Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

1 мин оқу 44 оқылым

Сенбекқызы Зылиха
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы
“А.Бубенцов атындағы орта мектеп”
11 сынып


Мамандық таңдау – әр адамның өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Әсіресе жоғары сынып оқушылары бұл кезеңде көп қиналады. Көптеген оқушылар өздеріне қандай іспен айналысу ұнайтынын білмей, ай сайын мамандық ауыстырып, «әйтеуір бір оқуға түссем болды» деген оймен жүреді. Қазіргі жастардың көпшілігі ҰБТ-ға дайындалудан гөрі, мамандық таңдауға көбірек қиналады. Себебін сұрасаң, «дұрыс мамандық жоқ» немесе «ешқандай мамандық ұнамайды» деген жауап естисің. Негізінде, 8-9-сыныптан бастап оқушылар өздерінің қандай іске бейімі бар екенін байқап, түрлі бағытта өздерін сынап көргені дұрыс. Осы кезеңде олар қызығушылығын анықтап, қай мамандыққа жақын екенін түсіне бастайды. Ал 10- сыныпқа дейін өзіне ұнайтын нақты мамандықты таңдап алса, ҰБТ-ға дайындықты ертерек бастап, уақытты тиімді пайдалана алады.

Қазіргі таңда 11-сыныпта әрі мамандық таңдап, әрі тестке дайындалып үлгермей жүрген оқушылар аз емес. Сонымен қатар, көптеген оқушылар мамандықтан бұрын грантқа басымдық береді. береді. «Грантқа түссем, грантта оқысам болды» деген оймен өзіне ұнамайтын мамандықты таңдап жатады. Алайда университетті аяқтағаннан кейін олардың жұмыс табуы екіталай. Ал жұмыс тапқан күннің өзінде, өзіне ұнамайтын іспен ұзақ уақыт айналысу қиын. Осы себепті бүгінде дипломы бар, бірақ жұмыссыз жүрген жастар саны артып отыр.

Қорытындылай келе, қазіргі заманда мамандық түрлерінің көптігі мен технологияның, жасанды интеллекттің қарқынды дамуы оқушылардың мамандық таңдауда алаңдауына себеп болып отыр. Кейбір мамандықтардың болашағы жоқ деген пікірлер жастардың қорқынышын күшейтіп, дұрыс шешім қабылдауына кедергі жасайды. Дегенмен, кез келген мамандықтың болашағы оны таңдаған адамның біліміне, икемділігіне және заман талабына бейімделуіне байланысты. Сондықтан оқушылар өз қабілеті мен қызығушылығын дұрыс танып, өзгермелі әлемге бейім бола алатын мамандықтарды саналы түрде таңдауы қажет. Сонда ғана болашаққа сенімді қадам жасап, өз орнын таба алады.

Авторы
Сенбекқызы Зылиха

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Оқушы

Тарихы тұғырлы Отырар

3-сынып оқушысының ғылыми мақаласында Отырардың Ұлы Жібек жолындағы орны, археологиялық мұрасы, қала мәдениеті және тарихи тағдыры қарастырылады.

Bilimger Media 6 мин 49 оқылым
Оқушы

Студенттердің жұмыс пен оқуды қатар алып жүруі

Студенттердің жұмыс пен оқуды қатар алып жүруі: қажеттілік пе, әлде таңдау ма? Қазіргі таңда көптеген студенттер білім алумен қатар жұмыс істеуді таңдайды. Бірі қаржылық тәуелсіздікке ұмтылса, енді бірі болашақ мамандығы…

Жұбат Жамила Саматқызы 1 мин 72 оқылым
Оқушы

Қазіргі қоғамдағы қыз тағдыры

Қазіргі қоғамдағы қыз тағдыры: мүмкіндік пен жауапкершілік Қыз бала – отбасының ғана емес, ұлттың да болашағы. Қазақ халқында «Қыз – қонақ», «Қыздың жолы – жіңішке» деген нақыл сөздер бекер айтылмаған. Бұл – қыз баланы…

Жұбат Жамила Саматқызы 2 мин 65 оқылым