Мазмұнға өту

Педагогтың шағын тұжырымдамасы

Айгуль Гайнуллиевна 4 мин оқу 225 оқылым

Педагогтың шағын тұжырымдамасы

                                                      Кіріспе.

Мен ұлылықтың ұйтқысы болып отырған мамандықтың иесімін. : « Еліміздің болашақ тіректерін қалап жатқан ұстазбын » .Себебі, мектеп менің екінші үйім, ал қызметімді өзімнің өмірімнің мәні деп есептеймін. Өйткені мен мұғалім болып жұмыс істемеймін, мұғалім болып өмір сүремін.
Ашық жүйе ретінде оқушы басқа субъектіге, қоғамға, әлемге, ақпаратқа, табиғатқа әсер етеді, әрекеттеседі. Философия ғылымында әрекет адамды зерттеудің әдіснамасы ретінде қарастырылады. Әрекетте адам субъект ретінде танылып, оның жасампаздығы, іскерлігі, қайраткерлігі қалыптасады. Әрекет іс-қимыл бірлігі, саналы түрдегі, мақсатқа жетуге бағытталған тікелей жасалатын, еркін ниеттілік, белсенділік. Ал сол әрекетті ұйымдастырушы - ұстаз. :
-біріншіден, психологиялық-педагогикалық, пәндік білім ;
-екіншіден, шеберлікпен шектесетін кәсіптік ептілік, икемдік, яғни құзыреттілік ;
-үшіншіден, ерекше ұстаздық мінез-құлық, ойлау, жүріп-тұру стилі, моральді-этикалық қабілеттілігі;
Бірақ қазіргі таңда бұл мұғалімдерге аздық етеді, себебі кәсіби білім , білігі мен іскерлігін үнемі дамытып, әрекетін технологияландыру арқылы нәтижеге бағыттау, ғылыми зерттеушілік үдеріске айналдыру- бүгінгі қоғам мен заманның талабы, сондықтан мұғалім өзін жаңартылған білім беру бағдарламасына  әзір болу керек деймін. Ал сол балалардың өміріне ықпал ету менің басты мақсатым деп білемін.

Мейірімділікке үйрету арқылы оқушылардың бойына мейірімділіктің шамын жағу, қиындық арқылы көздеген мақсатқа жету, махаббат арқылы шындыққа қызмет ету, міне осыны мен өзімнің алға қойған мақсатым деп есептеймін.

Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде орыс тілінде мектептердегі «Қазақ тілі» пәні бойынша педагогика кадрларының біліктілігін арттыру. Бұл бағдарламаның жалпы мақсаты – Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту мақсатында әзірленген жаңартылған білім беру бағдарламаларымен таныстыру. Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріне арнап әзірленген мектеп пәндерінің оқу бағдарламаларына, оқу жоспарларына және бағалау моделіне негізделген.

Бағдарламаның оқу-әдістемелік кешені орыс тілінде оқытатын мектептерде жұмыс істейтін мұғалімдерге қазақ тілі сабақтарын жоспарлауға және оны өткізуге көмектесетін болады. Сонымен қоса, мұғалімдерге сабақты модельдеу арқылы бағдарлама материалдарын өздеріне сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға, сонымен қатар оқушыларға барынша қолдау көрсетуге бағытталған іс-шаралар мен жаттығуларды әзірлеуге мүмкіндік беріледі.

        Педагогтың басты міндеті – жеке тұлғаның ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасуы мен дамуы және оның жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау; баланың тәрбиелену, білім алу және жан-жақты қалыптасу, қазақ-тілін, ұлттық салт-дәстүрлерді сақтау, денсаулығын нығайту сияқты құқықтарын іске асыру болып табылады.

Мақсат – міндеттер:

Орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәні бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру

  • пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;
  • пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;
  • мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.

Оқудан күтілетін нәтижелер

  • мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретін, мазмұнын және мақсаттарын білу және түсіну;
  • пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсіну және қолдана білу;
  • мұғалімдердің орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктері мен дағдыларын қалыптастыру

 .      Тұлға ретінде баланың жеке басының іс-әрекетін дамыту теориясы негізінде белсенді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, тәрбиелеу мен білім беру жұмысын жетілдіру.

Баланың рухани – адамгершілік, интеллектуалдық, өмірі мен өз денсаулығы үшін әлеуметтік құзыреттілігін көтеруді ұйымдастыруға жағдай жасау.

Тұжырымдаманың жүзеге асырылу шарттары:

-       Қоғамға, қоршаған ортаға, табиғатқа деген позитивті көзқарас қалыптастыруға ықпал ететін әлеуметтік – педагогикалық жағдай жасау.

-       Балаларды қазақ әдебиетінің үлгілерімен таныстыру.

-      Қазақ халықының дәстүрінің элементтері бар ойындарды қолдану.

Күтілетін нәтижелер:

  • мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретін, мазмұнын және мақсаттарын білу және түсіну
  • пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсіну және қолдана білу

Қазақ тілін білетін, интеллектуалды, жан-жақты, үйлесімді дамушы тұлға, өзінің салт – дәстүрін, Отанын сүйетін, шығармашылық қабілеттін айқындай алатын, қоғам мүддесіне сай, ертеңгі қоғам иегері боларлық, егеменді еліміздің айбынын асқақтатар өнегелі ұл – қызын тәрбиелеу.

Алматы қаласы

Алмалы ауданы

№ 96ЖББМКММ Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Уразова Айгуль Гайнуллиевна

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Айгуль Гайнуллиевна

Осы тақырыптағы материалдар

Ұстаз ойы

Педагог-психолог: Архитектор души и проводник к гармонии

Сембаева Ардак Мауленовна К.п.н., старший преподаватель кафедры педагогики и образовательного менеджмента КазНУ имени аль-Фараби В современном мире, где темп жизни неумолимо ускоряется, а требования общества к человеку…

Сембаева Ардақ Мауленовна 60 оқылым 2 мин
Ұстаз ойы

Бала тәрбиесі – болашақ тәрбиесі

Қазіргі қоғамға жүктелген ең жауапты міндет – тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасы, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, сапалы білім беру. Егер адам бойында адамгершілік құндылықтар болмаса, мұның орнын…

Айтжанов Райымбек Алуадинов 34 оқылым 3 мин
Ұстаз ойы

Білім сапасын көтергіміз келсе... Қазақстан Үкіметі мен оқу-ағарту министрі назарына.  

Қазақстан Үкіметі мен оқу-ағарту министрі назарына. Білім сапасын көтергіміз келсе... Құрметті халайық! Өзіміз зейнет жаста жүрсек те, кәсібіміз ұстаздық болғандықтан, бір құлағымыз қашанда мектеп жаққа түрулі…

Bilimger Media 21 оқылым 8 мин
Ұстаз ойы

Болашақ мұғалімдердің кәсіби дамуы: теориядан практикаға

Бүгінгі студент-ертеңгі маман. Бұл қағида жоғары білікті мұғалімдерді қалыптастыруға бағытталған білім беру стратегияларының негізінде жатыр. Оқу процесін педагогикалық және психологиялық тұрғыдан түсінуде мұғалім мен…

Койшыгулова Айзада 96 оқылым 3 мин