Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

2 мин оқу 68 оқылым

Шымкент қаласы

ШҚ ББ " Қосалқымектеп-интернаты" КММ

Дефектолог- тәрбиеші

Чимкентбаева Венера Жанабаевна

Сабақ тақырыбы: Қағаздан гүл түрлерін жасау

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға қағаздан гүл түрлерін жасау жолдары туралы түсінік беру. Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды, ептілікке, ұқыптылыққа, еңбек етуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ Сабақтың әдісі: Баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, Сабақ көрнекілігі: Әр түрлі техникамен жасалған гүлдер

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: түрлі түсті қағаздар, қайшы, желім, қарындаш, өшіргіш, т. б Пәнаралық байланыс: аралас сабақ. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Еңбек етсем ертеңгі,

Бақытыма сенемін!

Мақсатыма жеткізер

Уақытыма сенемін! - Балалар бүгінгі өтілетін тәрбие сағатымыздың тақырыбы; Түрлі-түсті қағаздан гулдер жасау. ІІІ. Жаңа сабақ: Ата-бабамыз темірден түйін түйіп, жаңқаға жан бітірсе, шығыс Азия халқы қарапайым қағазды қалай пайдалану керектігін жақсы біледі, оның қыры мен сырын да жеткілікті меңгерген. Қағаз жайында, қағаздың кереметі жайында сөз қозғағанда, оның Еуропа жұртшылығына да жат дүние еместігін айта кеткен жөн. Өйткені қағаздың отаны саналатын Қытай – Азия елдерімен қатар алыста жатқан еуропалықтар да қарапайым қағазды қолөнерде таптырмас материал ретінде кеңінен қолданады. Қағаз – біреулер үшін тек жазу не сызу құралы болса, енді біреулер үшін қолөнерде таптырмас материал екенін айттық. Қағаздан сан түрлі дүние жасауға болады. Қағаздың қыр-сырын білетіндер оны кәдеге асыру жолдарын да жақсы меңгерген. Қағазды қалай болса, солай тастамай, оны өз орнымен жұмсай білу – үлкен өнер. Ал оны керегіне жаратып, жаңа дүние жасап шығару – нағыз шеберліктің белгісі. Сондай-ақ шиыршықталған қағаздан жасалған әдемі гүлдер мен түрлі өрнектерді суреттер мен фотоальбомдарды сәндеуге кеңінен қолданады.

Апликация деген не? Жапсыру арқылы орындалған жұмыстар Енді жаңа сабаққа көшейік

Гүл түрлерін мынадай материалдардан жасауға болады. 1. Түрлі түсті қағаздардан 2. Мата, былғары, жіптерден 3. Табиғи материалдар яғни кепкен өсімдіктер мен дәнді дақылдардан - балалар гул туралы кім мақал-мәтелдер біледі екен.

Қыз өссе елдің көркі, Гүл өссе жердің көркі Таулы жердің суы әдемі, Жарық жердің гүлі әдемі Әр атаның өз ұлы бар, Әр бұтаның өз гүлі бар. Әр гүлдің исі басқа, Әр жердің жынысы басқа. Гүл ашылмай бұлбұл сайрамас. Гүлді гүл деме егер сабағы болмаса. Гүлдің тоны қырық жамау, бірақ исі бар. Гүл қайда болса көбелек сонда. Гүл өмір қызығы.

- Жарайсыңдар Керемет айттыңдар

- Балалар жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін естен шығармайық Сергіту сәті Қолымызды жаяйық, Әдемі гүлге ұқсайық Бір жабылып, ашылып, Орнымызға қонайық. Қорытынды. Гүлдерді толық аяқтап, шеңбер құрып бір-бірімізге жақсы сөздер айтып гүлдерді сыйлаймыз. Өтілген сабақ жайлы сұрақ-жауап бағалау.

Авторы
Чимкентбаева Венера Жанабаевна

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Дефектология

Дефектологтың жылдық жоспары 2026: қалай құрылады, бөлімдері және дайын үлгі

Дефектологтың жылдық жоспары дегеніміз не? Дефектологтың жылдық жоспары — арнайы педагогтың оқу жылы бойы атқаратын жұмысын жүйелеуге арналған жоспарлау құжаты. Жылдық жоспар арқылы маман өзінің негізгі жұмыс…

Bilimger Media 7 мин 188 оқылым
Дефектология

Дефектологтың құжаттары 2026: толық тізімі, үлгілері және дұрыс рәсімдеу тәртібі

Дефектолог маманы жүргізетін негізгі құжаттардың толық тізімі, жылдық жоспар, КТЖ мен ҚМЖ құрылымы және құжаттарды дұрыс рәсімдеу тәртібі берілген.

Bilimger Media 3 мин 348 оқылым
Дефектология

Нейропсихологический подход в коррекционной работе с детьми с ЗПР, ЗРР и нарушениями слуха (слуховыми аппаратами икохлеарными имплантами).

Учитель-дефектолог, сурдопедагог, педагог-исследователь. Коммунальное государственное учреждение "Кабинет психолого-педагогической коррекции № 1" акимата города Астаны. АННОТАЦИЯ В статье представлен авторский опыт…

Нургазина Макпал Омирузаковна 3 мин 77 оқылым