Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

3 мин оқу 176 оқылым
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Подстепный ауылы

Мектеп: Подстепный жалпы орта білім беретін мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Хабибуллина А.М.

Пәні: Цифрлық сауаттылық.

Ұзақ мерзімді жоспардың тарау:

Робототехника. Жоба

Подстепный жалпы орта білім беретін мектебі
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Хабибуллина А.М.
Сынып: 3 Қатысқандар: Қатыспағандар:
Сабақтың тақырыбы Құжатты рәсімдейміз  
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 3.2.1.4  шрифт пен абзацты пішімдеу.
Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар:

Мәтіндік редакторда шрифт пен абзацты қолдануды үйренеді.

Кейбір оқушылар:

Мәтіндік редакторда мәзір жолағымен жұмыс жасауды біледі.

Бағалау критерийі Топтық жұмыстарға белсенді қатысады;

Белгілі бір мақсатқа жету үшін орындалатын әрекеттер тізбегін сипаттайды;

Тілдік мақсаттар Термин сөздерді пайдаланып мәтіндік редакторда нұсқау арқылы жұмыс жасайды.

Пәнге қатысты лексика  мен терминдер

Шрифт, Абзац, Мәзір жолағы, Word.

Құндылықтарға баулу  Достық қарым-қатынас жасауға (топтық  жұмыс жасауда), жауапкершілік, өмір бойы оқуға дайын болуға баулу.
Пәнаралық байланыс Қазақ тілі (топқа бөліну барысында)

Математика (топтық жұмыс барысында)

Ағылшын (терминдер айтылу барысында)

  Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі:

Үй тапсырмасын сұрау.

Тақырыпты ашу

•             Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу

•             Ынтымақтастық атмосферасын құру                                           «Шаттық шеңбері»  арқылы оқушыларға жақсы лебіздер айту.

«Гүлдер» әдісі бойынша  оқушыларды гүлдердің түс айырмашылығы арқылы екі  топқа бөлу

1       – топ   «Раушан»тобы

2       – топ «Қалампыр»тобы

«Сиқырлы сандық» әдісі  арқылы үй тапсырмасын тексеру. Оқушылар топқа бөлініп отырады сандықтан шыққан сұрақтарға жауап береді.

1. Бас әріпті енгізу үшін қандай батырма басу керек?

2. Меңзерді жол басына апару үшін қандай батырма басамыз?

3. Меңзерді жол соңына апару үшін қандай

батырма басу керек?

4. Біріңғай бас әріптен тұратын сөзді жазу үшін қай батырманы басу керек?

5. Қате кеткен әріптерді кетіру үшін қандай

батырмаларды пайдаланамыз?

6. Пернетақтадағы бағыттаушы пернелер

қандай қызмет атқарады?

Бағалау: «Кімнің сұрағы ұнады?», «Кімнің жауабы ұнады?» деген сұрақтар арқылы «мадақтау»әдісімен  өзара бағалау жүреді.

Жаңа сабақтың тақырыбын ашу үшін оқушыларға  сұрақтар қоямын:

1.Балалар біз мәтінді немесе құжатты қайда тереміз?

2. Оны қалай ашамыз?

Сабақ тақырыбы және сабақ соңында  оқушыларға  қандай нәтижеге қол жеткізетіндеріне пайымдау жасатып, жаңа сабақтың тақырыбымен және мақсатымен таныстырамын.

Сурет қиындылары

Слайд

1.      Word мәтіндік редакторы

2.      Іске қосу-барлық программалар-MS office-MS Word 2010

Сабақтың ортасы

Топтық жұмыс:

Практикалық жұмыс:

Сергіту сәті:

Жаңа сабақты «Құжатты рәсімдейміз»  тақырыбындағы презентация  көрсетуден бастаймын. Оқушыларға  презентацияға байланысты сұрақтар қоямын:

1.      Өзің тұратын аймақтағы табиғаты әсем қандай жерді атай аласың?

2.      Берілген суреттерді қолдана отырып, қандай әңгіме құрастырар едің?

«Домино» әдісі арқылы топтық жұмыс жасатамын.

1/ Оқушылар берілген комбинацияны тез және дұрыс жинау қажет.

2/ Жасалған топтық жұмыс арқылы сабақтың кілтті сөздері анықталады.

3/ Анықталған топтық жұмыс арқылы әрі қарай жұмыс жасалынады.

Бағалау: Топтар бір- бірін «Жұлдызша» әдісі арқылы бағалайды.

Дескрипторлар:

Білім алушы

- топтық жұмыс жасайды;

- Домино реттілігін дұрыс құрастырады;

Балалар жеке жеке компьютерге отырып, сабақ тақырыбына байланысты практикалық жұмысты орындайды.

Дескрипторлар:

Білім алушы

- мәтіндік редакторда мәзір жолағымен жұмыс жасайды;

- мәтінді берілген критерийларға байланысты теруді үйренеді;

- ережелерді қатаң сақтауды үйренеді.

Видеоролик көмегін қолдана отырып, көзге арналған сергіту жаттығуларын жасатамын.

Бекіту:

Дескрипторлар:

Білім алушы

- мәтіннің бөліктерін атайды;

- шрифт пен абзацтың қайда орналасқанын анықтайды.

Бағалау: Оқушыларды киіз үй сыйлықтары арқылы мадақтаймын.

Жұлдызша арқылы бір- бірін бағалайды.

Қосымша ақпарат  ресурстарды қолданамын

Видеоролик

Сабақтың соңы Кері байланыс.

Сабақ соңындағы оқушылардың рефлексиясы:

Түсінік бағдаршамы:

- нені білді

-нені үйренді

- не әлі де түсініксіз.

Үйге тапсырма:

1/ Мәтінді терген кезде Шрифт пен Абзац командалары не үшін қолданылады?;

2/ Шрифт пен Абзац командаларын салыстыр. Қызметтеріндегі негізгі үш айырмашылықты ата.

Авторы
Хабибуллина Алмагуль Маратовна

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Информатика

Цифрлық білім беру жағдайында python бағдарламалау тілін оқытуда генеративті жасанды интеллектіні қолдану әдістемесі

ӘОЖ 378.147:004.8 Цифрлық білім беру жағдайында Python бағдарламалау тілін оқытуда генеративті жасанды интеллектіні қолдану әдістемесі Бауыржанова Жұлдыз Мұратқызы 7M01502 «Информатика» білім беру бағдарламасының бірінші…

Жұлдыз Бауыржанова 12 мин
Информатика

Информатика – болашаққа апарар цифрлық көпір

С.Сейфуллин атындағы №4 мектеп-лицейінің информатика пәні мұғалімі Аннотация Бұл мақалада қазіргі білім беру жүйесіндегі информатика пәнінің рөлі мен маңызы жан-жақты қарастырылады. Информатика сабағының оқушылардың…

Мусаева Мария Алтинбековна 2 мин 69 оқылым
Информатика

Киберқауіпсіздік негіздері: мектеп оқушыларына арналған интерактивті нұсқаулық

Түркістан Облысы, Түркістан қаласы №4 С.Сейфуллин атындағы мектеп-лицей Информатика пәнінің мұғалімі Қазақша аннотация Бұл ғылыми жоба мектеп оқушыларына арналған «Киберқауіпсіздік негіздері» тақырыбында интерактивті…

Маханбетова Жансая Изетуллақызы 9 мин 200 оқылым
Информатика

Информатика сабағында жасанды интеллект құралдарын қолдану: авторлық тәжірибе

“Шалқар орта мектебі “ КММ Информатика пәні мұғалімі Қазіргі таңда білім беру саласында цифрлық технологиялардың рөлі артып, мұғалімнің кәсіби қызметінде жаңа тәсілдерді қолдану қажеттілігі туындап отыр. Өзімнің…

Нурекенова Дариха Сарсеновна 1 мин 164 оқылым