Мазмұнға өту

Роботтың түрлері және оларды қолдану

Bilimger Media 3 мин оқу 231 оқылым
Бөлім: 3-бөлім.  Роботтехника
Педагогтің аты-жөні:  
Күні:  
Сыныбы: Қатысушылар саны:                   Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы: 3.1.  Роботтың түрлері және оларды қолдану
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 5.3.4.1 робот анықтамасын тұжырымдау;

5.3.4.2 роботтардың  түрлерінің үлгілері және оларды қолдану салаларына мысал келтіру.

Сабақтың мақсаты: Барлық оқушылар:

Ø  робот ұғымы мен түрлерін анықтайды.

Көптеген оқушылар:

Ø  робот түрлерін салыстырады.

Кейбір оқушылар:

Ø  робот қызметін пайдаланудың маңыздылығын тұжырымдайды.

Құндылықтарға баулу «Мәңгілік ел» ұлттық идеология құндылықтарын іске асыру.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты Педагогтің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар
Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді.  Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе  (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты  байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады.

Өз ойымен бөліседі.

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Жаңа тақырып туралы білім деңгейлерін анықтау үшін ынталандыру сұрақтарын қою

ü  Адам сияқты жұмыс істей алатын қандай заттарды айта аласыңдар?

ü  Робот дегеніміз не және ол  қашан пайда болған?

ü  Робот жайлы не білесің?

ü  Бүгінгі таңда  роботтарды  қай салаларда кездестіруге болады?

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

ҚБ: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен  ынталандыру.
Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

31 мин.

Оқулықпен жұмыс. Мұғалім оқушыларды жаңа ақпаратпен таныстырады, бірге талдайды (бейнежазба, презентация, флипчарт қолдануға болады).

Кестемен жұмыс.

Өндірістік робот Медицина-лық робот Тұрмыс-тық роботтар Әскери роботтар Робот- мұғалім

Дескриптор:              Жалпы - 3 балл.

-       робот ұғымын анықтайды;

-       робот түрлерін анықтайды;

робот түрлерін салыстырады.

Жұптық жұмыс 

Өздерің күнделікті өмірде, теледидардан немесе интернетте көріп жүрген роботтарыңның тізімін жасаңдар. Оларды жоғарыдағы түрлердің қайсысына жатқызасыңдар? Егер сендер білетін роботтар жоғарыдағы түрлердің ешқайсысына жатпаса, онда оны роботтардың жаңа түріне жатқызып, оған атау беріңдер.

Берілген тапсырманы мұғалімнің көмегімен орындайды. Дескриптор:              Жалпы – 4 балл.

-       робот түрлерін анықтайды;

-       робот жобасын ұсынады.

Оқулық, жұмыс дәптерлері, ДК
Топтық жұмыс 

Өздеріңді робот құраушы инженерлер командасы деп есептеп, төмендегі тапсырманы орындаңдар:

1. Күнделікті тұрмыстағы адамның бір қызметін ауыстыратын қандай да  бір роботтың  жобасын ұсыныңдар.

2. Ұсынған роботтарыңның атқаратын  қызметін тізіп жазыңдар?

3. Роботтарыңның үлгілік сызбасын салыңдар.

Дескриптор:              Жалпы - 3 балл.

-       робот жобасын ұсынады;

-       роботтың қызметін анықтайды;

робот сызбасын салады.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Робот» сөзіне синквейн құру

1.       Зат есім (бір сөз).

2.       Сын есім (екі сөз).

3.       Етістік (үш сөз).

4.       Қорытынды ой (төрт сөз).

5.       Мағыналас сөз.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. Мұғалім оқушыларды  «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Информатика

Информатика – болашаққа апарар цифрлық көпір

С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі Аннотация Бұл мақалада қазіргі білім беру жүйесіндегі информатика пәнінің рөлі мен маңызы жан-жақты қарастырылады. Информатика сабағының оқушылардың…

Мусаева Мария Алтинбековна 63 оқылым 2 мин
Информатика

Киберқауіпсіздік негіздері: мектеп оқушыларына арналған интерактивті нұсқаулық

Түркістан Облысы, Түркістан қаласы №4 С.Сейфуллин атындағы мектеп-лицей Информатика пәнінің мұғалімі Қазақша аннотация Бұл ғылыми жоба мектеп оқушыларына арналған «Киберқауіпсіздік негіздері» тақырыбында интерактивті…

Маханбетова Жансая Изетуллақызы 187 оқылым 9 мин
Информатика

Информатика сабағында жасанды интеллект құралдарын қолдану: авторлық тәжірибе

“Шалқар орта мектебі “ КММ Информатика пәні мұғалімі Қазіргі таңда білім беру саласында цифрлық технологиялардың рөлі артып, мұғалімнің кәсіби қызметінде жаңа тәсілдерді қолдану қажеттілігі туындап отыр. Өзімнің…

Нурекенова Дариха Сарсеновна 161 оқылым 1 мин
Информатика

Цифрлық құралдармен бiлiмгерлердiң уақытын ұйымдастыру

“Қ. Байсейітов атындағы саз колледжі” Информатика мұғалімі Аңдатпа Бұл мақалада цифрлық құралдардың бiлiмгерлердiң уақытын тиiмдi ұйымдастырудағы рөлi қарастырылады. Цифрландыру дәуiрiнде бiлiм алушылар үшiн уақытты…

Кенжебаева Айдана Болатканкызы 51 оқылым 5 мин