Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Мұғалімнің кәсіби дамуы-білім беру жүйесін жаңартудың негізі

Джумадилова Ардақ Қаратайқызы
2 мин оқу 823 оқылым

Джумадилова Ардақ Қаратайқызы

«Болашақта өркениетті дамыған елдердің   қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған   50 елдің қатарына жеткізетін, терезесі   тең ететін – білім»

ҚР Президенті   Н.Ә.Назарбаев.

Елбасымыз дамыған 30 елдің қатарынан көрінуіміз үшін «Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” атты   Жолдауында басым бағыттарды нақтылап берді. Қазақстанның болашағы-білімді жастардың қолында. Сондықтан да, білім саласында еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымына бүгінгі таңда үлкен талап  қойылып отыр.

Педагогикалық шеберлік орталығы ұйымдастырған деңгейлік курс  бағдарламасы негізінде педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстары бүгінгі таңда Қазақстанның барлық аймақтарында жүйелі жұмыс жасап, жетістіктерге қол жеткізуде. Бұл курстардың мақсаты– болашақ педагогтардың қосымша білім мен дағдыларын көлемін алудағы білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру,   оқу үрдісіне әлемдік озық тәжірибелерді енгізе отырып, педагог кадрлардың біліктілігін арттыру, олардың әлеуметтік жағдайын көтеру болып табылады.     Жаңа бағдарламаның бізге берері мол. Курстан кейінгі мұғалімдермен сұхбаттасқанда, олардың  бағдарлама жайлы ойлары, көзқарастары маған оң пікір берді. Бағдарламадағы  әдіс-тәсілдер жүйелі, оқушының жас ерекшелігіне бағытталған, қызығушылығына оята алатын жаңа форматта енгізілген.   Дәріс алу барысында  – өзімнің ұжымдастарыма білім беру жүйесіне өзіндік үлес қосатын  қоғамдастық құру, мұғалімдермен тығыз байланыс жасай отырып, оқу үрдісін алға жылжыту, білім сапасын көтеруді көздедім. Оқытудың жаңа технологияларын:  7 модуль,  іс - әрекетті зерттеу, көшбасшылық, топтық жұмыстарды іс-тәжірибеге енгізілім. Деңгейлік курстан өткен мұғалімдер 7 модуль бойынша түрлі топтарға жаңаша сабақтар өткізіп, студенттерге интербелсенді әдіс – тәсілдерді таныстырып,  алдағы уақытта өндірістік тәжірибеде   қолданудың тиімділігін атап көреттім.

Алдағы уақыттағы мақсатымыз басқа әріптестерімізбен тәжірибе алмаса отырып, бағдарламаның негізгі идеясымен таныстыру,  нәтижеге қол жеткізу. Ізденімпаз, жаңашыл ұстаздарға арналған халқымыздың   ұлы ағартушысы А. Байтұрсыновтың: "Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана, шәкірт жанына нұр құя алады", - деген сөзіне назар аударуымыз қажет. Сондықтан бұл бағдарлама  бала тәрбиесіне және  оларды біліммен қаруландыруға жол ашады деп білемін

Пайдаланылған әдебиеттер

1 Күнпеиіс Ж. Технология пәнін оқытуда мектеп оқушыларының дүниетанымын қалыптаструдың негіздері. Монография. Түркістан-2011.

3 Қоянбаев Р. Педагогика.  Алматы., 1997 ж.

4 Қазіргі заманғы мұғалім.// Қазақстан мектебі. 2003 ж.  №6.

5 Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі. //Білім әлемі. Алматы., 2004 ж. №6.

Соңғы жаңарту: 24 қараша 2025, 23:10

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Джумадилова Ардақ Қаратайқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Эссе

Экологиялық тәрбиенің мектепке дейінгі білім беру жүйесінде: балаларда қоршаған ортаға қамқорлық сезімін қалыптастыру

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Баспақкөл ауылы №21"Аққайың "бөбекжай-бақшасы Бүгінгі қоғамда табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін ерте жастан қалыптастыру ерекше маңызға ие, себебі экологиялық мәселелер адамзаттың…

Бейсенова Салтанат Аусатовна 2 мин 115 оқылым
Эссе

Эссе жазу үлгісі

Эссе — ойды қысқа, бірақ дәл жеткізетін жазба жұмыс. «Эссе жазу үлгісі» дегенде көп адам дайын мәтінді іздейді. Бірақ ең дұрыс жол — үлгіні құрылым ретінде түсіну: кіріспе → негізгі бөлім → қорытынды. Сонда кез келген…

Bilimger Media 4 мин 902 оқылым