Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Міржақып.Оян,қазақ!

Байбатыр Айдана Даниярқызы
1 мин оқу 81 оқылым

Байбатыр Айдана

«Көзіңді аш,оян қазақ,көтербасты,

Өткізбей қараңғыда бекер жасты.

Жер кетті,дін нашарлап,хал һарам бол.

Қазағым,енді жату жарамасты»

Соңғы екі аптаның ең ауқымды әрі ең танымал тақырыптарының бірі  қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері, либералды-демократияшыл зиялылардың бірі Міржақып Дулатұлының өмірі мен XVIII ғасырдағы қазақ ұлтының басынан өткізген қилыда қиын заманын суреттейтін "Міржақып.Оян,қазақ!" фильмі.

6 серияны қамтитын фильм 2 апталық прокаттың өзінде кассалық түсімде бірінші орынға жайғасты.Нақтырақ айта кетсек Тикетон сайтының мәліметі бойынша фильмдердің кассалық түсім дерегінде "Міржақып.Оян,қазақ!" фильмі 107млн теңге жинағандығы мәлім болды.

Телехикаяда Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы өмірінің 1909-1935 жылдардағы кезеңі қамтылады. Міржақыптың «Оян, қазақ!» кітабының жарыққа шығуы, «Бақытсыз Жамал» романының жазылуы, революциядан кейінгі жылдардағы, ашаршылық кезіндегі қоғамдық-саяси қызметі, Қызылорда, Семей, Мәскеудің әйгілі «Бутырка» абақтысындағы жылдары және жан жары Ғайнижамалмен махаббат хикаясы сериалда кезек баяндалады.

6 бөлімнен тұратын тарихи туындының түсірілім жұмыстары Алматы облысында, Алматы қаласында, Міржақыптың туған жері Қостанай облысында өтті.Басты рөлдегі Міржақып образын актёр Бақыт Қажыбаев,Ахмет Байтұрсынұлы рөлін актёр Байғали Есенәлиев ойнаса Әлихан Бөкейхановтың рөлін актёр Бауыржан Қаптағай ойнап шыққан болатын.

Қазаққа арман болған азатыққа саяси күрес арқылы қол жеткізуді мұрат-мақсат еткен қазақ зиялылары бұл жолда жеңіске жетудің ең тиімді әдісі – халықтың білімін көтеріп, ұлттық санасын ояту, дамыту деп ұғынды. Ол үшін қазақтың рухани байлығының басты арналары, қайнар көзі – тіл, әдебиет ісін насихаттау, баспасөзді дамыту керектігін алға тартқан болатын.Осындай отандық фильмдердің шетел киноиндустриясына қарағанда қажеттілігі артып жастар арасында танымалдылыққа ие болуы болашақта ұлттық жанрда түсірілген фильмдерінің көбеюіне әсер ететіндігі анық,әрине бұл әрбір қазақты қуантарлық жағдай

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Байбатыр Айдана Даниярқызы

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Міржақып Дулатұлы

Оян, қазақ! Міржақып Дулатов

Міржақып Дулатұлының өлеңі халықты оянуға, ел қамын ойлауға және жастарды жұртқа басшы болуға үндейді.

Bilimger Media 1 мин 822 оқылым
Міржақып Дулатұлы

Міржақып-өміріне саяхат!

Тақырып: Әлемдік саяси қайраткер, Міржақып Дулатұлы Қазақ халқы тарихының қайбір аласапыранына көз жүгіртсекте 20ғасырдың 30-жылдары әкелген зұламатпен теңдесер қасіретті табу қиын. Сонау 20ғасырды еске алатын болсақ…

Кәрібек Балауса 2 мин 87 оқылым