Мазмұнға өту

Ш.Мұртаза "Ай мен Айша"

Bilimger Media 3 мин оқу 983 оқылым

Сабақтың тақырыбы: «Ай мен Айша» романының көркемдік ерекшеліктері

Сабақтың мақсаты: жазушының сөз қолданысы мен көркемдік ерекшелігіне талдау жасау арқылы, оқушылардың дүниетанымын кеңейту, логикалық ойлауын қалыптастыру; тапқырлық, шешендік, ойшылдық, адамгершілік сияқты халқымыздың асыл қасиеттерін бойына сіңіру

   Сабақ  типі: білімді бекіту сабағы

   Сабақ түрі: дәстүрден тыс, сайыс сабақ

Сабақ әдісі: талдау, іздендіру, сұрақ-жауап, рөльде ойнау

   Шешілетін мәселе:

-         Жазушының халықтық сөйлеу тілден әдеби тіл жасау шеберлігін;

-         Қарапайымдылығын, шыншылдығын;

-         Адам характерін сомдау шеберлігін;

-         Шығарма композициясын құру ерекшелігін;

-         Әңгіменің тіл нәрін (портрет, суретттеу, баяндау);

-         Юмор, сатираның тиімді қолдана білуін дәлелдеу, сезіну;

   Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру

а) амандасу; оқушы назарын сабаққа аудару

ә) топқа бөлу; сабақ мақсатын айқындау

ІІ. Өткен материалды бекіту

І кезең. «Мықты болсаң, тауып көр»

А) Мақал-мәтел, нақыл, тыйым сөздердің қай оқиғаға байланысты айтылғанын тап.

1)  Енесі тепкен құлынның еті ауырмайды

2)    Шашты аяқ асты тастауға болмайды

3)    Мың сіз бізден – бір шыж-быж

4)    Бай баласы - байға ұқсайды,

Байланбаған тайға ұқсайды

5)    Адам басы – Алланың добы

6)    Еңбек етпей тапқан мал бойға сіңбес

7)    Нысап – тойым, нәпсі – тойымсыз

8)    Түсі игіден түңілме

9)    Жетімнің басынан сипаған қол

Жер астында да шірімейді

10)      Мылқаудың астына түспе

1)    Бауырын қараусыз қалдырып, Айшадан таяқ жегенде;

2)    Айшаның шешектен шетінеген 3 баласы жайлы әңгімесінде;

3)    Аштықтан бұратылып ұйықтай алмай жатқанда;

4)    Дала алай-түлей.Шырпы әкелуге жұмсағанда;

5)    Өзге ұлт өкілдерін Қазақстанға жер аударғанда;

6)    Молотов мектебіне бір сыныпты оқыдым деп сыныбын қосып айтқанда;

7)    Алғаш рет ақша тауып, Айшаны қуантқанда;

8)    Мектепке ұстаз Қаратаев келгенде;

9)    Нағашыларының ауылына көшіп барғанда;

10)      Дүйінбайды қорлық көргенде;

Ә) Портреттердің кімдікі екендігін тап.

1) Өңірінде өңірінде қара ши  барқытпен тысталған көмкерілген жосалы сары тон, басында дәл сондай теріден тігілген телпек. Оның жиегі қара қозының елтірісі; соқалы сарыдан қызғылттау. (Мұртаза)

2) Сталин фурашкелі, галифе шалбар, сары гимнастерка, белдік, иығында қайыс сөмке, шикілсары, орыстан аумайды, даусы жіңішке, бірақ удай. (Финагент)

3) Айша шамалас, бәлкім одан да жас па екен, бірақ самай шашы ағарған, екі езуінен жоғары қарай терең сызық түскен, шап-шақ қана кісі екен. (Үбәйда)

4) Қоладан құйғандай шомбал денелі, түр-түсі тотыққан, дидары мейлінше пейілді, көзқарасы ибалы, жұмсақ. (Мұхаметжан Қаратаев)

ІІ. «Кейіпкер болып, ойнап көр» (жазушының адам характерін сомдау шеберлігі)

Шарты: Қалаулары бойынша ұнаған кейіпкер, нанымды кейіпкер, шебер жасалған кейіпкер рөлінде ойнау, жеке де топпен де

ІІІ. «Ойлы болсаң, озып көр»

Шарты: Екі топ романның композициялық құрылысына байланысты сұрақтар әзірлейді, бір-біріне қояды.

ІV. «Жүйрік болсаң, шауып көр»

Шарты: Эпитет, тұрақты тіркес, метафора, кейіптеу т.б. бейнелі  сөздерді тез әрі көп жинау.

V. «Шешен болсаң, сөйлеп көр»

Шарты: Шығармадағы Ай, көк бөрі, жылан, тау, қырғи символдық бейнелерін негізге ала отырып, өз шешендіктерін көрсету.

Қорытындылау

Бағалау

Үйге тапсырма: Қалаған тақырыптардың біріне ойтолғау жазу, тақырабын өзі ойластыруына болады.

«Қайран біздің аналар», «Шерхан – шебер  суреткер»,

«Көк бөрінің тұқымы», «Рухты елдің белін ешкім сындыра алмайды»

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Сабақ жоспарлары

Білдектің түрлері

Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі (білім беру ұйымының атауы) БЕКІТЕМІН: __________ Оңдасынова.Д. Оқу сабағының жоспары Сабақтың тақырыбы: Білдектердің түрлері Модуль /пән атауы: Токарлық өңдеу…

Мадина 38 оқылым 7 мин
Сабақ жоспарлары

План урока "Модуль числа"

Раздел ФИО педагога Абдраханова Роза Керимхановна Дата 09.10.2023 год Класс :6 «Ж» Количество присутствующих: 23 отсутствующих:1 Тема урока Модуль числа Цели обучения, которые достигаются на данном уроке (ссылка на…

Абдраханова Роза Керимхановна 25 оқылым 6 мин
Сабақ жоспарлары

Сказки о художниках

Узденова Гульмира Салыховна Раздел V. ЖИЗНЬ И ТВОРЧЕСТВО ФИО педагога Узденова Гульмира Салыховна Дата 05.02.24 Класс 5 Количество присутствующих: Количество отсутствующих: Тема урока УРОК § 60 Сказки о художниках Цели…

Гульмира Узденова 27 оқылым 3 мин
Сабақ жоспарлары

Кимінің жекелеген түрлерін бейнелеу

ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ № 66 Киімнің жекелеген түрлерін бейнелеу (сабақтың тақырыбы) Модуль /пән атауы: КМ 02 Киім эскиздерін техникалық сурет түрінде орындау Педагог: Бекетова Манат Маратқызы дайындады Күні: 17.11.2023ж…

Манат Бекетова 45 оқылым 6 мин