Мазмұнға өту

Роботтар әлемі

Жылгелдиева Гульсим 2 мин оқу 93 оқылым

Сайыс тақырыбы:  «Роботтар әлемі»

Сайыс мақсаты: Оқушылардың  робототехника үйірмесі бойынша алған білімдерін ұшқырлау.  Өткен тақырыптарды пысықтау арқылы, әр оқушылардың жеке білім дәрежесі бақылау.

Көрнекі құралдар:  Перезентация

Сайыс барысы:

І ұйымдастыру кезеңі.

Ежелден келе жатқан әдеп-ғұрпым,

Сәлем берем иіліп саған жұртым!

Қабыл алғын мұны бір ілтипат деп,

Қазақтың жалғастырар көне салтын.

Құрметті ұстаздар, көрермендер және білім алушылар! Сіздермен бірлесе отырып, 8-9 сынып оқушылары  арасында «Роботтар әлемі»  атты сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Әділ қазы ақ қазыға бір сәлем

Әділдікке  бас иеді  күллі  әлем

Жүйрік озар  сайыстарда  неше  бір,

Сарапқа  сал  әділдікті  шеше біл

Ең алдымен, ойынымызға төрешілік ететін әділ-қазылар алқасымен  таныстырып өтсем.
әділ-қазылар:

Математика  пәнінің озық ұстазы ___________________________

Математиканың қыр-сырын терең меңгерген  ұстаз________________________

Информатика пәнінің ұлағатты ұстазы___________________________

Ендігі кезек өзінің білімін сынауға, алғырлығымен, тапқырлығымен шыңдауға келген білімалушыларды қарсы алайық.

Бас иіп топ алдында шығатын

Сәлемдесу парызы әрбір жастың

Білімдерін паш етер сайыскерлер

Сәті келіп қалғандай танысатын, – дегендей сайыскерлерімізбен танысып алсақ.

Топтардың таныстыруы

Сайыскерлер де көрермендер де дайын болса ойын ережесімен таныстырайын. Ойын ІІІ кезеңнен тұрады:
І кезең. «Таныстыру» (әр топ өзін таныстырады).
ІІ кезең. «Сумо» (әр топтың роботтары жарысады)

ІІІ кезең. «Ойлы болсаң озып көр» ұяшықтағы сұрақтарға жауап беру

І кезең «Таныстыру» әр оқушы өзін таныстырады. 2 минут уақыт беріледі

ІІ кезең «Сумо» әр топтың роботтары жарысады.

ІІІ кезең  бойынша  оқушылар ұяшық сұрақтарына жауап береді

  1. Белгілі бір әрекеттің бағдарламасына және функцияның соңғы жиынтығына ие құрылғыны не деп айтамыз. (Робот)
  2. Робот чех тілінен аударғанда қандай мағына береді? (robota – еріксіз еңбек, rob – құл )
  3. Роботтарды дизайндеуге, құруға, қолдануға және олармен жұмыс істеуге бағытталған пәнаралық сала(РОБОТОТЕХНИКА )
  4. Робототехника қандай пәндермен байланысты? (Физика, математика, информатика )
  5. Дүниежүзілік роботтар олимпиадасын қалай атаймыз? (WRO- World Robot Olympiad )
  6. Бірінші дүниежүзілік олимпиада қай жылы қай қалада өтті? (2004 жылы Сингапурде )
  7. WRO футбол деген не? (Роботтар арасындағы футбол жарысы)
  8. Дүниежүзілік олимпиадада неше категорияда жарысады? (4)
  9. LEGO® MINDSTORMS® EV3 жинағының құрамы неше бөлшектен тұрады? (541)
  10. Түс датчигі неше түсті ажырата алады? (8түс)
  11. Роботтың айналу қозғалысын және оның бағытындағы өзгерістерді өлшейтін қандай датчик? (Гироскопиялық датчик )
  12. Ультрадыбысты датчик қандай қызмет атқарады? (Қашықтықты өлшейді, нысандарды анықтайды )
  13. Датчик деген не? (Әр түрлі ақпаратты өлшеуге арналған құрал)
  14. EV3 бөлшектері неше топқа бөлінеді? (4)
  15. Электронды құрамдас бөліктерге нелер жатады? (EV3 модулі, Датчиктер. Моторлар. Байланыстырушы кабельдер.)

Құрметті жарысқа қатысушылар: Бүгінгі сайысымыз өз мәресіне таяп қалды. Олай болса, топтардың әділ бағасын хабарлау үшін әділ қазы алқаларын ортаға шақырамыз.

Таң  шуақ тауелсіздік елімізде,

Бақ-даулет шалқи берсін  жерімізде.

Аман –сау болайықшы  көріскенше

Көк байрақ, желбірей түс көгімізде!

Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!

Марапаттарыңыз құтты болсын.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Жылгелдиева Гульсим

Осы тақырыптағы материалдар

Информатика

Информатика – болашаққа апарар цифрлық көпір

С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі Аннотация Бұл мақалада қазіргі білім беру жүйесіндегі информатика пәнінің рөлі мен маңызы жан-жақты қарастырылады. Информатика сабағының оқушылардың…

Мусаева Мария Алтинбековна 63 оқылым 2 мин
Информатика

Киберқауіпсіздік негіздері: мектеп оқушыларына арналған интерактивті нұсқаулық

Түркістан Облысы, Түркістан қаласы №4 С.Сейфуллин атындағы мектеп-лицей Информатика пәнінің мұғалімі Қазақша аннотация Бұл ғылыми жоба мектеп оқушыларына арналған «Киберқауіпсіздік негіздері» тақырыбында интерактивті…

Маханбетова Жансая Изетуллақызы 187 оқылым 9 мин
Информатика

Информатика сабағында жасанды интеллект құралдарын қолдану: авторлық тәжірибе

“Шалқар орта мектебі “ КММ Информатика пәні мұғалімі Қазіргі таңда білім беру саласында цифрлық технологиялардың рөлі артып, мұғалімнің кәсіби қызметінде жаңа тәсілдерді қолдану қажеттілігі туындап отыр. Өзімнің…

Нурекенова Дариха Сарсеновна 161 оқылым 1 мин
Информатика

Цифрлық құралдармен бiлiмгерлердiң уақытын ұйымдастыру

“Қ. Байсейітов атындағы саз колледжі” Информатика мұғалімі Аңдатпа Бұл мақалада цифрлық құралдардың бiлiмгерлердiң уақытын тиiмдi ұйымдастырудағы рөлi қарастырылады. Цифрландыру дәуiрiнде бiлiм алушылар үшiн уақытты…

Кенжебаева Айдана Болатканкызы 51 оқылым 5 мин