Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Отан - отбасынан басталады.

Аида
2 мин оқу 317 оқылым

Отан – отбасынан басталады.

Мұғалім: Карибаева Аида Бейбітқызы

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туыстарына деген сүйіспеншіліктен басталады» - деген еді.
Қазақта «Отан – отбасынан басталады» деген дана сөз бар. Шынында да әрбір азамат үшін Отан деген ұғымнан кейін отбасы тұрады. Отбасы Отанның әрбір мүшесін дүниеге әкеліп ортаға қосатын маңызды орын. Әрбір ұлттың қай кезеңде болмасын өз алдында тұратын міндеттерінің бірі және бірегейі өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты саналы ұрпақ тәрбиелеу. Қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Ежелгі ата-бабамыздан келе жатқан ғашықтық жырлары мақал-мәтел, шешендік сөз, күмбірдеген күміс күйі, сыбызғы сырнайының үні, шешендік сөз, айтыс өнері сан ғасыр бойы өз ұлтымызды ар-ожданы жоғары намысқой азамат етіп тәрбиелеп келгені тарих шындығы.
В.А.Сухомлинский «Отан семьядан басталады» деп отбасы – мемлекеттің дұрыс қалыптасуының ең басты тірегі екенін көздеген болатын. Жас ұрпаққа саналы тәрбие беру – Қазақстандағы әрбір отбасының, ата-ананың, мемлекеттің, азаматтың міндеті.
Шындап келгенде әрбір отбасы – қоғам бөлшегі, шағын Отан. Отбасының ұйытқысы – әйел болса, тірегі – ер азаматы. Әйел ерімен қабағы жарасып, тату сүйіспеншілікпен тұрғанда балалар да сүйіспеншілікпен өсетіні анық. Бұл – тәрбие. Ата-ана тәрбиелі болса, адамдық ары биік азамат болады. Егерде ерлі-зайыптылар балалар көзінше бір-біріне қатты, балағат сөздер айтатын болса, кейін өздері үй болғанда алдарынан шығатын жаман әдеттің ұрығын егеді. Қоғамдық тәрбие отбасынан басталады.
Елбасымыз жыл сайынғы жолдауында рухани өмірге, яғни соның ішінде отбасы құндылығын арттыру жайлы адами құндылықтарымызға көп мән беретіні рас. Қазақстан Республикамыздың, мызғымас, мәдениетті, біртұтас мемлекет ретінде көру біздің басты алға қойған мақсатымыз болса, онда өмірге саналы ұрпақ тәрбиелеп және бақытты жасөспірімдерді баулу қажет. Баланы тәрбиелеу жолында қазақ халқының өзіне сай құндылықтарын дәріптеу ұлт ұрпағының жеке тұлға ретінде көрінуге жол береді.

Соңғы жаңарту: 24 қараша 2025, 23:09

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Аида

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Қазақстан тарихы

31 МАМЫР - САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ЖӘНЕ АШАРШЫЛЫҚ ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ

Материалда 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні туралы, ақтау жұмыстары мен мемлекеттік комиссияның міндеттері баяндалады.

Аида 2 мин 48 оқылым
Балабақша

Көшедегі көліктер

Балалар көлік түрлерін танып, түрлі материалдардан жапсыруды үйренеді. Сабақта жол белгілері мен қауіпсіздік ережелері де қамтылған.

Аида 1 мин 257 оқылым
Балабақша

Л дыбысы мен әрпі

Балалар «Л» дыбысы мен әрпін танып, дыбысты сөз ішінен ажыратуға және сөздерге дыбыстық талдау жасауға үйренеді.

Аида 3 мин 592 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Эссе

Экологиялық тәрбиенің мектепке дейінгі білім беру жүйесінде: балаларда қоршаған ортаға қамқорлық сезімін қалыптастыру

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Баспақкөл ауылы №21"Аққайың "бөбекжай-бақшасы Бүгінгі қоғамда табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін ерте жастан қалыптастыру ерекше маңызға ие, себебі экологиялық мәселелер адамзаттың…

Бейсенова Салтанат Аусатовна 2 мин 115 оқылым
Эссе

Эссе жазу үлгісі

Эссе — ойды қысқа, бірақ дәл жеткізетін жазба жұмыс. «Эссе жазу үлгісі» дегенде көп адам дайын мәтінді іздейді. Бірақ ең дұрыс жол — үлгіні құрылым ретінде түсіну: кіріспе → негізгі бөлім → қорытынды. Сонда кез келген…

Bilimger Media 4 мин 903 оқылым