Мазмұнға өту

Шауполатов Абдрахым

Ильсяов Б.Н 2 мин оқу 53 оқылым

"ШАУПОЛАТОВ АБДРАХЫМ"

▪︎ Шауполатов Абдрахым (25 қараша 1944, Тұрбат - 20 маусым 2016) - Қазығұрт ауданы волейболының негізін қалаушы, білікті ұстаз, ардагер спортшы.

ӨМІРБАЯНЫ 

▪︎ Шауполатов Абдрахым 1944 жылы 25 қарашада Түркістан обылы Қазығұрт ауданы Тұрбат елді мекенінде дүниеге келген.

▪︎ 1950 жылы "Қазанның ХХХ жылдығы" атындағы орта мектепте 1 сыныпқа барып, 1960 жылы мектеп оқушылары арасында аудан чемпионы атанды.

▪︎ 1961-1962 оқу жылында Тұрбаттағы ауыл шаруашылығын механикалардыру училищесіне оқуға түсіп, электрик, жүргізуші мамандығын игерген. Училище волейбол командасы құрамасында облыстық училищелер арасында өткізілген 1-спартакиадаға қатысып жеңімпаз атанды. 1963 жылы Совет Армиясы қатарына шақырылған. Армия сапында волейболмен шұғылданып Балтық әскери округінің чемпионы болған.

▪︎ Германияның Дрезден қаласында өткізілген достастық елдердің спартакиадасында өнер көрсетіп СССР спорт шеберлігіне кандидат нормативін орындаған. Армия сапынан оралғаннан соң жоғарыда аталған училищеге жұмысқа орналасты. 1967 жылдан бері аталған училищеде дене тәрбиесі мұғалімі болып 40 жыл жұмыс істеп зейнеткерлікке шықты.

▪︎ Осы аралықта Ташкент дене тәрбиесі институтын бітірді.

ЖЕТІСТІКТЕРІ 

▪︎ Шауполатов Абдрахым өзі тәрбиелеген шәкірттермен бірге 30 рет аудан, 4 рет облыс, 17 рет училище мұғалімдері арасында облыс чемпионы ататанған. 1968 жылы Қазақстан құрамасына алынып, Ригада өткен Одақ біріншілігінде өнер көрсеткен. Осы аралықта (1967-2000 жылдары) түрлі деңгейдегі бірнеше турнирлердің жеңімпазы және жүлдегері. Совет Одағының батыры Жолдас Сүлейменов , Социалистік Еңбек Ері Ермек Бөбеков, Социалистік Еңбек Ері Төле Ағабеков атындағы турнирлердің жеңімпазы және СССР-ға еңбегі сіңген жаттықтырушы Октябрь Жарылқапов турнирінің жүлдегері.

▪︎ Осы жылдар арасында Оңтүстік Қазақстан облысының "Қайрат" спорт қоғамының сапында 11 жыл өнер көрсетіп, Республика біріншілігінде бірнеше рет 2-3 орындарды иеленген. Өзі тәрбиелеген, яғни Өмірбек Ағабеков, Сәбит Шушбаев, Сапар Тәженов, Нұржан Омаров, Ділшат Гафуров, Ақжігіт Бекбердиев, Мұхит Бұғыбаев сынды шәкірттері облыс намысын қорғап, волейболдан Республикалық жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болған.

▪︎ Дене тәрбиесі пәнінің үздік мұғалімі.

▪︎ Жаттықтырушы ретінде де аудан, облыс чемпиондарын Республикалық жарыстардың жүлдегерлерін дайындаған жаттықтырушы ұстаз.

ОТБАСЫ 

▪︎ Шауполатов Абдрахым 10 ұл-қыз тәрбиелеген көпбалалы өнегелі әке. 40 немере, 30 шөберенің атасы. Ұлдары мен қыздары түрлі салаларда қызмен атқаруда.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Ильсяов Б.Н

Осы тақырыптағы материалдар

Спорт

Футзал ережелері мен тактикасы: ойынды түсінудің ең тиімді жолы

Футзал — жылдамдық, дәлдік және командалық үйлесім талап ететін қызықты спорт түрі. Көпшілік оны қарапайым шағын футбол деп қабылдайды, бірақ шын мәнінде футзалдың өзіне тән ережелері, тактикалық ерекшеліктері және…

Bilimger Media 40 оқылым 2 мин
Спорт

Жүгіру спортының пайдасы мен дұрыс техникасы: бастауышқа арналған толық нұсқаулық

Жүгіру — ең қолжетімді әрі тиімді спорт түрлерінің бірі. Оған арнайы жабдық та, күрделі алаң да қажет емес: тек ыңғайлы аяқ киім, дұрыс жоспар және тұрақтылық жеткілікті. Дұрыс орындалған жүгіру жүрек-қантамыр жүйесін…

Bilimger Media 49 оқылым 2 мин
Спорт

Жеңіл атлетика ережелері мен пайдасы: бастауыш спортшыларға арналған толық нұсқаулық

Жеңіл атлетика — адамның жылдамдығын, төзімділігін, күшін және үйлесімді қимылын дамытатын ең әмбебап спорт түрлерінің бірі. Бұл спортқа жүгіру, секіру, лақтыру және көпсайыс тәрізді бағыттар кіреді. Сол себепті ол…

Bilimger Media 63 оқылым 1 мин
Спорт

Триатлон спорты: төзімділік, жылдамдық және тактиканың құпиясы

Триатлон — бір жарыста жүзу, веложарыс және жүгіруді біріктіретін ең жан-жақты спорт түрлерінің бірі. Бұл спортты таңдаған адам тек күшті ғана емес, ақылды да болуы керек. Өйткені триатлонда қашықтықты еңсеру…

Bilimger Media 43 оқылым 1 мин