Қазақ тілі мен әдебиеті: тест тапсырмалары жауаптарымен
Бір дұрыс жауабы бар тапсырмалар
1. Мәтелді табыңыз
- A) Болат пышақ қын түбінде жатпайды.
- B) Көп қорқытады, терең батырады.
- C) Білек сүріндіре алмағанды білім сүріндіреді.
- D) Ерлік білекте емес, жүректе.
- E) Күлме досыңа – келер басыңа.
2. Көп әрі жылдам сөйлейтін адамға қарата айтылатын тұрақты сөз тіркесі
- A) ауыз тию
- B) ауыз жаласу
- C) аузын ашпау
- D) аузы-аузына жұқпау
- E) ауызға ілінбеу
3. Ой-пікірді бейнелеп, тұспалдап тұратын сөздер
- A) мақалдар
- B) диалект сөздер
- C) мәтелдер
- D) тұрақты тіркестер
- E) көнерген сөздер
4. Б, в, г, д дыбыстарына аяқталған сөздерге қосымша қалай жалғанады
- A) қатаңнан басталып жалғанады
- B) ұяңнан басталып жалғанады
- C) үндіден басталып жалғанады
- D) «ы», «і» дәнекері арқылы жалғанады
- E) дауыстыдан басталып жалғанады
5. Қазақ халқы қай жылдары латын әліпбиін қолданған
- A) 1947-1949 ж.
- B) 1929-1940 ж.
- C) 1930-1942 ж.
- D) 1926-1940 ж.
- E) 1930-1935 ж.
6. «Қайықта» сөзінің буыны
- A) аралас буын, жуан буын, тұйық буын
- B) ашық буын, бітеу буын, ашық буын
- C) жіңішке буын, тұйық буын, ашық буын
- D) бітеу буын, ашық буын, тұйық буын
- E) ашық буын, тұйық буын, бітеу буын
7. Туынды түбір
- A) қоңыр, қолда
- B) киіт, келген
- C) жалғамалы, ойпат
- D) асау, білім
- E) қалың, егін
8. Техника маркаларын көрсету үшін алынған шартты белгілер қай сөздердің
қатарына енеді
- A) кіріккен сөздер
- B) біріккен сөздер
- C) қос сөздер
- D) қысқарған сөздер
- E) түбір сөздер
9. Сөз тудырушы жұрнақ қатысқан сөздер қатары
- A) күй, күйген
- B) өнім, өндіріс
- C) түбір, түбірлес
- D) көлшік, жолдастық
- E) сау, сауын
10. Қатты жерге қақ тұрар, қайратты ерге мал тұрар.
Сөйлемдегі сын есімнің қызметі
- A) баяндауыш
- B) пысықтауыш
- C) бастауыш
- D) анықтауыш
- E) толықтауыш
11. Күрделі зат есімдер қатары
- A) бейбітшілікті, өнерін
- B) Ақтөбе, сауыт-сайман
- C) Көкшетау, көрме
- D) Ақсу, данышпандық
- E) Сырдария, ажарлылық
12. Күрделі сын есім
- A) адал жар
- B) әке-шешесі
- C) қара көйлек
- D) балалы-шағалы
- E) әдемілеу
13. Жіктеу есімдігі
- A) біреу
- B) бүкіл
- C) саған
- D) мынау
- E) неше
14. Емле ережесіне сай жазылған сан есім
- A) 5-мектеп, 23-ауыл
- B) 10 даған жылқы, 100 деген сиыр
- C) 21-ақпан, 3-наурыз
- D) 1974-жыл, 1 тоқсан
- E) V-сынып, IV-курс
15. Көмекші етістікті сөйлем
- A) Оспан қырықтар шамасында болған еді.
- B) Өнер білсең, өлмейсің.
- C) Отаныңды қасық қаның қалғанша қорғайсың.
- D) Жау зеңбіректен үдете атты.
- E) Қазақ баласы айтпағанды сен айтарсың.
16. Салт етістік
- A) бұлқын, қуан
- B) тер, тап
- C) жаз, жай
- D) аш, айт
- E) сапыр, жасыр
17. Мақсатты келер шақта тұрған етістік
- A) Олардан бұрын кірмек.
- B) Қуандық қайын жұртына жаман атты болады.
- C) Кешке алтыбақан құрамыз.
- D) Қу аяқ балалар құтқарар емес.
- E) Қазір біздерді де айтатын шығар.
18. Зат есімнен болған күрделі бастауыш
- A) Сырым Датұлы – қазақ тарихындағы елеулі қайраткерлердің бірі.
- B) Көргеннен, білгеннен аспау, барды қанағат қылу – ой мешеулігі.
- C) Асылбек, Жиренше, Ерболдар да Базаралыға қадала қарап хабар күтті.
- D) Бес күндей бұның қасында болған — Шұбар, Әзімбай тәрізді Абайдың өз жақындары.
- E) Бұл – Марқакөл ауданының орталығы.
19. Жанама толықтауыш
- A) Алтын алма, білім ал.
- B) Мен бақытты көрсем деуші едім.
- C) Қатені келешекте қайталамайтындай түсіну керек.
- D) Құлақ естігенді көз көрер.
- E) Таста тамыр жоқ, тауда белдеу жоқ.
20. Аралас құрмалас сөйлемнің тыныс белгісін көрсетіңіз.
Біразда бұларды билердің бөлмесіне қайта шақырды алдарынан есік ашып,
Атамбай саудагер үйге енгізді.
- A) үтір
- B) сызықша
- C) қос нүкте
- D) үтір, сызықша
- E) леп белгісі
21. “Краткая грамматика казах-киргизского языка” атты құнды еңбекте
сабақтас құрмалас сөйлемнің 8 түрі көрсетілген: 1) шартты бағыныңқы; 2)
мезгіл пысықтауыш бағыныңқы; 3) қимыл-сын пысықтауыш бағыныңқы; 4)
мақсат пысықтауыш бағыныңқы; 5) себеп пысықтауыш бағыныңқы; 6)
анықтауыш бағыныңқы; 7) толықтауыш бағыныңқы; 8) қатыстық
бағыныңқы.
Еңбектің авторы
- A) А.Лекеров
- B) Н.Сауранбаев
- C) М.Гаджиев
- D) П.М.Мелиоранский
- E) Қ.Жұбанов
22. Сөйлем ортасында келген қаратпа сөз
- A) Қарақұм, сен өлшеусіз молсың.
- B) Мен сені бүгін танымай тұрмын, Жанар.
- C) Әбішім, жаңа заман елшісіндей болдың-ау!
- D) Аға, ертегі айтыңызшы.
- E) Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел.
23. Төл сөзді сөйлемді табыңыз
- A) «Ит маржанды не қылсын» деген сөз бар.
- B) Ұзақты сары күнін балапан қуу, асық ойнаумен өткізген балалардың түнгі ермегі — «Ақсүйек», «Соқыртеке», «Бурақотан» сияқты ойындар.
- C) Көпшілік бас шұлғып, құптап жүрген жайды «шындық» дейміз бе?
- D) «Салыстырудың қай-қайсысы да кемшіліксіз болмайды» дейді неміс нақылы.
- E) «Мұны мен қайдан көрдім?» — деп ойлады Ұлжан.
24. Қыстырма сөзді сөйлем
- A) Пау, шіркін, осындай бір тәтті ұйқы-ай!
- B) Қайырлы сапар тілеймін, қарағым, қош бол!
- C) Шынымды айтайын, таудың басына шығу қиын-ақ екен.
- D) Қалқаш, хатыңды алған күні таң атқанша көз ілмедім.
- E) Ей, адамзат, өзен-көлдің тағдыры сенің қолыңда!
25. Шешендік туралы жазған Аристотельдің еңбегі
- A) Риториканың мазмұны мен міндеттері
- B) Жалпы риторика
- C) Қысқаша риторика
- D) Риторика
- E) Жеке риторика
26. «Музыканың үлкен кітабы» еңбегінің авторы
- A) Ж.Баласағұн
- B) М.Қашқари
- C) Әл-Фараби
- D) А.Йассауи
- E) Ибн Сина
27. Зәуре, Сүлеймен, Мұқандар кездесетін С.Мұқановтың шығармасы
- A) «Өмір мектебі»
- B) «Сұлушаш»
- C) «Мөлдір махаббат»
- D) «Саятшы Ораз»
- E) «Ботагөз»
28. “Қыз Жібек” жырындағы Сырлыбай ханның ақын-уәзірінің есімі
- A) Бекежан
- B) Шеге
- C) Сансызбай
- D) Базарбай
- E) Қаршыға
29. Қынама бешпент қынадым,
Әзілмен сізді сынадым.
Сынамаққа біз сөзді,
Әзіл қылып айтып ем.
Үзінді қай жырдан алынған
- A) «Сұлушаш»
- B) «Айман-Шолпан»
- C) «Күлше қыз»
- D) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»
- E) «Қыз Жібек»
30. Еспенбеттің аты Ақбөрте кімнің асында оза шауып, бас бәйгені алды
- A) Жанғұлының асы
- B) Сәтімқұл бидің асы
- C) Құлмамбеттің асы.
- D) Байжігіттің асы.
- E) Сағынайдың асы
31. «Егер менің тілім ертең өлер болса,
Мен бүгін өлуге даярмын» жолдарының авторы
- A) М.Жәлел
- B) М.Мақатаев
- C) Р.Ғамзатов
- D) Ш.Айтматов
- E) М.Фраги
32. Жыр алыбы Жамбыл өмір сүрген жылдар
- A) 1845-1945
- B) 1846-1945
- C) 1843-1946
- D) 1847-1945
- E) 1842-1845
33. Мұса Жәлелдің туған жылы
- A) 1921 жыл
- B) 1911 жыл
- C) 1906 жыл
- D) 1920 жыл
- E) 1910 жыл
34. Ә.Найманбаевтың автобиографиясы деуге боларлық ән
- A) «Қарагөз»
- B) «Сырмақ үйкер»
- C) «Майда қоңыр»
- D) «Қысмет»
- E) «Інжу-Маржан»
35. «Менің таулықтарым! Өздеріңнің жалаң жабайы жартастарыңды
сүйіңдер!» деген жолдардың авторы
- A) М.Фраги
- B) Ш.Айтматов
- C) Р.Ғамзатов
- D) І.Есенберлин
- E) М.Мақатаев
36. Т.Молдағалиевтің «Студент дәптері» атты тұңғыш өлеңдер жинағы
жарияланған жыл
- A) 1970 жыл
- B) 1960 жыл
- C) 1957 жыл
- D) 1990 жыл
- E) 1951 жыл
37. Шоқан Уәлиханов алғаш рет қазақ ауыз әдебиетінің қай жырын қағазға
түсірді
- A) “Манас” жыры
- B) “Қозы Көрпеш – Баян сұлу” жыры
- C) “Семетей” жыры
- D) “Ер Тарғын” жыры
- E) “Айман – Шолпан” жыры
38. «Жауынгердің тұлғасы» кітабының авторы
- A) Б.Бұлқышев
- B) Т.Ахтанов
- C) Б.Момышұлы
- D) Қ.Қайсенов
- E) Қ.Аманжолов
39. Сәбит Мұқановтың Шоқан Уәлиханов өміріне арналған тарихи романы
- A) “Балуан Шолақ”
- B) “Өмір мектебі”
- C) “Аққан жұлдыз”
- D) “Шоқан Уәлиханов”
- E) “Жарқын жұлдыздар”
40. С.Мұқановтың мемуарлық шығармасы
- A) «Балуан шолақ»
- B) «Сұлушаш»
- C) «Өмір мектебі»
- D) «Ботагөз»
- E) «Аққан жұлдыз»
41. Өлең-жырларда тармақтың соңындағы бірнеше буынның келесі
тармақтағы сәйкес буындармен үйлесуі
- A) ұйқас
- B) шумақ
- C) буын
- D) тармақ
- E) бунақ
42. «Сырттандар» ертегісіндегі баланың мінген тұлпары
- A) Тайбурыл
- B) Шұбар ат
- C) Байшұбар
- D) Кербесті
- E) Шалқұйрық
43. Қасым Аманжоловтың “Ақын өлімі туралы аңыз” атты поэмасының
басты кейіпкері
- A) Бауыржан Момышұлы
- B) Баубек Бұлқышев
- C) Қасым Қайсенов
- D) Абдолла Жұмағалиев
- E) Рахымжан Қошқарбаев
44. Шортанбайдың әкесі
- A) Арон
- B) Қанай
- C) Жарылғас
- D) Бабатай
- E) Мөңке
45. Өз шығармаларын орыс тілінде жазған қазақ ақыны
- A) Ф.Оңғарсынова
- B) Т.Молдағалиев
- C) О.Сүлейменов
- D) М.Мақатаев
- E) Қ.Мырза Әли
46. Махамбеттің Исатайға арнаған өлеңі
- A) «Тарланым»
- B) «Мұңайма»
- C) «Күн қайда?»
- D) «О, Нарын!»
- E) «Махамбеттің Жәңгірге айтқаны»
47. Тұлпарына «айналайын» деп тіл қатқан батыр
- A) Ер Төстік
- B) Қобыланды
- C) Толағай
- D) Қамбар
- E) Ер Тарғын
48. Тапқырлықты, аңғарымпаздықты қажет ететін ауыз әдебиетінің түрі
- A) жұмбақ
- B) мақал
- C) мәтел
- D) нақыл сөздер
- E) жаңылтпаш
49. Қатша, Сәлмен, Жарасбайлар арқау болған М.Әуезовтің шығармасы
- A) «Қараш-Қараш оқиғасы»
- B) «Өскен өркен»
- C) «Шекарада»
- D) «Түнгі сарын»
- E) «Қорғансыздың күні»
50. “Диуани хикмет” кітабының авторы
- A) Жүсіп Баласағұн
- B) Махмұт Қашқари
- C) Қожа Ахмет Йассауи
- D) Ахмет Йүгінеки
- E) Арыстан баб Бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар
Бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар
51. Туынды үстеу
- A) шикілей, ақшалай
- B) айтпайынша, осыншалық
- C) жоғары, төмен
- D) нағыз, мүлдем
- E) жорта, ерте
- F) ақырын, қазір
- G) шынымен, ретімен
- H) жылдам, тез
52. Бұйрықты сөйлем
- A) Атамыз қазақ аққуды атпайды.
- B) Самал жел, салқын бақ.
- C) Ойпырмай, сені де көретін күн бар екен-ау.
- D) Сабаққа кешікпей келіңдер.
- E) Қазақта «бақыт» деген ұғым бар.
- F) Айғанша апа, пана бола көріңіз.
53. Жайылма сөйлемнің жақсыз түрі
- A) Көре бергің келеді.
- B) Оның мектепке барғысы келеді.
- C) Саусақтары ырқына көнбейді.
- D) Сонда менің ауданға баруым керек пе.
- E) Айтуға болады ма.
- F) Ит арқасы қияда.
54. Ыңғайлас салалас
- A) Күн сайын бір жаңалық болады, бірақ оған ешкім таңданбайды.
- B) Мейрам шахтадан шығып еді, денесі сергіп сала берді
- C) Мен үндемедім, бірақ өз пікірімде қалдым.
- D) Бас болмақ оңай, бастамақ қиын.
- E) Еңбек адамды көрікті етеді және ойды тазартады.
- F) Мен ол күні келмедім, себебі көлік жоқ болды.
55. Берілген үзіндіге қажетті тыныс белгіні қойыңыз.
Ілініп тұр тауларға,
Дамылдап тірлік қалған ба.
- A) леп белгісі, үтір
- B) сұрақ белгісі, леп белгісі
- C) көп нүкте, сұрау белгісі
- D) үтір , қос нүкте
- E) леп белгісі, сұрақ белгісі
- F) нүкте
56. Абайдың Лермонтовтан аударған шығармасы
- A) «Е.Онегин»
- B) «Шегіртке мен құмырсқа»
- C) « Есек пен бұлбұл»
- D) «Піл мен қанден»
- E) «Теректің сыйы»
- F) « Қарға мен түлкі»
57. Абайдың білім алған жері
- A) Омбыдағы Кадет корпусы
- B) Ахмет Риза медресесі
- C) Орынбордағы орыс-қазақ мектебі
- D) Семейдегі “Приходская школа”
- E) Троицк қаласындағы Ахун Рахманқұм медресесі
- F) Семейдегі мұғалімдер семинариясы
58. А.Байтұрсыновтың «Аққу, шортан, һәм шаян» мысал-өлеңінен шығатын
қорытынды
- A) кішіпейілділік
- B) тәкаппарлық
- C) ағартушылық
- D) надандық
- E) мақтаншақтық
- F) бірлік, ынтымақ
59. Абайдың 1886 жылы жазылған өлеңдері
- A) «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»
- B) «Ғылым таппай мақтанба»
- C) «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
- D) «Болыс болдым, мінеки»
- E) «Интернатта оқып жүр»
- F) «Қыс»
60. «Абай жолы» эпопеясындағы кедей халық өкілі
- A) Қарабатыр
- B) Сүйіндік
- C) Ызғұтты
- D) Базаралы
- E) Майбасар
- F) Дәркембай
Мәнмәтіндік тапсырмалар
1-мәнмәтін: «Асыл шөп»
Злиха мен Бәтима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз бала төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп, қалаға келе жатыпты-мыс. Злиха аһлап-уһлеп, «Шаршадым», – деп, ал Бәтима күліп, әзілдесіп келе жатты.
Сонда Злиха айтты:
– Сен неге мәз болып қуанып келесің? Төбеңдегі жәшіктің ауырлығы менің басымдағыдан кем емес, өзің де менен күшті емессің.
– Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым, – деді Бәтима.
– Ай, ондай болса, шөбіңнің атын айтшы, мен де ауырымды жеңілдетейін, – деді Злиха.
– Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын. Аты – «сабыр», – деді.
61. Сөйлемдегі есімдіктің саны
Сонда Злиха айтты:
– Сен неге мәз болып қуанып келесің? Төбеңдегі жәшіктің ауырлығы менің
басымдағыдан кем емес, өзің де менен күшті емессің.
- A) Алтау
- B) Төртеу
- C) Бесеу
- D) Үшеу
- E) Жетеу
62. Мәтіндегі орыс тілінен енген кірме сөз
- A) сабыр
- B) Бәтима
- C) Злиха
- D) жеміс
- E) жәшік
63. Туынды етістік
- A) болып
- B) емессің
- C) қорқамын
- D) аһлап-уһлеп
- E) қуанып
64. Сөйлемдегі шылаудың түрі
Злиха, Бәтима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз бала төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп, қалаға келе жатыпты-мыс.
- A) себеп-салдарлық қатынасты білдіретін жалғаулық шылау
- B) демеулік шылау
- C) қарсылық қатынасты білдіретін жалғаулық шылау
- D) ыңғайластық қатынасты білдіретін жалғаулық шылау
- E) септеулік шылау
65. Құрмалас сөйлемнің түрі
Злиха аһлап-уһлеп, шаршадым деп, Бәтима күліп, әзілдесіп келе жатты.
- A) көп бағыныңқылы сабақтас
- B) салалас құрмалас
- C) аралас құрмалас
- D) көп басыңқы салалас
- E) сабақтас құрмалас
2-мәнмәтін: «Екі қолдың қайсысы кем?»
Жаңа жайлауға қоныстанған бір бай екі кедей жігітке құдық қаздырады. Құдық қазылып біткен соң, жігіттер байдан ақысын сұрайды. Бай олардың біреуіне саулық, екіншісіне қозы береді. Екінші жігіт оған наразы болады.
Төреге келіп, шағым айтады. Төре байға құдық қазған екі адамның еңбегі бірдей екенін айтады, бірақ құдық иесі өз дегенінен қайтпайды.
Сонда Төре:
— Адамның екі көзінің, екі қолының қайсысы кем? — дейді байға.
— Ешқайсысының кемдігі жоқ. Екеуі бірдей. Сөзіңізге жығылдым, биеке! Өкпелі жігітке қой берейін, — депті амалы құрыған бай.
66. Саулық — __________
- A) жылқының аналығы
- B) сиырдың аналығы
- C) қойдың аналығы
- D) ешкінің аналығы
- E) түйенің аналығы
67. Екі жігіттің еңбекақысы
- A) екеуіне де саулық қой береді
- B) екеуіне де екі қозы береді
- C) біреуіне қозы береді
- D) біреуіне саулық береді
- E) біреуіне саулық, екіншісіне қозы
68. «Адамның екі көзінің, екі қолының қайсысы кем?» деген сөзі арқылы
Төре шешімінің мәні
- A) Екі жігіттің жұмыс істегенін айтуы
- B) Өкпелеген жігітті риза қылғысы келгені
- C) Екі жігіттің еңбекақысын беруін ескертуі
- D) Байдың әділетсіздігін осы сөзбен дәлелдетуі
- E) Наразылықтың болу себебін түсіндіруі
69. Амалы құрып, сөзден жығылған кісі
- A) бай
- B) екі жігіт
- C) төре
- D) екі кедей
- E) бала
70. Мәтінде айтылатын кәсіп түрі
- A) мал бағу
- B) құдық қазу
- C) қой бағу
- D) саулық бағу
- E) жер қазу
Соңғы жаңарту: 18 шілде 2026, 01:06
Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз
Мақаланы телефонда ашыңыз
Осы материал бойынша
AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.
Автор
Bilimger Media