Мазмұнға өту

Өзін-өзі тану пәні сабақ жоспары

Bilimger Media 3 мин оқу 692 оқылым

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары
Тақырып: Табиғат – әсемдік әлемі
Құндылық: Сүйіспеншілік Қасиеттер: сұлулық, мейірімділік, қамқорлық
Мұғалiм: Абилкасимова А.Н.Cынып: 2

Сабақ мақсаты: Табиғатпен үйлесімділікте өмір сүру туралы түсініктерін кеңейтіп, сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Сабақтың міндеттері:
1. Білімділік: табиғат сұлулығының мәнін түсіндіру
2.Дамытушылық: табиғаттағы тірі ағзаларға деген мейрімділік сезімдерін дамыту
3. Тәрбиелік: табиғатты аялауға, қамқор болуға тәрбиелеу Ресурстар:
Интербелсенді тақта, электронды оқулық, бейнеролик, плакат, бояулар
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі

Тыныштық сәті. №4 «Орманға ойша саяхат» 3мин.

2. Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.
Дәптердегі тапсырманы орындау.Дастарқанға қонаққа ұсынатын тағамдардың суреттерін салыңдар.
- Бұл дастарқанға кімдерді қонаққа шақырар едің?

Сабақ барысын талқылау:
Балалармен сәлемдесу. Құралдарын тексеру.

Дәйек сөз.3мин.

«Жайқалсын жасыл әлем өлкемізде,
Сән түзеп көрік берсін жер бетіне» Рысбай Сәтімбеков

Сұрақ: Жер бетінің көріктенуіне не қажет деп ойлайсыңдар?

Рысбай Сәтімбеков – ұстаз, профессор, биолог-ғалым. Мамандығы биолог болғанымен, ол әдебиетке жақын болған. Өлең, мақала жазған.

Дәйек сөз тақтаға жазылады. 2 рет ұлдарға, 2 ретқыздарға айтқызу. Барлығы бірге айту. Дәптерге жазу. Мағынасын ашу.

3. Әңгiмелеу 11мин.
Автор туралы мәлімет. Балтабай Әділов – Алматы облысы, Қастек ауылында дүниеге келген. Театр және кино актері. Көптеген рөлдерді сомдады. «Жүрегім ашық жақсыға» атты кітаптың авторы.

«Табиғат сәні»
Балтабай Әділов
Таң атты. Барлық жан-жануарлар ұйқыдан оянды. Қартайғандікі ме, аң патшасы Арыстан кешеуілдеп тұрды. Керілді, созылды. Айналаға көз салды. Дала жайнап тұр екен. Көңілденіп сала берді.
-Жар салдыр, дейді Жолбарысқа. – Аң біткен жиналсын!
Арыстан үйшігінің алдына аң біткен шүпірлеп толып кетті.
-Бәріңе бір сұрақ беремін,- деді Арыстан, жиналғандарға жағалай қарап алып. – Табиғат сәні неде?
- Жасыл желек -дедіАқбөкен.
-Тоғай- деді Қоян.
- Тау мен тас –деді Арқар.
-Дала, - деді Қасқыр.
- Орман, - деді Түлкі.
- Су, - деді Бұғы.
- Жер, - деді Піл.
- Тас, - деді Аю.
- Көкжиек,- деді Керік.
- Шөп, -деді Борсық.
- Күн, - деді Қодас.
- Құс, - деді Саршұнақ.
Аңдар айтып біттік дегендей, іркіліп қалды. Арыстан оқты көзін үнсіз отырған елікке қадады.
-Сен неге үндемейсің? Елік лып етіп орнынан тұрды да, Арыстанның алдына келіп:
- Тақсыр! Мен айтатын ештеңе қалған жоқ. Меніңше, Табиғат сәні-осы айтылғандардың бәрі. Солардың бәрін қоссақ, табиғаттың сәні шығады.
Еліктің сөзіне бәрі қол соғып, риза болды. Аңдар көңілді тарасты.

Сұрақтар:
1. Арыстан аңдарды не себепті жинады?
2. Аңдардың жауаптары неге әр түрлі болды?
3. Еліктің табиғат сұлулығына берген бағасы қандай?
4.Қалай ойлайсың, табиғаттың сәні неде?
Бейнеролик«Табиғат – адамзатқа аманат»3мин.
Сұрақ: -Осы табиғатты қалай сақтай аламыз?1мин

Мәтінді мұғалімнің оқуы.

Мазмұны бойынша сұрақтар қойылады.

Рөлге бөліп оқу.

Бейнеролик тамашалау.

4. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 8мин.

1топ. (5 бала)Түсіп қалған сөздерді қойып, өлеңді толықтыр.

1.Табиғат ол анамыз,
Табиғатқа баламыз
............... ойнаймыз,
.......... саламыз.

2.Жазда аралап тауында,
............ шомылып,
.......... жауында,
Барамыз біз бауына.

2-топ. (5 бала)Бурабай өлкесі бейнеленген мозайканы құрастыру.
3-топ (5 бала), 4 топ(5 бала) «Мен табиғатты қалай қорғар едім?» тақырыбына жоба жасау. (көлік, зат т.б.)
Әр топ өз жұмысын ортаға шығып қорғайды. Пікір алмасады.

Дәптермен жұмыс.3мин.
• Суретші қандай аңдардың суретін салғысы келген?
• Сол аңдардың ең үлкені қайсы аң деп ойлайсың?

Дәптерде берілген суреттің тиісті бөлігін бояйды.

Қима қағаздар таратылады.

Мозайка, плакат, бояулар беріледі.

5. Үй тапсырмасы.2мин.
«Табиғат» сөзіне сөзжұмбақ құрастырып келу.

7. Соңғы тыныштық сәтi. Баяу әуен қосылады. (3мин)
- Қазір көзімізді жұмайық,бүгінгі сабақты ойша еске түсірейік. Айтылған барлық жақсы ойларды, табиғатқа деген сүйіспеншілігімізді жүрегіміздің түбіне орнықтырайық!
- Енді көздеріңді жайлап ашыңдар. Сабағымыз аяқталды. Белсенді қатысқандарыңа рахмет! Сабақты қорытындылау.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Осы тақырыптағы материалдар

Сабақ жоспарлары

Білдектің түрлері

Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі (білім беру ұйымының атауы) БЕКІТЕМІН: __________ Оңдасынова.Д. Оқу сабағының жоспары Сабақтың тақырыбы: Білдектердің түрлері Модуль /пән атауы: Токарлық өңдеу…

Мадина 38 оқылым 7 мин
Сабақ жоспарлары

План урока "Модуль числа"

Раздел ФИО педагога Абдраханова Роза Керимхановна Дата 09.10.2023 год Класс :6 «Ж» Количество присутствующих: 23 отсутствующих:1 Тема урока Модуль числа Цели обучения, которые достигаются на данном уроке (ссылка на…

Абдраханова Роза Керимхановна 25 оқылым 6 мин
Сабақ жоспарлары

Сказки о художниках

Узденова Гульмира Салыховна Раздел V. ЖИЗНЬ И ТВОРЧЕСТВО ФИО педагога Узденова Гульмира Салыховна Дата 05.02.24 Класс 5 Количество присутствующих: Количество отсутствующих: Тема урока УРОК § 60 Сказки о художниках Цели…

Гульмира Узденова 27 оқылым 3 мин
Сабақ жоспарлары

Кимінің жекелеген түрлерін бейнелеу

ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ № 66 Киімнің жекелеген түрлерін бейнелеу (сабақтың тақырыбы) Модуль /пән атауы: КМ 02 Киім эскиздерін техникалық сурет түрінде орындау Педагог: Бекетова Манат Маратқызы дайындады Күні: 17.11.2023ж…

Манат Бекетова 45 оқылым 6 мин