Мазмұнға өту

Оқушылардың ой-өрісін ойын технологиясы арқылы дамыту

Гульсим Мендихановна Сарбалина 4 мин оқу 19 оқылым

Оқушылардың ой-өрісін ойын технологиясы арқылы дамыту

Еліміздің ертеңгі болашағы-бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақ. Сондықтан ұрпақ тәрбиесіне аса жауапкершілікпен қарау баршамызға жүктелер жауапты міндет болмақ.

А.М.Горький «Ойын арқылы бала дүниені таниды»,-десе, А.С.Сухомлинский «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге сарай ашылған үлкен терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, қоршаған дүние туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз-ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» - дейді. Шынында да, бала үшін ойын-өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы ересектерге еліктейді, олардың іс-әрекетін, қарым-қатынастарын үйренеді, еңбектің мәнін түсініп, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рольдер атқарады. Халық даналығы «Ойлы бала ойыннан белгілі», - дейді. Балалардың ойынға деген қызығушылығын, ынтасын сабақ процесімен ұштастырудың маңызы зор. Ол үшін сабақта ойын түрлерін ретіне қарай пайдаланып отыру қажет. Ойын дегеніміз - халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын құралдың бірі. Ойынның түрлері көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын.

Ойын – мектеп жасына дейін және онан кейін де баланың негізгі іс әрекеті. Ойын үстінде баланың тілі дамып, бір затқа бейімділігі, мүмкіндігі және қызығушылығы анық байқалады. Баланың тілі, ой-өрісін дамыту ойыннан басталады.

Ойынды сабақта қолданғанда оның мынадай шарттарға сәйкес болуын қатаң ескеру қажет:

- ойынның балаларға беретін білімдік және тәрбиелік мәні болуы;

- баланың жан-жақты дамуына, танымдық қызметінің артуына әсер етеді;

- өтіліп отырған материалдарға қызығушылығын туғызуы;

- сабақтың мақсатын іске асыруда оқушыларға қажетті білік пен дағдыны қалыптастыруға көмектесетіндей болуы тиіс;

- тілдік материалдарды салыстыра алуы және қорытынды жасай білуі;

- балалардың қоршаған ортамен таныстырудағы ролі болуы.

Халық өзінің қоршаған дүниенің қыры мен сыры егжей-тегжейлі білуді баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре білуді көздеген. Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес.

Ойын арқылы бала түрлі логикалық жаттығуларды орындауға төселеді. Бұл жөнінде белгілі психолог-ғалым А.А.Люблинская “Зейін баланың белсенді әрекетінде туындап қана қоймай, олардың жақсы ұйымдастырылған іс-әрекетінде. Бәрінен бұрын олардың ой еңбегінде де қолдау табатынын айтады”.

Ойын арқылы бала қоршаған ортамен, адаммен, олардың еңбегімен, қарым-қатынасымен танысады. Ойын арқылы олардың ой-өрісі дамиды. Ойын үстінде балалар әртүрлі рөльде жолдастарымен қарым-қатынас жасауға, ойын үстінде ойлана отырып жауап беруге, қиялдауға, елестетуге қабілеттері қалыптасады. Сөздік ойындары балалардың ойлау, есте сақтау қабілетін дамытады.

Ойын ұйымдастыруда балаларға жетекші бола отырып, ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.

Ойын баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, бүкіл өміріне ұштаса береді. Сонымен қатар, ойын-тынысы кең, ойдан-ойға жетелейтін қиялымен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе ақыл-ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы. Ойын ұйымдастыруда балаларға жетекші бола отырып ойнай білуге, ережесін сақтауға, ойлануға бағыттау, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамыту және қозғау, белсенділігін арттыру болып саналады.

Балалардың ой-өрісін дамытатын “Пазл”(құрастыру) ойыны. Бұл ойын бастауыш сынып оқушыларының жылдам ойланып, жылдам ой қорытындысын жасай білу дағдыларын дамытады. Сонымен бірге оқушының кез келген жағдаяттан сүрінбей шыға білуіне де септігі зор. Бұл әдіс барысында оқушылар берілген белгілі бір фигураны құрастыру. Оқушының тапсырманы орындауына қарай оның тіл байлығы мен ой-өрісіне баға бере аламыз.

Балалардың ой белсенділігін, саналы ойлана білуін дамыту, жетілдіру – ұстаздың негізгі міндеті. Ойын баланың ойлау қабілеті мен сөздік қорын дамытуға, дағды мен шеберлікті меңгеруге, қиындылықты жеңуге, төзімділікке баулиды.

Балалардың ой-өрісін дамытуға сөзжұмбақ, ребус, “Ұйқасын тап” ойындарының әсері мол. Мысалы, “Ұйқасын тап” ойыны арқылы балалардың білсем деген ұтымы артып, қызығып, белсенділігі танылады.

1.Өзінше  ноян,

Қорқақ кім? (қоян)

2.Тұмсығымен шымшып,

Құрт тереді… (шымшық)

3.Бата алмас түлкі,

Үсті тікен… (кірпі)

4.Өңеші кең таңдайын,

Дәнге тосты… (комбайн).

Ребустар шешудің де баланың ой ұшқырлығын дамытуға әсері мол. Баланы ұшқыр ойға, тапқырлыққа жетелейтін жұмбақтарды әр сабақ сайын жүйелі пайдалану керек. Сабақта балаларға жұмбақтарды жатқа айтқызудың өзі тілін жаттықтырады.

Ойын – балалар әрекетінің негізгі түрі, сондықтан ол бала өмірінде тәрбие мен білім берудің шешуші шарты болып табылады. Бала өзін қоршаған ортаны адамдар арасындағы қарым-қатынасты білуі мен сезінуі ойын негізінде жүзеге асады.

Ойын түрлерінің ұйымдастырылған тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, балалардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады.

Ғұлама ғалым ағартушы Ахмет Байтұрсынов: “Басқадан кем болмас үшін біз білімді, бай һам күшті болуымыз керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керек-тердің жолында жұмыс істеу керек” - деген екен. Білім беру ісіндегі бүгінгі күннің өзекті мәселесі ел ертеңін ойлайтын білімді де, білікті зейінді де зерделі ұрпақ тәрбиелеу.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Гульсим Мендихановна Сарбалина

Осы тақырыптағы материалдар

Баяндамалар

Отбасы

Отбасы ол өмір баилығы сенің туған қарындас ағаң и әпкең ия отбасы да жеке мәселелер қозғалады отбасы мен кешкі ас ішу және отбасымен бірге қыдыру табиғат аясына шығу секілді және т.б отбасы да бірлік татулық ынтымақ…

Қалиасқар Елдина 41 оқылым 1 мин
Баяндамалар

Дос

Салем дос ! Иә біздің көтеріп отқан мәселеміз дос ол сіздің жанашырың қолдаушың және ең жақын досың иә әр адамда өзінің сенетін досы болады дос деген өміріңде қымбат адам дос ақшаға байлықа сатылмайтын алтын қазына…

Қалиасқар Елдина 42 оқылым 1 мин
Баяндамалар

Доклад на тему:«Современный урок русского языка и литературы»

Мы с вами знаем, что в данное время главная наша задача - мотивировать обучающихся на проявление инициативы и самостоятельности. Учитель должен организовать самостоятельную деятельность учащихся, в которой каждый мог…

Абишева Акмарал Пердебаевна 60 оқылым 14 мин
Баяндамалар

"Ұлттық құндылықтар"

«Ауылдың тыныс-тіршілігі» Кіріспе Ауыл – қазақ халқының рухани және мәдени өмірінің негізі. Ауылдың тыныс-тіршілігі табиғатпен тығыз байланысты, сондықтан ауыл өмірі экология, экономика, және әлеуметтік қатынастардың…

11"Б" сынып оқушылары 42 оқылым 1 мин