Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ондық бөлшектерге амалдар қолдану.

Bilimger Media
6 мин оқу 1 209 оқылым

Сабақ  жоспары.№167

Пән  атауы : Математика

Күні : 13.04.2016 ж

Сынып : 5

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерге  амалдар  қолдану.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: « Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерге  амалдар  қолдану» арқылы  алған  білімдерін  қайталау, терең  меңгеруге  ықпал  ету.
Дамытушылық: Ойын  элементтері  арқылы  оқушылардың ойлауын, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, өз ойын сауатты түрде жеткізе білуді қалыптастыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, оқуға, саналы сезімге, жауапкершілікке өз бетінше еңбектенуге, тез ойлап, тез қорытуға және сөйлеу мәнеріне тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Қорытындылау сабағы.
Көрнекіліктері: 1. Слайд-презентация

2.Деңгейлік  тапсырмалар

3. Бағалау парағы.
Оқыту әдістері: Түсіндірмелі сұрақ – жауап, деңгейлеп  дамыта  оқыту, ойын технологиясы  элементтері.

Оқытудың  формасы : Бірлескен  ұжымдық  іс-әрекет.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу

2.Сабаққа  келмеген  оқушыларды  анықтау

3.Оқушылардың  сабаққа  дайындығын  тексеру

4. Оқушылардың  зейінін  сабаққа  аудару.

    Берілген  суреттердің  ішінен  сабақтың  басындағы  сенің  көңіл  - күйіңді  көрсететінін  белгілі

Менің  көңіл- күйім  жақсы , сабаққа  дайынмын

Көңіл  күім  онша  емес

Мен  қобалжып  отырмын

II. Үй тапсырмасын тексеру. №1677.(амалдарды  орындау)

Жұмбақ : Бүтін  менен  бөлшекті

Үтірменен айырған.

Әп-әдемі  жазылар,

Айтыңдаршы  қандай  сан ?   ( ондық  бөлшек)
ІІІ. Сабақ  жоспарымен  таныстыру

ΙV. « Ой  толғау»  бөлімі ( сұрақ - жауап)

V. « Білімін  тексеру»  бөлімі.

VI. «Кім  жылдам ? » бөлімі.

VII.«Кім  ойшыл ?»  бөлімі.
Қорытынды
« Ой  толғау»  бөлімі.

1.      Ондық  бөлшек  дегеніміз  не ?(мысал)

2.      Ондық  бөлшектерді  салыстыру  дегеніміз  не ? (мысал)

3.      Ондық  бөлшектерді  координаталық  түзуде  салу.

4.      Ондық  бөлшектерді  қосу  және  азайту.

5.      Ондық  бөлшектерді  көбейту  және  бөлу.

V. « Білімін  тексеру»  бөлімі. (деңгейлік  тапсырмалар  беріледі)

А  деңгейі.  1) (2,6 + 3,7 ) · 5 = 6,3 · 5 = 31,5

2) ( 14,7 + 23 45 ) : 11 =  14,7 + 1195  = 14,7 + 23,8 = 38,5

38,5 : 11 = 3,5

3)   жұлдызшаның  орнына  тиісті  санды  қою.

1 * 3 , *

2 * , 3 *

* 9 * , 8 1

4) Салыстыру :  1,91 <19,1                               5,99 <6

В  деңгейі.  Берілген  теңдеулерді  шешіп, жауаптарын  сәйкестендіріңіз:

  ( 3,557 + х ) : 2 = 4                                                                           204

( 12,392 + х ) : 5 = 2,365 + 2,635                                                     4,443

х - 712  = 85                                                                                        12,608

( 3,557 + х ) : 2 = 4             ( 12,392 + х ) : 5 = 2,365 + 2,635                 х - 712  = 85

3,557 + х = 4 · 2                 ( 12,392 + х ) : 5 = 5                                      12х-7х12 =85

3,557 + х = 8                      ( 12,392 + х ) = 5 · 5                                      512
х
=85

х = 8 – 3,557                       х = 25 – 12,392                                              5х = 1020

х = 4,443                            х = 12,608                                                        х = 204

   С  деңгейі. VI.  «Кім  жылдам ?» бөлімі.

    Берілген   сұрақтарға  жауап  беріп , жауаптың  жанындағы  әріптерді  құрастырып  оқитын  болсақ , ондық  бөлшектерге  алғаш  үтір  қолданған  математиктің  есімі  шығады.

22,3

434100

45,23

0,07

0,55

3,4

К

Е

П

Л

Е

Р

1. Л. 2,45 :  35  = 0,07

2. Р. Ондық  бөлшек  түрінде  жазу : 21410   = 3,4

3. П. Өрнектің  мәнін  табу : 4,3х + 81у  , мұндағы  х = 1,1     у =  0,5 = 45,23

4. Е. Ондық  бөлшекті  жай  бөлшек  түрінде  жазу : 4,34 = 434100

5. К. 19,07 + 3,23 = 22,3

6. Е. 4 – 3,45 = 0,55

Сергіту  сәті :  Оң  қолымда  5  саусақ

Сол  қолымда  5  саусақ

5 –ке  5- ті  қосқанда

Болып  қалды  10  саусақ.   Және  көзге  арналған   жаттығу.

VII . «Кім  ойшыл ?»  бөлімі. Мәтіндік  есептерді  амалдар  қолдану  арқылы  шығару.

1.      Меншікті  жылдамдығы  19,5 км/сағ   моторлы  қайық  ағыс  жылдамдығы  2,8 км/ сағ өзенде  ағыспен  2 сағ ,  ағысқа  қарсы  3 сағ  жүзді. Моторлы  қайық  барлығы  қанша  қашықтықты  жүзіп  өтті ?

Берілгені: V(мен. жылд.) = 19,5 км/сағ                                         Шешуі :

V(ағыс.қарсы. жылд.) = 2,8 км/сағ                                   S = Vt

t ( ағыспен)  =  2 сағ                                 S = 2 (19,5 + 2,8) + 3(19,5 – 2,8) =

t ( ағыс.қарсы)  =  3 сағ                             2 · 22,3 + 3 · 16,7 = 44,6 + 51,1 = 94,7

Табу  керек : S ( қашықтық) - ?                                   Жауабы : 94,7

2.      Жолаушылар  пойезында  15  вагон  бар. Оның  0,6- сы   купелі , қалғандары  пласкарт  вагондар. Жолаушылар  пойезында  неше  пласкарт  вагон  бар ?

Берілгені: Барлық  пойыз = 15                                      Шешуі :

Купелі = 0,6-сы                                       15 · 0,6  = 9   (купелі)

Табу  керек : Пласкарт  вагон  - ?            15 – 9 = 6      (пласкарт)

Жауабы : 6   (пласкарт)

Қосымша  тапсырмалар:

Семантикалық   карта. Есептеп жауаптарын  тауып , кестедегі  сәйкес  келетін  әріпті  белгілеген  кезде Қазақстан  бойынша  9  қорықтың  біреуінің  аты   шығады.

№

Тапсырма

7,75

6,2

1,6

4,65

0,024

216,7

1

18,6: 3

И

Ү

С

А

Б

В

2

8,13 · 5

Д

Л

А

С

К

Р

3

19,7 · 11

Р

П

Ө

Б

Қ

Т

4

0,6  : 25

Ж

А

Қ

Л

І

З

5

2,5 · 3,1

Р

К

Д

Р

О

И

6

3,68 : 2,3

П

О

Т

Т

Н

У

Жауабы : ҮСТІРТ  ҚОРЫҒЫ

Орналасқан  жері  - Маңғыстау  обылысы

Құрылған  мерзімі – 1984 жыл

Жер  көлемі – 223,3 мың  гектер

Үстірт  қорығында  кездесетін  мына  жануарларды  қайсысы  жойылып  кеткен  түр  санатына  жатқызылады  және  халықаралық  деңгейде  қорғауға  алынған ?

1. Қабылан                  2. Қарқұйрық                  3. Қарақал                   4. Үстірт арқары

8

0,6

1,8

-          6,2                                                       : 3

·

0,3

4

2,4

1

+ 0,7                                                                       : 8

Жауабы : 1 ,  яғни  Қабылан.

Сабақты  қорытындылау

Венн  диаграмма

Рефлекция

!

Сабақ  өте  жақсы  ұнады  және  бар  мүмкіндігімді  пайдаландым

! ?

Сабақ  ұнады  және  өз  мүмкіндігімше  қатыстым

?

Тарау  бойынша  әлі  жұмыс  жасау  керек

Үйге тапсырма: № 1127 амалдарды  орындау.

Бағалау

Қорытынды

-         Деңгейлік  тапсырмалардың  А және  В  деңгейін  орындағандар :   « 3 »

-         А , В , С  деңгейін  орындағандар  :   « 4 »

-         А , В , С  және  қосымша  тапсырмаларды  орындағандар  : « 5 »

Аты - жөні

А деңгейі

В деңгейі

С деңгейі

Қосымша  тапсырма

Сабаққа  қатысуы

Рейтинг

Бағасы

Асан  Меруерт

+

+

+

+

+

Өте  жақсы

5

Аубашева  Мөлдір

+

+

-

±

±

Орташа

4

Дюсенбек  Бектас

+

+

-

-

±

Орташа

4

Дудник Айнагүл

+

+

+

+

±

Жақсы

5

Жеңісбек  Аяулым

+

+

+

+

±

Жақсы

5

Тлеулесова  Диляра

+

+

-

±

-

Жақсы

4

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Bilimger Media

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Сабақ жоспарлары

Білдектің түрлері

Теориялық сабақ жоспары токарлық, карусельді, жоңғыш, револьверлік және тіс кесу білдектерінің түрлерін таныстырады. Білімді бекітуге арналған сұрақтар мен «Ыстық орындық» әдісі берілген.

Мадина 7 мин 38 оқылым
Сабақ жоспарлары

План урока "Модуль числа"

6-сыныпқа арналған сабақ жоспарында сан модулінің анықтамасы мен белгіленуі түсіндіріліп, оның мәнін табуға арналған оқу тапсырмалары берілген.

Абдраханова Роза Керимхановна 6 мин 26 оқылым
Сабақ жоспарлары

Сказки о художниках

5-сыныпқа арналған сабақ жоспарында суретшілер туралы мәтінмен жұмыс, ақпаратты анықтау және жіктеу есімдіктерін меңгеру тапсырмалары берілген.

Гульмира Узденова 3 мин 27 оқылым
Сабақ жоспарлары

Кимінің жекелеген түрлерін бейнелеу

Киімнің жекелеген түрлерін техникалық сурет ретінде бейнелеуге арналған тәжірибелік сабақ жоспары. Сабақта киім эскизін салу дағдылары қалыптастырылады.

Манат Бекетова 6 мин 45 оқылым