Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Оқушы үлгеріміндегі ата-ананың рөлі

Bilimger Media
3 мин оқу 744 оқылым

Мақсаты: Мектеп пен ата - ана арасындағы қарым-қатынасты күшейте отырып, отбасында балаға ата - ананың ықпалын арттыру.

Бала тәрбиесінде ата - ананың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру, сабақ үлгеріміне үйден қадағалау жасау, ата - ана бойына өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауда қызығушылықтарын дамыту.

Қазіргі кездегі мектептің қойып отырған талабы жеткіншек ұрпақтарды негізгі пәндермен терең де, берік қаруландыру, ал меңгерген ілімдерді күнделікті өмірде өз діңгейінде шеберліктермен қолдана білу. Мұндай күрделі мәселені мектеп тек қана ата-ананың бірігіп жұмыс істеу нәтижесінде шеше ала-алады.

Мектепке барған бала жаңа түрлі оқумен шұғылдана бастайды. Бірінші сынып оқушыларының оқуға деген талабы болады. Бірақ алғашқы мектепте оқуға деген сыртқы еліктеу. Сондықтан осы бастауыш сыныптан бастап оқуға деген қызығушылыған қалыптастырмаса оқу жылының соңында оқушылырдың оқуға тіптен мектепке бару талабы жойылады. Сол себепті ата-ана баланың оқып жүргеніне немқұрайлы қарамауы тиіс. Амалсыздан оқып жүрген оқушының өзіне де, отбасына да, мектепке де зиян тигізеді. Осыған байланысты баласын мектепке барған күннен бастап оның оқуына, тәртәбәне көңіл бөліп, тиісті дәрежеде қадағалап отыруы тиіс. Оқушыларда оқуға деген, алғашқы мұғаліміне деген сүйіспеншілік пайда болады. Ата-ана мұны әрқашан қолдауы тиіс. Мұғалім туралы айтқан дерек сөздер оны мұғалімнің абыройын төмендетіп, баласының мұғалімге, ол жүргізетін пәнге деген қызығушылығын жойып жібереді. Ата- анасы баласы кейбір қиын мәселені шеше алмай жатқанда оны кекетпеуі керек, себебі ол баланың алғашқы қадамдары. Егер бала ата-анасының керек кезде көмектесетінін білсе, оларға дегн сый-құрметі артады. Төмен баға алса, олрдан ұялып, қысылады. Сөйтіп, келесі жолы жақсы баға алып, ата-анасын қуантуға тырысады.

Ата-аналар мектеп мұғалімдерімен кездесіп отыру пайдалы ғана емес, қажет те. Ол кездесулер мектеп пен жанұя арасында тығыз байланыс орнатуға, оқушылардың оқуы мен тәртібінде кемшіліктерді болдырмауы үшін дер кезінде шара қолдануға мүмкіндік береді.

Ата-ананың көп көмектесетін мәселесі, ол мұғалімнің бірінші сынып оқушыларына қояын талаптары. Ата-ана баласына тек қана 4 пен 5 алу керек деген талап қояды. Мұны естіген бала ата-ансының 2 мен 3 деген баға тұрған күнделіктің бетін жыртуға, бағаны түзеуге немесе басқаша жолдармен оларды алдауға барады.

Сол себепті ата-ана баға баланың оқудағы маңызды, бірақ басты мәселе емес екенін түсінуі керек. Тек жақсы баға үшін оқыған балада танымды қызмет пен қызығушылықтың дамуы екі талай. Сонымен қатар бала өтірік айтуға, тек өзіне пайдалы жаққа әдістенуге, жағымсыз қылықтарға үйренеді. Егер баласы 2 алса, оның себебін біліп, тез жою шараларын қолдануы керек. Үштік бағамен де қанағаттанған дұрыс емес. Бұл баға да баланың біліміндегі олқылықтарды көрсетеді.                                                                                                                                                                           Сол себепті 2 мен 3 деген баға оқушыға көмек керек екендігін көрсетеді. Ата-ана баланың үйде жасайтын өзіндік жұмысына жағдай жасауы керек. Бала өз оқуының туыстары үшін аса маңызды екенін түсінуі керек. Ата-ана баланың бойына лайықты жабдықтары бар оқушы жұмысын жасауы керек. Оқуға барған күнне бастап бала үйде белгілі бір уақытта сабақ дайындауы үшін күн тәртібі болуы керек. Бала сабаққа дайындалғанда бөлмеде тыныштық болуы керек.. Сондай-ақ бала әке-шешесінің, оның оқуына үлкен мән беретінін байқайды. Үйде сабағын тамақ ішетін столда дайындайтын балалар бар. Мұндай жағдайда ата-анасы баланы өз бұрышына жіберуі керек. Сөйтіп сабақ оқуына жағдай жасалмаған, мән берілмеген баланың сабақ оқуға қызығуы бірте-бірте азаяды.

Күн тәртібі:

Тұру - 07.00.

Таңертеңгі дене шынықтыру, жуыну - 07.00-07.20.

Таңертеңгі тамақ - 07.40-07.35.

Мектепке баратын жол - 07.40-07.55

Мектепте - 07.55-12.35

Үйге баратын жол - 12.35-12.55.

Түскі тамақ-13.00-13.30

Демалу-13.00 - 14.00

Сабақ дайындау-14.00-15.30

Ойын уақыты-15.30-17.30

Кешкі тамақ-18.00-19.00

Серуендеу-19.00 - 20.00

Теледидар уақыты-20.00-21.00

Жуыну - 21.00- 21.30

Ұйқы - 22.00

Осындай күн тәртіптің уақытында орындалуы, еңбек пен демалысты кезектесіп отыруына мүмкіндік тудырады.

Жазбаша үй тапсырмасын орындау барысында оқушы:

  • Жаңадан берілген жазбаша жұмыс түрлерін орындауда бұрынғы жіберілген қателерімен жұмыс істеуден бастауы керек.;
  • Егер жазбаша жұмыс белгілі бір дәрежеге сай орындалуы тиіс. Ол ережені оқулықтан оқып, жаттап алуы керек;
  • Жазбаша жұмыста баланың жазғанын, оның әр бөлігін жиі тексеріп отырған жөн.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Баяндамалар

Отбасы

Баяндамада отбасы мүшелерінің бірлігі мен өзара қолдауы, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және отбасының өмірдегі орны сөз болады.

Қалиасқар Елдина 1 мин 43 оқылым
Баяндамалар

Дос

Баяндамада достың жанашырлығы мен адам өміріндегі орны айтылады. Мәтін достықты бағалап, айналаға жақсылық жасауға шақырады.

Қалиасқар Елдина 1 мин 43 оқылым
Баяндамалар

Доклад на тему:«Современный урок русского языка и литературы»

Мы с вами знаем, что в данное время главная наша задача - мотивировать обучающихся на проявление инициативы и самостоятельности. Учитель должен организовать самостоятельную деятельность учащихся, в которой каждый мог…

Абишева Акмарал Пердебаевна 14 мин 61 оқылым
Баяндамалар

"Ұлттық құндылықтар"

Баяндамада ауыл шаруашылығы, мәдениет пен дәстүрлер, отбасы және тұрғындардың өзара көмегі сөз болады.

11"Б" сынып оқушылары 1 мин 42 оқылым