Мазмұнға өту

С.Сейфуллин «Сыр сандық» өлеңіндегі достықта кездесетін сатқындыққа сенерлік дос таңдай білмеген адам кінәлі ме,әлде адал досқа сатқындық жасаған адам кінәлі ме?

Әсел 1 мин оқу 1 886 оқылым

Ақын «Сыр сандық» өлеңінде шынайы адал достықты тілге тиек еткен.Адалдық пен арамдық,талант пен күншілдік,мансап пен ұждан,достық пен қастықтың ара жігін аша жазып,адам үшін құнды байлық-достықты жырлайды. Ақын тек қана өз жайын,өз басының мұңын,өзінің арманын ғана айтып отырған жоқ,жалпы адамзатты ғана толғандыратын,жалпы адам баласын ойландыратын құндылықтарды жырлап отыр. Сәкен достыққа қандай баға береді?Нағыз дос қандай болуы керек дейді?
Достық-адамдардың бір-біріне адал,бір мүдделі ортақ көзқараста болатын қасиеті.Өмірге деген көзқарасы ортақ дүниетанымы деңгейлес,әрі бір-бірімен дос бола алады. Өлеңді оқи отырып, автордың дос көңілін шыңдығын қоймаға,алтын сарайға бағалайтынын байқаймыз.Лирикалық кейіпкер ақынның өзі достық сезімін құзды шыңға ,нулы шатқалға ,мөлдір суға ,қымбат жасауға ұқсатады.Жанама, жағымсыз достарды қаламайды.Алтын сарай –шын достыққа нағыз дос ие болады дегенді айтады.Сұлу пернелер адам бойындағы жақсы,жағымсыз қасиеттер. Сәкен адамның көңіл-күйін,сырын,тұспалдай жырлап ,оны биік таудың басындағы кілттеулі сырсандыққа балайды.Кез-келген адамның кеудесінде шың,құз басында Сәкен ағамыз айтқандай сыр сандығы болады.Оның ішінде алтын да, күміс те бәрі бар.Сұлу сандық.Талай сол шыңға шығып,сын пернелерді басып қарап,біраз сыр ақтарысасың.Бірақ ол сандық та адамның жеке ақтаруын қалайды.Жаныңда жаныңды түсінер адам болса... Жоғарыда айтқандай,ол сандықта екінің біріне ақтаруға жол берген адам бақытсыз...Өмірде сүрінетін кездерде болады,сол кезде бірінші досыңа арқа сүйейсің,ал айналаңа қарасаң,олардың біреуін де таппайсың.Сатқындық,екіжүзділік,өзімшілдік достықпен сыйыспайды.Абай атамыздың айтуынша, «Жаман дос-көлеңке:басыңды күн шалса,қашып құтыла алмайсың,басыңды бұлт шалса,іздеп таба алмайсың».Өмір ағымына қарай ,шынайы достық пен жалған достықтың айырмашылығын үйренесің.
Қорытындылай келе,осы өлеңді оқып бола салысымен өз жүрегіңе терең бойлап,сен де көңіліңнен сыр сандық іздейсің,ойланасың,ой тұжырымдайсың,өмірлік сабақ аласың.Адамдық асыл қасиеттерді бойына жинақтай алған адам ғана –адамдарға шын дос,шынайы жолдас,нағыз дос болмақ.Ең бастысы әрбір адам достықта шынайылылық,адамгершілік,сенімділік,уәдеге беріктік қасиеттерді жоғалтпау тиіс.

Соңғы жаңарту: 24 қараша 2025, 23:10

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Әсел

Автордың басқа материалдары

Жалпы рубрика

«Арал-тылсымы тұнған тарих»

Сағадат Әсел Берікқызы Арал-мыңдаған жылдардың керуен көшінен тәбәрік дүние ұсынған сыры мен сыны телегей қасиетті өлке. Қазақстанның інжу-маржаны саналған, шөл белдеміндегі бірден бір су айдыны толқындары толассыз…

Әсел 31 оқылым 1 мин
Бастауыш сынып

Жүсіпбектің жеті өсиеті

Жүсіпбектің жеті өсиеті Кейикбаева Әсел Көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі Жүсіпбек Аймауытов бар ғұмырын ұлтқа арнаған. Қазақтың бағы мен бағытын ойлап, барын салған.…

Әсел 27 оқылым 1 мин
Эссе

Өмір сүру сапасын жақсартудағы экономикалық өсу

Экономикалық өсу өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді, бұл барлық дамушы елдер үшін өте маңызды. Өсіп келе жатқан әлем халқының қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін өсім қажет. Сонымен қатар, өсіп келе жатқан…

Әсел 25 оқылым 3 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Эссе

Экологиялық тәрбиенің мектепке дейінгі білім беру жүйесінде: балаларда қоршаған ортаға қамқорлық сезімін қалыптастыру

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Баспақкөл ауылы №21"Аққайың "бөбекжай-бақшасы Бүгінгі қоғамда табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін ерте жастан қалыптастыру ерекше маңызға ие, себебі экологиялық мәселелер адамзаттың…

Бейсенова Салтанат Аусатовна 114 оқылым 2 мин
Эссе

Эссе жазу үлгісі

Эссе — ойды қысқа, бірақ дәл жеткізетін жазба жұмыс. «Эссе жазу үлгісі» дегенде көп адам дайын мәтінді іздейді. Бірақ ең дұрыс жол — үлгіні құрылым ретінде түсіну: кіріспе → негізгі бөлім → қорытынды. Сонда кез келген…

Bilimger Media 798 оқылым 4 мин