Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

Кісі мен көлеңке

Байтұрсынұлының «Қырық мысалы» · Ахмет Байтұрсынұлы · 1 мин оқу

Айтайын бір тентектің әңгімесін,
Демендер:
«Сөз ғып жазған мұның несін?»
Есі ауыс көре салып, қуалады
Өзінің ұстаймын деп көлеңкесін.
Бұл қуса, көлеңкесі алыстады,
Жүгірсе, жүйріктігі қалыспады.
Қатты да, жай да қуды - ұстатпады,
Болғанша бар өнерін қарыштады.
Тентектің бір мезгілде кірді есі:
«Әуре боп қуып, маған қажет несі?»
Осылай ойлап, қайта жүріп еді,
Артынан қуды енді көлеңкесі.

Кейбіреу Қыдыр дарып, қараса бақ,
Бейне бір осы айтылған көлеңке нақ.
Қайрылмай, қарағанда, бақ-дәулетке,
Артынан қуалайды қайтарып ап.

Байтұрсынұлының «Қырық мысалы»

Барлығы: 39 мысал

Тағы оқыңыз