Мазмұнға өту

қызықты математика

Аманкул Идирисова 3 мин оқу 327 оқылым

Мақсаты: 1) Оқушыларды ойната отырып ойлату, қазақ халқының мол мұрасымен сусындандыру.
2) Ой өрістерін кеңейту.
3) Командада ұжымдастыққа тәрбиелеу.
Түрі: Сайыс сабақ;
Әдісі: көрнекілік, ойын, сұрақ–жауап.
Көрнекілігі: Қанатты сөздер , қабырға газеті ,кестелер ,сөзжұмбақтар.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезең
ІІ. Негізгі бөлім
1 -кезең: «Өзін-өзі таныстыру» Әр топ өзінің атын,ұранын айтады.
2 –кезең: «Кім жылдам?»
3-кезең: «Математикалық диктант»
4-кезең: «Мақал-мәтел» жарысы.
5-кезең: «Сиқырлы шаршы»
6-кезең:« Біліктілік сайысы»
7-кезең: «Жұмбақ есептер»
1-кезең Әр топ өз ұрандарымен таныстырады.
«Алғырлар» - тобы. Ұраны. «Қандай сынақ болса – дағы беріспе
Әрқашанда үміткер бол жеңіске»
«Тапқырлар» тобы.Ұраны: «Білекті бірді жығар Білімді мыңды жығар »
2 –кезең: «Кім жылдам?»
1. “Алғырлар” тобына сұрақтар 1. Құрамында әріптері бар өрнек қалай аталады? Әріпті өрнектер
2. Екі санның бөліндісін не деп атаймыз? Қатынас
3. 24 санының бөлгіштерін ата: 1, 2, 3,4, 6, 8, 12, 24
4. 5 санының бөлгіштік белгісі? 0 және 5-тен аяқталса
5. Тек таңбалары арқылы ажыратылатын сандар? Қарама – қарсы сандар
6. Амалдар таңбалардан, жақшалардан және сандардан ғана құрастырылған жазуды не деп атаймыз?
7. Екі қатынастың теңдігі? Пропорция
«Кім жылдам?»
1. “Тапқырлар” тобына сұрақтар 1. Құрамында әріппен белгіленген белгісіз саны бар теңдік қалай аталады? Теңдеу
2. 27 санының бөлгіштерін ата: 1, 3,9, 27
3. 9 санының бөлгіштік белгісі: Цифрларының қосындысы 9-ға бөлінсе
4. Оң санның модулі неге тең? Өзіне
5. 32 санының бөлгіштерін ата: 1,2,4,8,16,32
6. 10 санының бөлгіштік белгісі? ? 0 -ден аяқталса
7. Теріс санның модулі неге тең? Қарама-қарсы санға
3-кезең : «Математикалық диктант»
“Алғырлар” тобына Қосудың, азайтудың және көбейтудің қасиеттерін қолдану. 1. Өрнекпен жазыңдар: а) 36а және 15а-ның қосындысының коэффициентін ата; (51) ә) 29 және 11х-тің көбейтіндісін коэффициентін ата. (319 )
“Тапқырлар” тобына Қосудың, азайтудың және көбейтудің қасиеттерін қолдану. 1. а) 36а және 13а-ның қосындысының коэффициентін ата;(49) ә) 21 және 12х-тің көбейтіндісін коэффициентін ата. (252)
4-кезең: «Мақал-мәтел» жарысы..
1-топ ІІ-топ
Ер .......рет өледі(бір) (2)....рет өлшеп,
Қорқақ ....рет өледі.(1000) (1) ....рет кес.

(екі)......құзғын таласса, (бір) .......кісі қазған құдықтан,
(бір).......қарғаға жем бол (1000)......кісі су ішеді.

(30) ....тістен шыққан сөз Білгенің бір ....(9)
(30) .....рулы елге тарайды. Білмегенің .......(99)
5-кезең: «Сиқырлы шаршы»
Әр топқа жеке тапсырма беріледі. Дұрыс жауап 10 ұпаймен есептелінеді
1 топ «Алғырлар» Кез келген бағыттағы сандардың қосындысы 21-ге тең болатындай етіп 3, 4, 5, 6, 8, 9,10,11,7 сандарымен бос торкөздерді толтыр «Алғырлар» тобының дұрыс жауабы

10 3 8

5 7 9
6 11 4

. 2 топ «Тапқырлар» Кез келген бағыттағы сандардың қосындысы 24-ке тең болатындай етіп 4,6,7,9,10,11,12,8,5 сандарымен бос торкөздерді толтыр. «Тапқырлар» тобының дұрыс жауабы

11 4 9

6 8 10
7 12 5

6-кезең: « Біліктілік сайысы»
«Алғырлар» «Тапқырлар»
1) 16: (- 4) =-4 1) - 6, 3: (- 2, 1) = 3 2) 1 - (- 4) = 5 2) - 7 - (- 8) = 1 3) 34, 81 – (- 19, 19) = 54 3) 3.8 * (- 7) = -26,6 4) - 8: (-0, 2) = 40 4)- 7 *(- 0, 1) = 0,7
7-кезең: «Жұмбақ есептер»
1-топ
1. Көлден ұшты 50 қаз,
Қайтып қонды 20 қаз
Қонбады оның нешеуі,
Қане кім тез шешеді? (30 қаз)
2. Он бір түйе, бес жылқы,
Екі сиыр, бес ешкі.
Екі қоян, үш түлкі,
Таба алмасаң бос күлкі. (28)
3. Аулада 60 үйрек,
Қорада 20 үйрек,
10 үйрек тығылды
10 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек? (70 үйрек)

2-топ
1. 11 түйе, бес жылқы.
2 сиыр, бір ешкі
2 қоян, үш түлкі,
Неше болды барлығы? (24)

2. Қолымда 55 алма
5-ін бердім апама,
5-ін бердім атама,
Нешеуі қалды өзімде? (45 алма)

3. Қанша жанғақ? Портфелде әуелі 13 жаңғақ бар еді Науат пен Маратқа Самат пен Сағатқа Апасына Қанаттың Екі — екіден тараттым Қанша жаңғақ қалғанын Айта қойшы ал жаным (3)

Новоишим қазақ орта мектебі

Сыныптан тыс іс шара
«Қызықты математика»
6-сыныптар арасында математикалық сайыс

Өткізген: А.Р Идирисова.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Аманкул Идирисова

Автордың басқа материалдары

Математика

қызықты математика

Мақсаты: 1) Оқушыларды ойната отырып ойлату, қазақ халқының мол мұрасымен сусындандыру. 2) Ой өрістерін кеңейту. 3) Командада ұжымдастыққа тәрбиелеу. Түрі: Сайыс сабақ; Әдісі: көрнекілік, ойын, сұрақ–жауап.…

Аманкул Идирисова 322 оқылым 3 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Математика

Математикада логикалық ойлауды дамыту - олимпиадалық табыстың кілті

Жетісу облысы, Көксу ауданы, Кеңарал ауылы «С.Қырықбаева атындағы мектеп жанындағы шағын орталық бар мектеп»КММ. Математика пәні мұғалімі Кіріспе Қазіргі білім беру жүйесінде математикалық олимпиадалар оқушының…

Қажыбай Ернар 52 оқылым 2 мин
Математика

Математика мен физика сабақтарын кіріктіріп оқыту: 7-сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары

Қайырғазы Бағдат Математика және физика пәнінің мұғалімі Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің алдында тұрған негізгі міндет — оқушыларға тек теориялық білім беріп қана қоймай, сол білімді өмірде қолдана алу дағдыларын…

Bilimger Media 54 оқылым 3 мин
Математика

Ұлттық педагогикалық мұраны математика сабағында тиімді қолдану жолдары

«Астана қаласының әкімдігінің Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясы» ШЖҚ МКК математика пәнінің мұғалімі, Астана қ., Қазақстан АННОТАЦИЯ. Мақалада ұлттық тәрбие жүйесін қазіргі білім мазмұнына кіріктірудің…

Жақсылық Жания Дарханқызы 107 оқылым 5 мин
Математика

Математика мен күнделікті өмірдің байланысы, сабақтағы жобалық жұмыстардың маңызы

Жамалқан Парида Жетісу облысы, Көксу ауданы, Кеңарал ауылы "С.Қырықбаева атындағы мектеп жанындағы шағын орталық бар орта мектеп" КММ Математика пәні мұғалімі Кіріспе Қазіргі білім беру парадигмасы оқушыдан тек…

Bilimger Media 55 оқылым 3 мин