Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

2 мин оқу 48 оқылым

Еліміз Тәуелсіздік алып, осынау киелі ұғымды мәңгілік тұғырландыру жолында қоғамның барлық саласының қызметкерлері еңбек етуде. Бұл тұрғыда жас ұрпақ тәліміне жауапты ұстаздарға, яғни біздерге артылар жүк ауыр. Себебі, педагог-кадрлар жаңа заманның жас буынын жасап шығарушылар. Енді ұстаз деген ұлы атауды иеленгендерге, олардың сан қырлы болмысына елеп-екшеп барлау жасасақ дейміз. Қай елдің болмасын, мұғалім дәрежесін көтеріп жүрген жаны алдымен рухани құндылыққа бай болуы керек. Ол сол елдің ұлттық болмысы мен табиғатын бала бойына терең сіңіруге, отансүйгіштікке тәрбиелеуге таптырмас құрал. Ұстаздың жан дүниесі рухани тәлімге толы болса, шәкірттің де одан алар ілімі далаға кетпек емес.

ХХІ ғасырдың кез келген адам баласына, әсіресе, Тәуелсіз елдің ұстаздарына қояр талабы – әмбебаптылық. Дегенмен әрбір адамға қалам ұстатып, әріп үйретуші мұғалімнің әмбебап болуы әлдеқайда маңыздырақ. Мұғалімнің әмбебаптығы жан-жақты білімді, білікті, тартысқа түссе тарпаңдап шығып, додаға түссе бәйгені бермес, шәкіртке түрлі әдістемелік құралдар арқылы жағдай жасаса онда ол бір ғана мұғалімнің емес, бір мектептің, бір елдің абыройы болар еді.

«Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болмақ» деп ұлы ағартушы А.Байтұрсынов айтқандай, егемен еліміздің ертеңін қалыптастыратын ұстаздар жақсы мектептің шамшырағындай болмақ. Ұлағатты ұстаздың айтқан сөзінде терең мағына жатыр. Сол үшін де қазіргі ұстаз – ертеңгі болашақ кепілі. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік туын бекем ұстап, өздерінің білімдері мен тәрбиесін келер алдыңғы буынға тапсыру міндеті тұр. Қазіргі заманның ұстазға қояр басты талабы – ақпараттандырылған, жан – жақты, дүниетанымы кең, тәрбиелі әрі саналы шәкірт тәрбиелеу.

Біз бүгінгі таңда ғылым мен техника да­мыған, өнер-білімнің түрлі саласын­да тың жаңалықтар аса қарқынды үр­діс­пен ашылып жатқан қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Демек, осындай қо­ғам­да заманына сай ұрпақ тәрбиелеп, же­тілдіріп шығару үшін жан-жақ­ты бі­лім және тәрбие берумен айналы­су өте жауапкершілікті іс екендігі бар­ша­мыз­­ға аян. «Тәлім-тәрбие мен оқыту ісі­­нің нәтижесі іс-әрекеттерден гөрі мұ­­ғалімдерге көбірек тәуелді», деген  Ы.Ал­­тын­­сариннің көрегендікпен айтқан пі­­кі­рі­нің қазіргі уақытта да маңызды болып оты­рғаны шындық. Сол себепті мен таңдаған мамандықтан адаспағаныма қуанамын.

Маржангул Даулет

ШҚО, Ұлан ауданы, Бозанбай орта мектебінің мұғалімі

Авторы
Маржангул Даулет

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Мақаланың жарияланғаны туралы анықтама (PDF)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Баяндамалар

Отбасы

Баяндамада отбасы мүшелерінің бірлігі мен өзара қолдауы, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және отбасының өмірдегі орны сөз болады.

Қалиасқар Елдина 1 мин 45 оқылым
Баяндамалар

Дос

Баяндамада достың жанашырлығы мен адам өміріндегі орны айтылады. Мәтін достықты бағалап, айналаға жақсылық жасауға шақырады.

Қалиасқар Елдина 1 мин 43 оқылым
Баяндамалар

Доклад на тему:«Современный урок русского языка и литературы»

Мы с вами знаем, что в данное время главная наша задача - мотивировать обучающихся на проявление инициативы и самостоятельности. Учитель должен организовать самостоятельную деятельность учащихся, в которой каждый мог…

Абишева Акмарал Пердебаевна 14 мин 61 оқылым
Баяндамалар

"Ұлттық құндылықтар"

Баяндамада ауыл шаруашылығы, мәдениет пен дәстүрлер, отбасы және тұрғындардың өзара көмегі сөз болады.

11"Б" сынып оқушылары 1 мин 42 оқылым