Орта (арнайы), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары педагогінің сабақтан тыс тәрбие іс-шарасын бақылау парағы
Орта (арнайы), техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары педагогінің сабақтан тыс тәрбие іс-шарасын бақылау парағы
1-бөлім
критерийлер |
иә (сабақ барысында) |
ішінара (әрдайым сақталмайды) |
жоқ |
Білім беру кеңістігін ұйымдастыру |
|||
1 Сабақтың/іс-шараның мақсаттары мен күн тәртібі алдын ала айқындалған және қатысушыларға жеткізілген |
|||
2 Сабақ/іс-шара белгіленген уақытта өткізіледі, регламент сақталады. Қатысушылардың белсенді қатысуға (пікір білдіруге, сұрақтар қоюға) мүмкіндігі бар |
|||
Оқушылармен/педагогтермен коммуникация |
|||
1 «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының (бұдан әрі – бағдарлама) құндылықтары байқалады, сабақта/іс-шарада іске асырылады және педагогтің жеке үлгісі арқылы көрсетіледі
деңгей/критерий:
жоғары: бағдарлама құндылықтары (тәуелсіздік және патриотизм; бірлік және ынтымақ; әділдік пен жауапкершілік; заң және тәртіп; еңбекқорлық пен кәсібилік; жасампаздық пен жаңашылдық) нақты белгіленген, сабақ/іс-шара сценарийіне енгізілген, барлық кезеңдерде жүйелі түрде ашылады
орта: құндылықтар атап өтіледі және мазмұнында ішінара іске асырылады, бірақ бүкіл сабақ/іс-шара бойы жүйелі түрде байқалмайды
төмен: құндылықтар не анық белгіленбеген, не сабақтың/іс-шараның мазмұнымен байланыссыз, формальды түрде көрсетілген |
|||
2 Педагог пен қатысушылар арасындағы қарым-қатынас құрметке негізделген: педагог сәлемдеседі, қатысушыларға есімдері бойынша жүгінеді және т.б. Қолайлы орта, сенім мен жайлылық атмосферасы қалыптасады |
|||
3 Қауіпсіз орта қамтамасыз етілген: техникалық қауіпсіздік ережелері сақталады, қауіпсіздік сабақтары (бағдарламаға сәйкес) енгізілген |
|||
4 Академиялық адалдық қағидаттары сақталады |
|||
2-бөлім
№ |
Критерийлер |
3 |
2 |
1 |
0 |
1 |
Сабақтарды/іс-шараларды өткізу |
||||
1.1 |
Сабақтың/іс-шараның мақсаттары мен күтілетін нәтижелері |
Сабақтың/іс-шараның мақсаттары мен күтілетін нәтижелері бағдарлама немесе сабақ/іс-шара міндеттеріне сәйкес келеді, нақты және қолжетімді, қатысушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін, сондай-ақ ерекше назар аударуды қажет ететін балалардың ерекшеліктерін ескере отырып нақты тұжырымдалған және кездесудің басында оларға хабарланады. |
Сабақтың/іс-шараның мақсаттары мен нәтижелері айқындалған, бірақ ішінара немесе жеткіліксіз нақты тұжырымдалған және қатысушыларға хабарланады, бірақ әрдайым талқыланбайды. |
Сабақтың/іс-шараның мақсаттары мен нәтижелері не анықталмаған, не формальды түрде айтылған. Қатысушылар күтілетін нәтижелерді түсінбейді. |
Сабақтың/іс-шараның мақсаттары мен нәтижелері анықталмаған және формальды түрде айтылмаған. Қатысушылар кездесудің күтілетін нәтижелерін түсінбейді. |
1.2 |
Өзара іс-қимыл нысандары және қатысушылардың тартылуы |
Барлық қатысушылардың (100%) белсенді қосылуына ықпал ететін өзара іс-қимылдың әртүрлі және тиімді нысандары (жеке, топтық, пікірталас) қолданылады. Пікір алмасу үшін жағдай жасайды. |
Өзара іс-қимыл нысандары орынды таңдалған және қатысушылардың көпшілігінің (80%) тартылуына ықпал етеді. Кейбір қатысушылар белсенділігі төмен болып қалады, бірақ педагог бұған жауап беріп, оларды тартуға тырысады. |
Өзара іс-қимылдың шектеулі нысандары қолданылады, қатысушылардың шамамен жартысы (50%-дан астамы) белсенді. Сабақ/іс-шара интерактивті емес, ақпараттық сипатта болады. |
Кездесу педагогтің монологы форматында өтеді, өзара іс-қимыл жоқ немесе минималды. Қатысушылар пассивті, тартылу жоқ. |
1.3 |
Қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау және тарту тәсілдері |
Кездесу мақсаттары мен таңдалған формат сабақ/іс-шара міндеттеріне толық сәйкес келеді. Сабақтың/іс-шараның құрылымы қисынды, барлық элементтер мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған. |
Мақсаттар мен формат жалпы алғанда міндеттерге сәйкес келеді, кездесу құрылымы негізінен қисынды, бірақ кейбір элементтер мақсаттарға қол жеткізуге толық ықпал етпейді. |
Мақсаттар белгіленген, бірақ әрдайым таңдалған форматпен байланысты емес. Кездесу құрылымы ішінара қисынды, байланыссыз немесе артық элементтер бар. |
Мақсаттар белгіленбеген немесе кездесу форматымен байланысты емес. Құрылымы ретсіз, кездесу элементтері мақсаттарға қол жеткізуге ықпал етпейді. |
1.4 |
Ойлау дағдыларын дамыту және рефлексия |
Сұрақтар/тапсырмалар сабақтың/іс-шараның мақсаттары мен күтілетін нәтижелеріне толық сәйкес келеді, ойлау дағдыларының дамуын ынталандырады. |
Сұрақтар/тапсырмалар көбінесе сабақтың/іс-шараның мақсаттарына сәйкес келеді, ойлауға және талқылауға ықпал етеді, бірақ ойлаудың барлық деңгейлерін дамытпайды. |
Сұрақтар/тапсырмалар сабақтың/іс-шараның мақсаттары мен күтілетін нәтижелеріне ішінара сәйкес келеді, негізінен ақпаратты қайта жаңғыртуға бағытталған. |
Сұрақтар/тапсырмалар кездесу мақсаттарымен байланысты емес, қатысушылардың ойлануын немесе ойлауын дамытуды ынталандырмайды. |
1.5 |
Жеке тәсіл және кездесу мазмұнын бейімдеу |
Оқыту/тәрбиелеу барлық қатысушылардың қабілеттерін, дайындық деңгейін және жеке қажеттіліктерін толық ескереді. Ерекше назар аударуды қажет ететін балалардың ерекшеліктері толық ескеріледі. |
Оқыту/тәрбиелеу қатысушылардың көпшілігінің қабілеттері мен жеке қажеттіліктерін көбірек ескереді, кейбір элементтер әртүрлі топтарға бейімделген, бірақ жүйелі емес. Ерекше назар аударуды қажет ететін балалардың ерекшеліктері көбірек ескеріледі. |
Оқыту/тәрбиелеу жекелеген қатысушылардың қабілеттері мен жеке қажеттіліктерін ішінара ескереді. Ерекше назар аударуды қажет ететін балалардың ерекшеліктері ішінара ескеріледі. |
Оқыту/тәрбиелеу қатысушылардың қабілеттері мен жеке қажеттіліктерін ескермейді. Ерекше назар аударуды қажет ететін балалардың ерекшеліктері ескерілмейді. |
1.6 |
Ресурстарды пайдалану |
Сабақтың/іс-шараның мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған, күтілетін мақсаттар мен қатысушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес келетін ресурстар көзделген. |
Сабақтың/іс-шараның мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған, күтілетін мақсаттарға сәйкес келетін, бірақ қатысушылардың жеке қажеттіліктерін ескермейтін ресурстар көзделген. |
Сабақтың/іс-шараның мақсаттарына қол жеткізуге бағытталмаған және күтілетін мақсаттар мен қатысушылардың жеке қажеттіліктеріне сәйкес келмейтін ресурстар көзделген. |
Ресурстар қарастырылмаған. |
2 |
Білім алушылармен жұмыс істейтін педагогтердің жұмысына мониторинг жүргізу |
||||
2.1 |
Бағалаудың түрлері мен нысандары |
Барлық білім алушылардың алға қойылған оқу мақсаттарына, күтілетін нәтижелеріне қол жеткізуіне ықпал ететін бағалау түрлері мен нысандары қолданылады. |
Білім алушылардың көпшілігінің алға қойылған оқу мақсаттарына, күтілетін нәтижелеріне қол жеткізуіне ықпал ететін бағалау түрлері мен нысандары қолданылады. |
Қолданылатын бағалау түрлері мен нысандары білім алушылардың алға қойылған оқу мақсаттарына, күтілетін нәтижелеріне қол жеткізуіне әрдайым ықпал ете бермейді. |
Бағалау түрлері мен нысандары жоқ. |
2.2 |
Кері байланыс ұсыну |
Қатысушыларға дамуға бағытталған бағалау критерийлері негізінде сындарлы кері байланыс беріледі. |
Қатысушыларға бағалау критерийлері негізінде сындарлы кері байланыс беріледі. |
Қатысушыларға жалпыланған кері байланыс беріледі. |
Қатысушыларға кері байланыс берілмейді. |
3 |
Рефлексия |
||||
3.1 |
Мақсаттар мен күтілетін нәтижелерге қол жеткізу |
Қатысушылармен бірге сабақтың/іс-шараның қол жеткізілген мақсаттары мен нәтижелері талданады, олардың ілгерілеуі тіркеледі. |
Қатысушылармен бірге сабақтың/іс-шараның қол жеткізілген мақсаттары мен нәтижелері талқыланады, олардың ілгерілеуі тіркеледі. |
Қатысушылармен бірге сабақтың/іс-шараның қол жеткізілген мақсаттары мен нәтижелері белгіленеді, бірақ олардың ілгерілеуі тіркелмейді. |
Сабақтың/іс-шараның қол жеткізілген мақсаттары мен нәтижелері талқыланбайды. |
3.2 |
Сабақтың/іс-шараның қорытындысы |
Даму саласы сабақтың/іс-шараның қол жеткізілген мақсаттары мен нәтижелеріне сәйкес анық және нақты айқындалады. |
Даму саласы нақты емес, бірақ сабақтың/іс-шараның қол жеткізілген мақсаттары мен нәтижелеріне сәйкес айқындалады. |
Даму саласы сабақтың/іс-шараның қол жеткізілген мақсаттары мен нәтижелерімен сәйкес келмейді. |
Сабақтың/іс-шараның қорытындысы шығарылмаған. |
Күшті жақтары (кәсіби, әлеуметтік және тұлғалық құзыреттілік): _______________________________________________
Ұсынымдар (кәсіби, әлеуметтік және тұлғалық құзыреттілік): _______________________________________________
Жиыны: 39 балл (макс. егер білім алушылармен жұмыс істесе); *33 балл (егер мұғалімдермен жұмыс істесе)
максималды баллдан % |
|
«Бірінші деңгей» |
90 |
«Базалық деңгей» |
80 |
«Деңгейсіз» |
70 |
Қысқартулар мен аббревиатуралар:
МЖБС – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;
АКТ – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар;
ЕБҚ – ерекше білім беру қажеттіліктері;
ЦБР – цифрлық білім беру ресурсы.
- #Техникалық және кәсіптік
- #орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы педагогінің сабағын (оқу сабағын
- #Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары педагогінің сабағын (ұйымдастырылған іс-әрекетін
- #Орта (арнайы)
Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз
Мақаланы телефонда ашыңыз
https://bilimger.kz/orta-arnaiy-tekhnikalyq-zhane-kasiptik-orta-bilimnen-keiingi-bilim-beru/
QR суретін жүктеуОсы материал бойынша
AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.
Автор
Bilimger Media