Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Әй, достарым!

Ыбырай Алтынсарин · 1841–1889 · 23 жол

Әй, достарым, жігіттерім,
Болмасқа болушы болма,
Қолыңнан келсе қыл қайыр,
Кісіден алушы болма.
Жақсының жүзі жәндеттіЖәндетті — ажарлы деген мағынада,
Бір көруің қаныбетті,
Жаманның ісі міндетті,
Зар берсеЗар берсе — жалынса деген мағынада алушы болма!
Жоғары қарап оқ атпа,
Өзіңнің түсер қасыңа!
Ақылсыз жанды досым деп,
Басыңды қосып сыр айтпа.
Күндердің күні болғанда,
Ол жаман айғақ болар басыңа!
Бар күшіңді сынаспай,
Балуандармен күреспе.
Таң боларсың әлемге.
Сөз боласың көлемге.
Ақылсыз достан — ақылды дұшпан артық,
Дұшпаныңнан бір сақтан!
Сырты майда, іші қан,
Ел ішіне жар-жора,
Достарыңнан бір сақтанғанда, мың сақтан!

Ыбырай Алтынсарин өлеңдері

Барлық 7 шығарма

Басқа ақындардың өлеңдері