Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Онсыз да өмір аз ғана...

Bilimger Media
1 мин оқу 1 112 оқылым

Сейтжапар Елнария
Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық колледжі

«Бақыттылар байқамайды уақытты,

Әлсін-әлсін сағатыңа қарама» - десе де, жаңа ғасыр, жаңа заманда уақытты есептемеу үлкен қателік. Уақыт та бір жаратылыс, ұсталынбайтын, көрінбейтін, өзегіңді өртеп, бармағыңды тістететін, жанарыңды жайнатып, бақытты қылатын. Кез келген кеудесінде жаны бар тіршілік иесі де және  қолданыстағы барлық затарға да  санаулы уақыт берілген. Сізге де, маған да. Қамшының сабындай ғана қысқа, бес күндік фәниде жақсылық жасаудан жалықпай, барға тәубе, жоққа сабыр етіп, адалдықтың ала жібін аттамай, біреудің бақытына балта шаппай өмір сүруге кім кедергі!? Адамы адалдығы үшін ұялатын аялақ ғасырда өз қара басыңыз бен пайдаңызды ғана ойламай, ар аттамауды басты мұра етіп, «Құраным – қасиетім» деп, Тәңірге бас иіп, жесірді жылатпай, жетімді жалғысыратпай, асфальт пен әжетхананы шақалақтарға толтырмай, балалар мен қарттар үйін болдырмай, жақсы болып көрінуді мақсат етпей,  ата-ана үмітін ақтап, бұл өмірде жақсылықпен  неге тіршілік етпеске?!

Бір немесе бірнеше рет асудан аспаса сағы сынатындар қаншама? Жаратқан Алла он сегіз мың ғаламды жаратты. Қанша ғаламшар, қанша халық, қанша ұлт, қанша тіршілк иесі? Енді ойлаңызшы, үлкен әлемде сіздің қиындығыңызды қиындық деуге болады ма?!

Бір рет қана берілген мүмкіндік, бір рет қана сүретін өмір, әділетсіздік пен зұлымдықты жеңу жолында жалғанға да жол беріңіз, тек адами қасиетіңізден айырылмаңыз!  Өз еркіндігіңіздің қожайыны, арыңыздың құлы болып, бүйрегіңіздің мейірімділікке бұрып тұрғаны, көңіліңіздің Сарыарқадай кең болуының несі айып?!

«Адамның келте өмірін,

Жұлдыз бен жердің

Қашықтығынан жаратса.» - деген екен өнерді биік қойған халық ақыны Мұқағали атамыз.

Өмір бұл өлшемнен де ұзын, тек әр сәтті бағалай біліңіз.  Жақсылықта, жамандық атауын білмей, махаббат пен әділдік билеген кезеңде игі іс жасап ғұмыр кешейік. Онсыз да ғұмыр аз ғана...

Соңғы жаңарту: 24 қараша 2025, 23:10

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Эссе

Экологиялық тәрбиенің мектепке дейінгі білім беру жүйесінде: балаларда қоршаған ортаға қамқорлық сезімін қалыптастыру

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Баспақкөл ауылы №21"Аққайың "бөбекжай-бақшасы Бүгінгі қоғамда табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін ерте жастан қалыптастыру ерекше маңызға ие, себебі экологиялық мәселелер адамзаттың…

Бейсенова Салтанат Аусатовна 2 мин 115 оқылым
Эссе

Эссе жазу үлгісі

Эссе — ойды қысқа, бірақ дәл жеткізетін жазба жұмыс. «Эссе жазу үлгісі» дегенде көп адам дайын мәтінді іздейді. Бірақ ең дұрыс жол — үлгіні құрылым ретінде түсіну: кіріспе → негізгі бөлім → қорытынды. Сонда кез келген…

Bilimger Media 4 мин 902 оқылым