың, тәжірибенің, ойлaу мен тaлқылaудың  нәтижесінде aлынғaн aқпaрaтты ойлaуғa, бaғaлaуғa, тaлдaуғa және синтездеуге бaғыттaлaды (МАН, 49-бет). Aтaлғaн модульге негізделген әдістер бaрлық тізбектелген сaбaқтaр топтaмaсының  өн бойындa толығымен дерлік көрініс тaуып жaтты. Aтaп айтқанда, «Қазақ хандығы» бөліміндегі «Қасым хан» тақырыбын өткен алғашқы сабағымда ханның саясатын қарастырып,  мазмұнымен танысып, меңгерту үшін негізгі бөлімде «Ментальдық карта»  әдісін қолдандым.

Оқушыларға  PowerPoint бағдарламасында жасалған Қасым хан туралы қысқаша мәлімет бере отырып,

-Қасым хан қай жылдары билік етті?

- Хан тағына қалай келді?

-Қасым хан кімнің баласы?

-Қасым ханның заңы қалай аталды?

Ханның құрамында қанша әскер болды?  деген сұрақтар арқылы ментальдық карта құруды тапсырдым.   Сонымен қатар, мағынаны тану үшін жүргізілген  «Ментальді қартамен» жұмыс барысында «Қалай ойлайсыздар, Қасым хан кім?» деген сұрақ төңірегінде құнды пікірлер айта білді.

Әр топтың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын тапқызу арқылы, өз жұмыстарын толықтырып отырды. Негізгі бөлімде оқушылар тақырып бойынша берілген мәліметтердің ұқсас жақтары мен айырмашылықтарын дәл анықтап көрсете үшін, «Сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің» «Венн диаграммасы»әдісін  қолдандым.

Бұл тәсіл оқушылардың еркін ойлап, өз ойларын ашық, дәлелдер келтіру арқылы жеткізуіне септігін тигізді.

АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың қабылдауларын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде көмектесетін маңызды құрал болып отыр.

Мұғалім өзі сабақ беретін пәнді ғана емес, оқыту технологияларын қолдану арқылы осы пәнді жетілдіру тәсілдерін де білуі керек. Жекелеген пәндерді оқытуға білім  технологияларын ықпалдастыру мұғалімнің қарқынды дамуына, оқудың барлық технологиялық, педагогикалық және мазмұндық білім аспектілерін өзара байланыста белсенді қолдануына дайын болуын қажет ететіндігін және бұл оқу мен оқыту үдерістерін білікті түсіну көрсеткіші екендігін атап көрсеткен жөн (Нұсқаулық 65-бет). Бұл әдістерді қолдану арқылы тақырыптың  мазмұнына, ондағы кейіпкерлерге талдаулар жасады. (2- сабақтың бейнежазбасы).

Сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға байланысты «Әдебиет үйірмесі» әдісін қолдандым. Бұл тапсырма тақырыптағы негізгі тұлғалар мен сөздер туралы оқушылар толық мәлімет алу үшін орындатылды. Әр топ өздері сөзтапқыш, суретші, баяндамашы деп бөлініп,  деректерді пайдалана отырып, тапсырманы жоғары деңгейде орындауға әрекет жасады.  Бұл тапсырма оқушылардың өздігінен жаңа тақырыпты өздері қаншалықты меңгерге алатынын тексеру мақсатында жүргізілді. Тапсырманы орындау барысында көбіне үлгерімі төмен және орташа оқушылардың жаңа сөздерді тануға деген сұранысын қанағаттандыруға ,бағыт-бағдар беру арқылы толықтырдым. «Сыни тұрғыдан ойлаудың» бұл стратегиясы «Рефлексияны» орындау барысында оқушылардың сабаққа қалай кері байланыс   жасап жатқанын бақыладым.

«Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» модулінің жоғарыда аталған әдістері көрініс тауып жатты. Бұл әдістерді қолдану оқушылардың сыни көзқарастарын қалыптастыруға септігін тигізді деп айтуға болады. Оқушылар алғашқы сабақта тосылып, жауап беруге қиналып жатса, кейінгі сабақтарда өз ойларын ашық айта бастады. Ойларын ашық айтқанмен, сөздерді жүйелеп байланыстыруда қиындықтар туындады. «Көш жүре түзеледі» демекші, бұл кемшіліктер уақыт өте келе түзеледі деп ойлаймын. Оқушылардың сөз саптауларын дамыту үшін  шығармашылық жұмыстарын көбірек жүргізу керек деген пікірдемін. Аталған модульдің әдістерін қолданудың тағы бір тиімділігі - оқушылардың түсіну дәрежесін бағалау кезінде қолайлы тәсіл. Оқушылардың ой еркіндігі мен сөз еркіндігі топтық, жұптық жұмыс барысында айқын аңғарылды.

Осы модуль аясында оқушылар өздеріне сыни көзбен қарай отырып, өзін-өзі бағалау парақтарын толтырды. Жүргізілген рефлексия жұмыстарында «Оқушы үні» естіле бастады. Келешекте жоғарыда аталған модульдің әдістерін барлық сабақтар топтамамда қолданып, атап айтқанда Вольф пен Александердің (2008) Оқушыларды дәйектеу мен талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда ғана олардың оқуы тиімдірек және зияткерлік жетістіктері жоғары болатынына сенімім мол. Келешекте аталған модульдің әдістерін сабақтарымда көбірек қолданатын болсам, оқушылардың оқу үдерісіне қызығушылықтары артатыны сөзсіз.

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық, 3 –басылым, «Назарбаева Зияткерлік   мектебі» ДББҰ, 2012

2. www.cpm.kz. Білім беру порталы дереккөздері.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Муханова Айзада

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Баяндамалар

Оқушылардың жас ерекшерліктеріне сәйкес оқыту және оқу

"Танымдылық даму-баланың оқу және проблемаларды шешу қабілеті.Дәлірек айтқанда,танымдық шығармашылық зияткерлік қабілеттер ойлау үрдістерінің сипаты және жасына қарай олардың өзгеру ықтималдылығы туралы маңызды…

Муханова Айзада 2 мин 744 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Баяндамалар

Отбасы

Баяндамада отбасы мүшелерінің бірлігі мен өзара қолдауы, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және отбасының өмірдегі орны сөз болады.

Қалиасқар Елдина 1 мин 43 оқылым
Баяндамалар

Дос

Баяндамада достың жанашырлығы мен адам өміріндегі орны айтылады. Мәтін достықты бағалап, айналаға жақсылық жасауға шақырады.

Қалиасқар Елдина 1 мин 43 оқылым
Баяндамалар

Доклад на тему:«Современный урок русского языка и литературы»

Мы с вами знаем, что в данное время главная наша задача - мотивировать обучающихся на проявление инициативы и самостоятельности. Учитель должен организовать самостоятельную деятельность учащихся, в которой каждый мог…

Абишева Акмарал Пердебаевна 14 мин 61 оқылым
Баяндамалар

"Ұлттық құндылықтар"

Баяндамада ауыл шаруашылығы, мәдениет пен дәстүрлер, отбасы және тұрғындардың өзара көмегі сөз болады.

11"Б" сынып оқушылары 1 мин 42 оқылым