Баймағамбетке қатынының атынан шығарылған
Абай Құнанбайұлы · 1845–1904 · 8 жол
Ажынның жақсы-ақ қызы едім,
Жетістірем деп алды.
Тілеуін түзден тілесе,
Баста мені неге алды?
Сол желікеннен желігіп,
Жынды сары жоғалды.
Ойбайлаған болайын-ай,
Жоқтамасам, обалды-ды.