Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

ҚР энергетика саласын жаңғырту жолдары

Bilimger Media
2 мин оқу 48 оқылым

Еліміздің энергетика секторының жұмыс істеуі мен дамуы әр жыл сайын шиеленісу қаупі бар және бірқатар экологиялық проблемаларға тап болуы мүмкін, өйткені ЖЭС және т.б. өндіріс орындары, яғни қоршаған ортаны ластаудың негізгі көздерінің бірі, жылдан жылға артуда. Энергия өндіретін өңірлердегі ЖЭС кәсіпорындарының қызметінің кері әсерін жою күрделі мәселе болып табылады. Сондай-ақ технологиялық процестердің экологиялық қауіпсіздігінің жеткіліксіз деңгейін, негізгі жабдықтың жоғары моральдық және табиғи тозуын, табиғат қорғау құрылымының (табиғи ортаға жағымсыз әсерлерді болдырмау және азайту жүйелерінің) жеткіліксіз дамығандығын да ескерген жөн. ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің айтуынша 2019 жылы атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының көлемі 2,4 миллион тоннаны құрағанын хабарлады. Шығарындылар санының өсу тенденциясы байқалғанын және егер ешқандай шара қолданылмаса, 2030 жылға қарай эмиссиялар 3,6 миллион тоннаны құрайтынын айтты.

Атмосфералық ауаның ластануына үлкен үлес қосатын келесі өндіріс түрлері жатады: жылу энергетикалық және мұнай-газ секторы, тау-кен өңдеу саласы, қара және түсті металлургияның кәсіпорындары.

Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы саясаттың мақсаты ЖЭС-тің қоршаған ортаға жүктемесін дәйектілікпен шектеу, тиісті еуропалық экологиялық нормаларға жақындату болып табылады. Көрсетілген саясатты іске асыру үшін келесілер көзделеді:

1) Кәсіпорында жоғары экологиялық өндірістерді, кәсіпорындардың қызметіне және ЖЭС өнімдеріне қатаң экологиялық талаптарды белгілеу есебінен энергия ресурстарын өндіру мен тұтынудың экологиялық таза аз қалдықты және қалдықсыз технологияларын пайдалануға экономикалық ынталандыру. Ол үшін экологиялық нормаларды бұзғаны үшін мемлекетке өтемақы төлеу жүйесін құру қажет, ол заң жүзінде бекітілетін болады. Бұл жүйе экономикалық төлемдер сипатына ие болуы керек;

2) Инвестициялық жобаларды жоспарлау кезеңінде экологиялық талаптардың сақталуына қатаң бақылау орнату, қоршаған ортаға әсерді мемлекеттік бағалау жүйесін әзірлеу. Инвестициялық жобаларды талдау көбінесе оларды іске асырудың экологиялық салдарын қажетті экономикалық бағалаусыз жүргізіледі. Жобаларды қараудың бастапқы кезеңдерінде экологиялық проблемаларды анықтауға, оның ішінде қоршаған ортаның сапасын жақсартуға және экологиялық залал мен тәуекелдің алдын алуға, азайтуға және өтеуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыруға ерекше назар аудару қажет;

3) Отын-энергетикалық ресурстарды ұтымды өндіру мен пайдалануды қамтамасыз ететін, қоршаған ортаға ластаушы заттардың шығарындыларының деңгейін төмендететін экологиялық таза энергия және ресурс үнемдейтін қалдықсыз технологияларды құру. Мысалы, энергетика саласында отынды жағудың жаңа әдістерін, мысалы, пайдаланылған газдардағы ластаушы заттардың мөлшерін азайтуға көмектесетін сұйық қабаттағы жағу, күкіртті, газ шығарындылары, азот оксидтері және т.б. Заттардан тазарту бойынша әзірлемелерді енгізу қажет;

4) Бөлінетін газдардан зиянды заттарды ұстау мен залалсыздандыруды, сарқынды суларды тазартуды, табиғат қорғау объектілерін салу мен реконструкциялауды көздейтін арнайы табиғат қорғау іс-шараларын іске асыру;

5) Энергетика өндірісінде қайта жаңартылатын энергия көздерін пайдалану. Жел, су, жер асты энергетиканы дамыту экологиялық жағдайды жақсартудың қолайлы, әрі эффективті жолы болып табылады. Қазіргі таңда баламалы энергетика республикамызда қарқынды даму жолында тұр.

Автор: Амангелді Темірлан Ерланұлы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің физика-техникалық факультетінің магистранты.

Жетекші: Жанатаев Данат Жанатайұлы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің философия кафедрасының доценті, философия ғылымдарының кандидаты.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Жаңа технологиялар

Жасанды интеллектті білім саласында тиімді пайдалану

Bilimger.kz ақпараттық-танымдық интернет порталы бас редакторы ubt-test.kz тест платформасы, Bilimger онлайн тіл академиясы негізін қалаушы Аннотация Бұл мақалада жасанды интеллектіні (ЖИ) білім беру жүйесіне қауіпсіз…

Нұрлыбек Жайлауов 11 мин 240 оқылым
Жаңа технологиялар

Медиасауаттылық және әлеуметтік педагогика

Материалда медиасауаттылықтың әлеуметтік педагогикадағы рөлі, ақпаратты бағалау, сыни ойлауды дамыту және фейк жаңалықтармен күресу мәселелері қарастырылады.

Ayaulym 6 мин 41 оқылым
Жаңа технологиялар

Жасанды интеллекттің бизнеске әсері: жаңа мүмкіндіктер мен тәуекелдер

Мақалада жасанды интеллекттің бизнестегі тиімділік пен жаңа мүмкіндіктерге ықпалы, сондай-ақ жұмыс орындары, құпиялық және этикаға қатысты тәуекелдері талданады.

Diana Amangaliyeva 2 мин 92 оқылым
Жаңа технологиялар

Жаңа дәуірдің жаршысы: ХХІ ғасырдың жасанды интеллектісі экономика саласында

21 ғасырда жасанды интеллект күрделі зияткерлік міндеттерді орындай отырып, араласпайтын жұмыс кеңістігін елестету қиын. Бүгінде жасанды интеллект - адам қызметін нығайтатын және шешім қабылдау құралы. Қасым-Жомарт…

Аманғалиева Диана Төлегенқызы 1 мин 56 оқылым