Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Менің кәсіби ұстанымым

Аманқұлова Айман Жанабіловна
2 мин оқу 1 103 оқылым

Аманқұлова Айман Жанабіловна

Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішінен қулық сақтап.
Өзіне сен өзіңді алып шығар,
Ақылың мен еңбегің екі жақтап.

А.Құнанбаев

Ұлы жазушы М.Әуезовтің «Ел боламын десең бесігіңді түзе» деген өте терең мәнді,әдемі нақылы бар.Ол еліңнің  ертеңі  - жас ұрпағыңды жақсылап өсір деген сөз ғой. Баланың кішкентай кезіндегі мінез-құлқы, ойлау үрдісі, эмоциясы ересек  өмірдің іргетасы фундаменті болып табылады. Ендеше, сол фундаментті берік  етіп орнатуда тәрбиенің орны бөлек. Баланың ерік-жігері, ақыл-ой, қабілеті. Есі, ой-танымы, дарын мен талантын жас кезінен көре білуде, оларды тек көріп қана қоймай, ары қарай дамытып жетілдіруде, бала

бойындағы қайнап жатқан энергияны қазіргі нарықтық заманда дұрыс, қоғамға пайдасы бар нәрселерге жұмсай білуге бағыттауда  психологтың кәсіби  шеберлігінің  алар орны ерекше деп ойлаймын.

Мені  баланың өзі ,сыртқы сүлдері емес,мінез-құлқы,қатынасы, ойы мен психологиясы қызықтырады. Оларды түсінуге тырысамын. «Адам жанын түсіне білу, оны зерттей білу - үлкен өнер» - деп З.Фрейд текке айтпаса керек. Менің бүкіл  психологиялық қызметімнің мәні,міне, - осы.

Мен үшін оқушының қызығушылығы, бейім–қабілеті,темпераменті және басқа да психологиялық ерекшеліктері үнемі басты орында тұрады. Мен күнделікті жұмысым арқылы балалардың психологиясын зерделей отырып, олардың жат қылықтың жетегіне ермес үшін алдын алу жұмыстарын жүргіземін.
Зерделеу, зерттеу жұмыстарының нәтижесімен оларды түзетіп, кеңестер беріп, мәдени ақпараттармен жүйелі таныстырып отырамын. Кез келген психологиялық жұмыстар жүргізу барысында мен әр баланың жүрек түпкірінде жатқан сезімдеріне үңілуге тырысамын. Солардың көздеріндегі мұңды сейілтуге, көңілдеріндегі қуаныштарын тарқатуға, оқушымен қасындағы құрбыларындай, бірінің әпкесі, бірінің анасы, бірінің ұстазы, бірінің аралас досындай бола білуге  тырысамын. Төккен тер зая кетпеді.Мен әр оқушының  жүректерінен өзіндік орын  алдым деп есептеймін.
Менің қолданатын әдістерім: әңгіме, тестілеу, тренинг, ойындар, сауалнамалар болды.

Мен өзімнің іс-тәжірибемде   оқушылар арасында жаңа заманға сай жаңа әдіс-тәсілдерді үнемі қолданамын. Сондай әдістердің бірі - «Өнер терапиясы». «Өнер терапиясының» білім сапасына тигізетін әсері мол және керекті психологиялық қызметтер атқарады.
Кедергілерді жою үшін қолданылатын  әдістердің бірі - « Дөңгелек стол».   Бұл сабақ берудің алғашқы сатыларында мұғалім мен оқушылар арасында жағымды психологиялық орта қалыптастыру үшін қолданылады.
Психологиялық жұмыс – адам  жанымен жұмыс, адам ойымен, жеке тұлғамен жұмыс.

Егер баланың жүрегінде сізге деген көңіл толмаушылық пен күмәндылық орын алса,ол бала сіздің көзқарасыңыз бен пікіріңізге ешқашан қосыла алмайды.Баланы менің пікіріме  қосыл деп мәжбүрлеуге болмайды.Ал егер жылы-жылы сөйлеп,ақылмен әрекет жасасаң,бұған оңай қол жеткізуге болады деп  ойлаймын. «Жылы-жылы сөйлесең ,жылан інінен шығады»,- деп данышпан халқымыз текке айтпаса керек.Мен егер баланы өз жағыма тартқым келсе,алдымен оны шын ниеттес дос екендігіме сендіремін.Бала жүрегін жаулап алар бір тамшы бал – жылы сөз.Осы арқылы оның ақыл-ойына жол табамын.

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Аманқұлова Айман Жанабіловна

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Баяндамалар

Отбасы

Баяндамада отбасы мүшелерінің бірлігі мен өзара қолдауы, бала тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі және отбасының өмірдегі орны сөз болады.

Қалиасқар Елдина 1 мин 43 оқылым
Баяндамалар

Дос

Баяндамада достың жанашырлығы мен адам өміріндегі орны айтылады. Мәтін достықты бағалап, айналаға жақсылық жасауға шақырады.

Қалиасқар Елдина 1 мин 43 оқылым
Баяндамалар

Доклад на тему:«Современный урок русского языка и литературы»

Мы с вами знаем, что в данное время главная наша задача - мотивировать обучающихся на проявление инициативы и самостоятельности. Учитель должен организовать самостоятельную деятельность учащихся, в которой каждый мог…

Абишева Акмарал Пердебаевна 14 мин 61 оқылым
Баяндамалар

"Ұлттық құндылықтар"

Баяндамада ауыл шаруашылығы, мәдениет пен дәстүрлер, отбасы және тұрғындардың өзара көмегі сөз болады.

11"Б" сынып оқушылары 1 мин 42 оқылым