Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Құмар ойындардан құтыла алмай отырмыз

Автор

Нұрқабыл Гүлден Жеткергенқызы
3 мин оқу 853 оқылым

Нұрқабыл Гүлден Жеткергенқызы

Бал тәрбиесі, оның қоғамдағы рөлі мен оның бос уақытын тиімді пайдалануды ұйымдастыру, оның қоғамға жат қылықтармен айналыспауы үшін қазіргі күні мемлекеттік органдар мен қоғам өкілдері тарапынан елеулі жұмыстар атқарылып жатыр. Дегенмен, бала тәрбиесінде әлі де шексіз проблемалар асып жатыр. Оларды дер кезінде шешпесек, оның арты сан соқтырар нәтижелерге алып келетінін бүгінде тәжірибе көрсетіп отыр.

БАҚ-тағы жаңалықтардан қылмыс жасағандар, біреуді өлтіргендер, тонағандар, ұрлық жасағандар арасында өзіміздің қаракөз балаларымыздың көптеп саналатынын жиі естиміз.  Бұл мәселемен отбасы отбасы деңгейінде айналысу, оны шешуге тырысып бағудың күткендей нәтиже бермей жатқанын да уақыт көрсетіп отыр. Оған қоғам болып, билік басындағылармен жұмыла атбасын бұрмасақ, оның кең белең алып кететіні сөзсіз.

Осы айтылған мәселелердің  ішінде қазіргі күні кең белең алып отырғаны, балалардың құмар ойындары бойынша интернет клубтары, заңсыз лотереялар мен спорттық покер ұйымдастырушы мекемелерді айналшықтап кетуінде.

Өздеріңізге белгілі, соңғы жылдары ойын бизнесін мемлекеттік реттеу бойынша заңнама жетілдіріліп, елді мекендерде ойын бизнесін ұйымдастырушылардың жауапкершілігі күшейтілді. Дегенмен, қағаз жүзінде солай болғанымен, жеме-жемге келгенде жағдай басқаша болып отыр. Оны біз, колледж оқытушылары байқап жүрміз.

Біздің колледжде таяу жерде «Агрогородок» шағын ауданындағы «Қыпшақ» дүкенінің жанында, сол жердегі №124 үйдің жертөлесінде, сонымен қатар Есенберлин көшесінде орналасқан «Экспресс» аялдамасының қасында компьютерлік ойындар ойнайтын жерлер бар. Қазіргі кезде ақшаға компьютер ойындарын ұйымдастыруға тыйым салғанмен, осы келеңсіздіктің бұл жерде кеңінен белең алып отырғанын ол жерге бас сұққан адам бірден байқайды. Кей кездері олардың арасында колледжден кейін сонда баратын студенттердің табылып қалатыны өкінішті.

Осы мәселе Мәжіліс депутаты Мұрат Әбеновті де толғандырған сыңайды. Ол бір жұмыс кезінде  Парламент отырысында құмар ойындары бойынша интернет-клубтары, заңсыз лотереялар мен спорттық покер ұйымдастырушы мекемелерді тексеру жөніндегі Қазақстан Республикасының Бас прокуроры мен Туризм және спорт министріне жолданған депутаттық сауалын жолдаған болатын. Онда депутат: «Менің атыма Қызылорда қаласының тұрғындарынан арыз-шағым, жанайқай хаты түсті. Бұл хатта Қызылорда қаласының ата-аналары балаларының тағдыры үшін алаңдауда. Олардың мәліметінше, кейбір айлакер-кәсіпкерлер «интернет-клубтардың» атын бүркеніп, елді мекендерде балалардың арасында нақты ақшаға интернет арқылы «on-line» құмар ойындарын ұйымдастыруда.

Мұндай   құмар  ойын  орындарына  ең  көп  баратындар – балалар. Демек, таразыда мыңдаған баланың тағдыры тұр. Бұл қалыптасқан жағдай жасөспірімдердің психологиясына, рухани дамуына, сапалы білім алуына кері әсерін тигізуде. Қаупі жағынан құмар ойындарға тәуелділік нашаға, маскүнемдікке тәуелділіктен еш қалыспайды. Осы ойындарға құмар болған балалар түрлі қылмыстарға барып, сол ойындарды ойнау үшін қарыздарға кіруде.

Құмар ойындар ойналытатын осы көлеңкелі бизнестің өкілдері бұл мәселенің қаншалықты өзекті екендігін түсініп отырған жоқ. Керісінше, заңға қайшы әрекеттерге барып, жастардың санасын бұрыс бағытқа итермелеп отыр...

Бұл мәселенің әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, Қазақстан Республикасы бойынша интернет-клубтардың, спорттық покерді ұйымдастырушы мекемелердің қызметін тексеруді және «Ойын бизнесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының орындалуын қамтамасыз ету үшін нақты шаралар қабылдауды сұраймыз.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының аумағында спорттық покерді жабу жөнінде Бас прокуратура мен Туризм және спорт министрлігінің позицияларын білдіруді сұраймыз,»-депті.

Шынында да, балалардың компьтер ойындарымен әуестігі, онда ақшаларын салып, құмарлыққа беруі қоғамның көкейтесті мәселелерінің бірі болып отыр. Сол себепті біздің қоғамымыздың мүшесі болып саналатын әрбір адам осы мәселемен күрессе, нұр үстіне нұр болар еді.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Нұрқабыл Гүлден Жеткергенқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз — аттестация мен портфолиоға дайын.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

Бар болғаны

5 000 ₸

Мақала жариялау

Kaspi арқылы · 2015 жылдан бері

Осы тақырыптағы материалдар

Колледж

Жаппай музыкалық тәрбие жүйесіндегі қазақтың аспапты музыкасы

Ғылыми мақалада қазақтың аспаптық музыкасы мен күй өнерінің музыкалық тәрбие жүйесіндегі орны, тәрбиелік және мәдени әлеуеті, оқытудағы заманауи әдістері қарастырылады.

Bilimger Media 58 оқылым 4 мин
Колледж

Бастауыш мектеп оқушыларының музыкалық шығармашылығын дамыту жолдары

Ақмола облысы білім басқармасы жанындағы «Ж.Мусин атындағы Көкшетау жоғары қазақ педагогикалық колледжі» МКҚК Педагогика және психология кафедрасы КІРІСПЕ Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі заманғы білім беру жүйесінің…

Жанибек Акерке 97 оқылым 40 мин
Колледж

Музыка мұғалімінің әдіс-тәсілдік шеберлігі

Ғылыми мақалада музыка мұғалімінің кәсіби-әдістемелік шеберлігі, инновациялық технологияларды қолдану және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелері қарастырылады.

Bilimger Media 119 оқылым 4 мин
Колледж

WorldSkills – кәсіби білім сапасын арттыру құралы

"Кентау колледжі" ЖШС Аннотация. Қазіргі заманғы еңбек нарығы жоғары білікті мамандарды талап етеді, осыған байланысты кәсіби білім беру сапасын арттыру өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Бүгінде кәсіптік білім…

Сарсенова Ляззат Сарыбаевна 73 оқылым 5 мин