Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Айжанат Мұқанова
3 мин оқу 380 оқылым
Пән: Математика

Күні:   08.09.2020

Сынып: 1

Мектеп: № 70 ЖББОМ

Пән мұғалімі: А.Б.Мұқанова

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы Сандық сәуле
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.1.1.2 ** бір таңбалы сандарды сандарды оқу, жазу және салыстыру;

1.1.1.3 **бір таңбалы сандардың құрамын анықтау;

1.1.1.1 ** натурал сандар және нөл санының құрылу жолын түсіну, натурал сандар қатарындағы орнын анықтау.

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар орындайды:

10 көлеміндегі сандарды оқиды, тура және кері санайды;

Көптеген оқушылар орындайды:

10 көлеміндегі сандардың орнын анықтайды;

сандық сәуледегі нүктелерді сандармен сәйкестендіреді;

Кейбір оқушылар орындайды:

заттардың орналасу реті мен сандарды сәйкестендіреді;

алдыңғы сан, келесі сан ұғымдарын дұрыс қолданады.

Бағалау критерийі 10 көлеміндегі сандарды өсу ретімен жазады;

Сандық сәуледегі сандарды толықтырып жазады.

Тілдік мақсаттар Сандық сәуле, алдыңғы сан, келесі сан ұғымдарын дұрыс қолдану.
Құндылықтарды дарыту ата-ананы сыйлау, еңбектің қадірін білу, топтық жұмыс барысында жауапкершілікті сезіну.
Пәнаралық байланыс дүниетану
АКТ-ны қолдану дағдылары Интерактивті тақтаны қолдану
Бастапқы білім 10 көлемінде тура және кері санайды, заттарды санайды, салыстырады.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарлан

ған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет ресурстар
Сабақтың басы Психологиялық дайындық

Мені кім көріп тұрса, бір рет шапалақтасын.

Кім математиканы жақсы көрсе, екі рет шапалақтасын.

Кім ойнағысы келсе, үш рет шапалақтасын.

«Өз орныңды тап» ойыны

Оқушыларға сандар таратылады. Сандар ретімен тұрады.

9 8 7 6 5 4 3 2 1

Кері байланыс

Заттарды санағанда қай саннан бастап санаймыз?

8-дің алдында қандай сан тұр?

3-тен кейін қай сан тұрады?

Біз неге сандарды осылай орналастырдық?

Сандар сандық сәуледе ретімен тұрады деген қорытынды жасалады.

Сынып 1,2,3,4-ке дейін саналып, төрт топқа бөлінеді.

Сандар

Сандық сәуле

Сабақтың ортасы

30 мин

Сабақтың соңы

*Сандық сәулені түсіп қалған сандармен толықтырып жазу

2, 5, 7 сандарын тапқаны үшін 1 балл

3,4,5,6 сандарын жазғаны үшін 1 балл

* Доптарды нөмірлеп жазу, үшінші допты қызылмен бояу.

6 допты дұрыс нөмірлеп жазғаны үшін 1 балл

Үшінші допты бояғаны үшін 1 балл

Кері байланыс

Сандық сәуледегі ең үлкен сан қайсысы? (9)

Сандық сәулелерде барлығы неше сан түсіп қалған? (7 сан)

Қызыл доп соңынан санағанда нешінші болып тұр? (төртінші)

Сергіту сәті

«Суретті жұмбақ» ойыны

Бір оқушы тақтаға шығады. Басқалары оған аюды сипаттап айтады. Мысалы, ол аң, балды ұнатады...

Олай болса, аюға көмектесейік. Ол сандардың ретін білмейтін сияқты.

Шығарып көр, төмендегі құтыларды нөмірлеп жаз.

Кері байланыс

Аю неден қателесті?

Сандар қандай ретпен орналасқан?

Бағалау

Тапсырманы дұрыс дер кезінде орындаған жұптар мадақталып, жұлдызшамен бағаланады.

Ұжымдық жұмыс

Домино деген не?

Ол қалай ойналады?

Олай болса, доминоны өсу ретімен тақтаға ілеміз.

Кері байланыс

Дым нүктесі жоқ домино қай санды білдіреді?

Заттарды санауда нөл саны қолданыла ма?

Жеке жұмыс

7-жұмыс парағы 8-жұмыс парағы

Жұмыс соңында әр оқушы өзін-өзі бағалайды.

Кері байланыс

Қай тапсырма қиын болды?

Қай тапсырма ұнады?

Рефлексия

Заттарды санау үшін қандай сандарды қолданамыз?

Нөл натурал санға жата ма? Неліктен?

Сандық сәуле деген не? Ол не үшін керек?

«Бағдаршам» әдісі бойынша оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергені туралы рефлексия жүргізіледі.

Дым түсінбедім.

Түсіндім, бірақ...

Бәрін түсіндім

парақшалар

Таратпалар

«Баспалдақ»

әдісі

Авторы
Муканова Айнагуль Батыркановна

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Айжанат Мұқанова

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Математика

Оқушыларды қозғалысқа байланысты күрделі мәтінді есептерді шешуге үйрету әдістері

ӘОЖ 373.5:51 ОҚУШЫЛАРДЫ ҚОЗҒАЛЫСҚА БАЙЛАНЫСТЫ КҮРДЕЛІ МӘТІНДІ ЕСЕПТЕРДІ ШЕШУГЕ ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕРІ Бисенова А.Т. Магистрант, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Атырау, Қазақстан Республикасы E-mail:…

Алтынай Бисенова 11 мин
Математика

Математикада логикалық ойлауды дамыту - олимпиадалық табыстың кілті

Жетісу облысы, Көксу ауданы, Кеңарал ауылы «С.Қырықбаева атындағы мектеп жанындағы шағын орталық бар мектеп»КММ. Математика пәні мұғалімі Кіріспе Қазіргі білім беру жүйесінде математикалық олимпиадалар оқушының…

Қажыбай Ернар 2 мин 54 оқылым
Математика

Математика мен физика сабақтарын кіріктіріп оқыту: 7-сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары

Мақалада 7-сыныпта математика мен физиканы кіріктіріп оқыту тәсілдері, ортақ тақырыптар және STEM жобалары арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту жолдары қарастырылады.

Bilimger Media 3 мин 54 оқылым
Математика

Ұлттық педагогикалық мұраны математика сабағында тиімді қолдану жолдары

«Астана қаласының әкімдігінің Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясы» ШЖҚ МКК математика пәнінің мұғалімі, Астана қ., Қазақстан АННОТАЦИЯ. Мақалада ұлттық тәрбие жүйесін қазіргі білім мазмұнына кіріктірудің…

Жақсылық Жания Дарханқызы 5 мин 111 оқылым