Еуропа футболының ең беделді додасы — Чемпиондар лигасы өз мәресіне жетті. Биылғы маусымда Францияның алпауыты — "Пари Сен-Жермен" (ПСЖ) керемет ойын өрнегін көрсетіп, тарихи жеңіске жетті. 31 мамырда Мюнхендегі «Альянц Аренада» өткен финалда париждіктер Италияның атақты «Интер» клубын 5:0 есебімен тас-талқан етті. Бұл жеңіс тек бедел ғана емес, мол қаржылай сыйақымен де ерекшеленіп отыр.
UEFA-ның ресми мәліметіне сәйкес, ПСЖ Чемпиондар лигасындағы жеңісі үшін жалпы сомасы 148,4 миллион еуро көлемінде сыйақы алады. Оның ішінде тек финалдық матчтағы жеңісі үшін 6,5 миллион еуро, ал алдағы UEFA Суперкубогына қатысқаны үшін қосымша 4 миллион еуро төленеді.
Финалдық кездесуде алғашқы голды 12-минутта Ашраф Хакими соқты. Одан кейін 20-минутта Дезире Дуэ есепті 2:0-ге жеткізді. Екінші таймда сол Дуэ дубль жасап, 62-минутта тағы бір гол салды. 73-минутта Хвича Кварацхелия, ал 87-минутта Маюлу мергендік танытып, есепті 5:0-ге жеткізді. Осылайша Луис Энрике жаттықтыратын команда Еуропаны дүр сілкіндірді.
Айта кетерлігі, осы ойында Ресей құрамасының қақпашысы Матвей Сафонов та ПСЖ сапында болды, бірақ матчта алаңға шыққан жоқ, тек қосалқы құрамда отырды.
Бұл жеңіс ПСЖ-ға тағы бір мүмкіндік сыйлады — енді олар UEFA Суперкубогында ойнайды. Қарсыласы — Еуропа лигасының жеңімпазы, ағылшындық «Тоттенхэм». Бұл тартысты ойын 13 тамызда Италияның Удине қаласындағы «Дачия Аренада» өтеді.
Футбол жанкүйерлері үшін бұл маусым ұзақ уақыт есте қалары сөзсіз. ПСЖ тек тарихқа еніп қоймай, қаржылай да үлкен жетістікке жетті. Ендігі кезек — Суперкубок. Париждіктердің ендігі мақсаты — Еуропа футболының қос трофейін қатар еншілеу.
Мақала құжаттары
Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар
Мақаланы телефонда ашыңыз
Телефон камерасын QR-кодқа бағыттаңыз — мақала бірден ашылады
bilimger.kz/pszh-chempiondar-ligasyn-utyp-qansha-syiaqy-algany-belgili-boldy
Bilimger Media
Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз
Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.
- Сертификат (QR-коды бар)
- Google, Yandex жүйелерінде шығады
- Журналға шығады (онлайн)
- Анықтама, журнал
- Жеке кабинетте құжаттар сақталады
- Мақалаға тұрақты сілтеме
2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал
Мақала жариялау
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз
Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.