Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Ой мен ойын шоуы

Сидербаева Гулмира
3 мин оқу 760 оқылым

Сидербаева Гулмира

Тақырыбы:  Ой мен ойын  шоуы

Мақсаты:Оқушыларды математика апталығына белсенді араластыру, қарым –қатынас жасау. Басты мақсат ойнай отырып ойлау.

Түрі:Математикалық ойын

Көрнекілігі: Парақшалар, тақта

Жалпы білім беретін Бесікті орта мектеп-интернатының белсенділері мен математика жұлдыздары шеберліктерін пайдаланып, әрі  білімдерін ұштастырып 40 минуттың ішінде аса құлшыныспен жеңіске жетудің жолдарын көрсетеді. Олар ойын барысында қиындыққа да,  күлкілі жәйтке де тап болады.  Сіздер бұның барлығын тамашалай аласыздар. Бұл ойында жеңілген топ еден жуады, сондықтан да жеңіске ұмытылыңдар. Ойын 5 бөлімнен тұрады және шарт бойынша 2 командада 6 адамнан болады. Басты мақсат ойнай отырып ойлау.

І  топ – Құрамы:

ІІ топ –    Құрамы:

Қай топ бастау керектігін анықтау үшін, топ басшылары сулифа жасайды

«Ой мен ойын» шоуы  5 бөлімнен тұрады:

І бөлім. Сандарды тап

ІІ бөлім. Көп сөйлеме

ІІІ бөлім. Суреттер сөйлейді

IV бөлім. Сөз жұмбақ

V бөлім. Бетпе-бет

 І бөлім. « Сандарды тап» бөлімінің  шартымен таныстырайық:  Берілген қарапайым есептерге сандарды сәйкестендіреді.

І топқа:

1.Термометр аяз болғасын –үш градус көрсетіп тұр, осындай екі термометр неше градус көрсетеді?  ( 3)

2.Он бір түйе, бес жылқы.

Екі сиыр, бес ешкі

Екі қоян үш түлкі

Таба алмайсың бос күлкі      ( 28)

  1. «Бейжің» олимпиадасы қай жылы болды? (2008)
  2. квадраты неге тең? (1225)

ІІ топқа: 1. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық? ( 4)

2.Бес бұтақты ағашта

Бұтақ сайын бес алма

Біреуін бер алашқа,

Қалады сонда қанша алма     ( 24)

  1. «Лондон» жазғы олимпиада ойыны қай жылы болды? (2012)
  2. квадраты неге тең? (729)

ІІ бөлім. «10 сұрақ» бөлімінің шарты: Математика, информатика және физикаға байланысты сөздерді  ыммен (мимикамен) түсіндіру. Топтың капитаны ортаға шығып, топтың құрамына  2 минут уақыт ішінде  сөз жасырады. Түсіндіре алмаған сөздерді келесі деп жүре беруге болады.

І топқа: қосу,  таразы,  Ғ күш, көбейту, компьютер, шеңбер, бөлу, бұрыш,тышқан (мышь), циркуль

ІІ топқа: азайту, теңдік, үйкеліс күші, пернетақта, ромб, теңсіздік, түзу, диск,  сызғыш

ІІІ бөлім. «Суреттер сөйлейді» бөлімінің шарты: топ мүшелері кезекпен –кезек  санға байланысты мақал – мәтелдерді 30 секунд ішінде  тақтаға суреттеп, тобына түсіндіру. Топтың құрамы сол суреттен мақал құрастыру керек.

І топқа:

1.Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.

  1. Отыз тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды.
  2. Жігітке жеті өнер де аз
  3. «Он бесте отау иесі
  4. Бас екеу болмай, мал екеу болмас

6.Бес бармақ жиналса, жұдырық болады

ІІ топқа:

  1. Құтты қонақ келсе, қой егіз табады
  2. Жеті қарақшыны таныған, жеті күнде адаспас
  3. «Бір тал кессең он тал ек»
  4. Жігіт сегіз қырлы, бір сырлы болсын
  5. «Бес саусақбірдейемес
  6. Төртеу түгел болса,        төбедегі    келеді

Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.

IV бөлім. «Сөз жұмбақ» бөлімінің шарты: Бұл бөлімде топтың құрамының көздері байланады, қолдарына әріптер беріледі, сол әріптен қойылған сұрақтың жауабын құрастыру.

І топқа:

  1. Біз санбыз сызықпен бөлінген

Математиканы ұқпас адамға

Құбыжық боп көрінген

Дұрыс, бұрыс, аралас

Ондық болып бөлінген    (бөлшек)

2.Құрамында әріпі  бар өрнек (теңдеу)

  1. 1;2;3;4;....п; сандар жиыны қалай аталады (тізбек)

4.Сандар екіге бөлінеді. Жай сандар, (құрама)

ІІ топқа:

1.Бұрыштың өлшемі (градус)

  1. теңдеуінің графигі (шеңбер)

3.төрт амалдың бірі (азайту)

  1. Абсолют шама (модуль)

V бөлім. «Бетпе-бет» бөлімінің шарты: Бұл бөлімде капитан ортаға шығады, топ мүшелерінің  қолдары байланады. Оларға кезекпен – кезек мектепке және қоршаған ортаға байланысты сөздер көрсетіледі, сол сөзді капитандарына ыммен (мимикамен) түсіндіреді.

1.кітап7.тақта

2.сөмке                                                  8.компьютер

  1. серуендеу9. домбыра

4.парта10.мұғалім

5.Тал,ағаш11. қалам

  1. микрофон 12. мектеп

Қорытынды: «Ой мен ойын» шоуы осымен аякталды. Ұпай сандары есептеліп, жеңілген топ ортаны тазалайды, жеңген топ жеңіске жетеді

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Сидербаева Гулмира

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Математика

Математикада логикалық ойлауды дамыту - олимпиадалық табыстың кілті

Жетісу облысы, Көксу ауданы, Кеңарал ауылы «С.Қырықбаева атындағы мектеп жанындағы шағын орталық бар мектеп»КММ. Математика пәні мұғалімі Кіріспе Қазіргі білім беру жүйесінде математикалық олимпиадалар оқушының…

Қажыбай Ернар 2 мин 53 оқылым
Математика

Математика мен физика сабақтарын кіріктіріп оқыту: 7-сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары

Мақалада 7-сыныпта математика мен физиканы кіріктіріп оқыту тәсілдері, ортақ тақырыптар және STEM жобалары арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту жолдары қарастырылады.

Bilimger Media 3 мин 54 оқылым
Математика

Ұлттық педагогикалық мұраны математика сабағында тиімді қолдану жолдары

«Астана қаласының әкімдігінің Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясы» ШЖҚ МКК математика пәнінің мұғалімі, Астана қ., Қазақстан АННОТАЦИЯ. Мақалада ұлттық тәрбие жүйесін қазіргі білім мазмұнына кіріктірудің…

Жақсылық Жания Дарханқызы 5 мин 107 оқылым
Математика

Математика мен күнделікті өмірдің байланысы, сабақтағы жобалық жұмыстардың маңызы

Мақалада математиканы күнделікті өмірмен ұштастыру жолдары мен жобалық жұмыстардың оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы маңызы қарастырылады.

Bilimger Media 3 мин 56 оқылым