Сырық мойын, біз мұрын
Мағжан Жұмабаев · 1893–1938 · 10 жол
Сырық мойын, біз мұрын,
Шіркін, тұздай көзіңіз.
Қыт-қытындай тауықтың
Құйылып тұр сөзіңіз.
Кірпішеткенің ұнындай
Опа басқан жүзіңіз.
Жүз төңкеріп көзіңіз,
Жақындайсыз өзіңіз.
Сізге кім ғашық болмасын?
Мәселен, біз өзіміз...