Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Сүт өнімдері

Ерлан
3 мин оқу 47 оқылым

Тақырыбы:Сүт өнімдері.

Мақсаты:сүттен жасалатын өнімдер туралы түсініктерін кеңейту. Зерттеу жүргізудің қарапайым дағдыларын меңгерте отырып, айраннан биос, йогурт жасуға үйрету. Ересектердің еңбегіне қызығушылығын дамыту.

Көрнекіліктер: сут өнімдерінен алынатын өнімдерге байланысты слайдтар немесе мазмұнды суреттер.

Қажетті құрал- жабдықтар: сүт, айран, қатық, тосап, қою шырын, қасық (бала санына жететіндей) ыдыстар.

Алдын ала жұмыс: азық-түлік сататын дүкенге саяхат ұйымдастыру.

Әдіс- тәсілдері: көрнекілік, сөздік, ойын, практикалық.

Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңберіне тұрғызып бір-біріне жылы лебіздерін білдіру. Балалар шеңберге тұрып бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді
Ұйымдастырушылық ізденушілік Балалар, кеше біз саяхатқа қай жерге бардық? Онда сүт тағамдары қайда сақталады?

-Олай болса экранға назар аударыңдар. Педагог балаларға сүт тағамдарының дайындалу жолы туралы бейнеролик (немесе слайд) көрсетеді.

Бейнеролик көрген кейін балардан көрнегендері туралы сұрайды.

-Балалар, сүттен йогурт, қаймақ,т.б. өнімдерді алу үшін бізге не керек екен?

-Дұрыс айтасындар. Сүттен басқа өнімдерді алу үшін бізге арнайы станоктар керек екен.

Сол сияқты үй жағдайында да сүттен айран, қатақ,ірімшік, құсаұға болады екен. Қолдан жасаған айран, қатық, қаймақ, ірімшік, құрт,биос, йогурт тіпті дәмді болады. Ал бүгінше айраннан биос пен йогурт жасуды үйренеміз. Сонда сендер биос пен йогуртты дүкеннен сатып алмай-ақ, үйде өздерің жасап ала алысыңдар.

-Кәне, айранның дәмін татып көріңдерші,

Дәмі қандай?

-Тәтті болу үшін не істеуге болады?

-Ал тұщы болу үшін ше?

-Қалай ойласыңдар йогурт, биос жаау үшін айранға не қосуға болады? (жауап бере алмаса, педагог өзі айтады).

-Енді йогурт пен биостың дәмін татып көрейікші, ненің дәмі шығады?

Дұрыс айтасыңдар, әртүрлі жемістердің дәмі шығады екен. Сол себепті йогурт пен биосты дәміне байланысты бөлуге болады. Мысалы, құлпынай, шабдалы, алмұрт қосылған йогурттар деп бөлуге болады.

Зауыттарда йогуртқа бөлек, биоқа бөлек өзіндік ерекшелігі бар қосымша дәмдеуіштер қосады. Ал біз дәмдеуіш қоспай жасаймыз.

Биосқа үккіштен өткізіліп қайнатылып жасалған жемістер шырынын, ал йогуртқа

тосапты қосамыз (жұмысты бастамас бұрын алжапқыш пен қалпақ кию керектігін естеріне салады және бір балаға екі ыдысқа айран құйып береді).

Педагог балаларға жұмыстарын аяқтағаннан кейін дәмін татып көруді ұсынады.

-Сендер дайындаған йогурт пен биостың айырмашылығы бар ма?

-Тағы да қандай айырмашылығын байқауға болады?

-Дүкенге бардық. Сүт тағамдарының тоңазытқышта сақталатынын айтады.

-Келеді.

Балалар бейнероликті мұқият көріп, педагогтің қойған қосымша сұрақтарына жауап беруге тырысады.

-Техника, станок, машина керек.

Балалар педагогтің айтқанын тыңдайды.

Балалар биос, йогурт жасайтындықтарын естігенде қуанады.

-Қышқыл (әр бала өзіне жеке берілген ыдыстағы айранның дәмін көреді).

-Қант қосу керек.

-Тұз қосамыз.

Балалар жауап беруге тырысады.

-Қант, тосап, бал қосамыз.

-Өрік, алма, шиенің дәмі шығады деп әр бала өзі дәмін татып көрген биос пен йогуртты айтады.

Балалар алжапқыш пен қалпақтарын киеді.

Өздері таңдап алған тосапты бір ыдыстағы айранға, үккіштен өткізіліп қайнатылған қою шырынды екінші

ыдыстағы айранға қосып араластырады.

Биос пен йогуртты салыстырып, бақылайды. Олардың түсінің өзгендігіне назар аудырып, айырмашылығын айтады.

Йогурт биосқа қарағанда қою.

Рефлексиялық -түзетушілік Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін сұрайды. Балалар жиыннан алған әсерлерін айтады.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: сүттен жасалатын өнімдер (айран, қатық, құрт, ірімшік, май), туралы; айраннан биос, йогурт жасауға болатыдығын.

Білу керек: сүттен айран, қатық, құрт, ірімшік, май, жасалатындығын; айраннан биос, йогурт жасауға болатындығын.

Білді: айраннан биос пен йогурт жасауды; айранның түсінің, құрамының, дәмінің өзгеретінін зерттеу жасау арқылы

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Ерлан

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Қазақстан тарихы

Теориии о происхождении человека — ваше мнение?

Мақалада адамның шығу тегі туралы үш көзқарас — жаратылыс, эволюция және өзге өркениеттер ықпалы — олардың дәлелдері мен қарсы уәждері арқылы талқыланады.

Ерлан 2 мин 367 оқылым
Қазақстан тарихы

ОБЪЕКТИВНОСТЬ ПОЯВЛЕНИЯ ТРУДОВ Н. НАЗАРБАЕВА КАК ИСТОРИЧЕСКИХ ИСТОЧНИКОВ

Ғылыми мақалада Н. Назарбаев еңбектерінің тарихи дерек ретіндегі маңызы және Қазақстанның өткенін, бүгінін, болашақ даму жолдарын танытудағы орны қарастырылады.

Ерлан 3 мин 407 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Колледж

Жаппай музыкалық тәрбие жүйесіндегі қазақтың аспапты музыкасы

Ғылыми мақалада қазақтың аспаптық музыкасы мен күй өнерінің музыкалық тәрбие жүйесіндегі орны, тәрбиелік және мәдени әлеуеті, оқытудағы заманауи әдістері қарастырылады.

Bilimger Media 4 мин 58 оқылым
Колледж

Бастауыш мектеп оқушыларының музыкалық шығармашылығын дамыту жолдары

Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК Педагогика және психология кафедрасы КІРІСПЕ Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің…

Жанибек Акерке 40 мин 97 оқылым
Колледж

Музыка мұғалімінің әдіс-тәсілдік шеберлігі

Ғылыми мақалада музыка мұғалімінің кәсіби-әдістемелік шеберлігі, инновациялық технологияларды қолдану және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелері қарастырылады.

Bilimger Media 4 мин 119 оқылым
Колледж

WorldSkills – кәсіби білім сапасын арттыру құралы

"Кентау колледжі" ЖШС Аннотация. Қазіргі заманғы еңбек нарығы жоғары білікті мамандарды талап етеді, осыған байланысты кәсіби білім беру сапасын арттыру өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Бүгінде кәсіптік білім…

Сарсенова Ляззат Сарыбаевна 5 мин 73 оқылым