Мазмұнға өту

Мен және менің мамандығым

Лапенов Бауыржан Сахиұлы 2 мин оқу 1 552 оқылым

Лапенов Бауыржан Сахиұлы

Мен, Лапенов Бауыржан Сахиұлы 1978 жылы, 30 қаңтарда дүниеге келдім.  Ата -   анам қарапайым адамдарболса да, өздерінің бойындағы бар күш – қуаттарынменіңжарқынболашағымажұмсадыдесемартықболмас. Ата – анамныңаяулымахаббаты мен тәрбиесіарқасында өзіндік көзқарасы мен  айқынмақсаты бар тұлғаболыпқалыптастым. Мектепқабырғасындажүргенсәттерімде «Мен осы өскендекімболамын?»,  « Мағанқандай ма-мандықұнайды»,  «Меніалдымда не күтіптұр?»  дегенсияқтысұрақтармазалайтын.

Мектептеоқыпжүргенкезімде – ақболашақтаұстазболатынымдыбілдім. Себебі, олмамандықтыөзім қатты ұнататынмын. Әріұстаз болу            оңайісемесекенін де толық түсінетінмін. Солсебептенмұғаліміболамындепшештім.

Сол аяулы арман мені Көкшеге алып келіп, мен сәтті оқуға  түсіп кеттім. Сүйікті мамандығымды игеру үшін бар күш – жігерімді жұмсадым. Еш уақытта аянбай, еңбектендім. Ал бүгін сол еңбегімнің жемісін көріп отыр-мын. Одан асқан бақыт жоқ шығар деп ойлаймын. Жұмысымдағы шәкірт-терімнің, үйдегі отбасымның махаббаты маған күш, ертеңгі күнге деген ерекше сенімділік береді.

«Ұстаздық қылғаң жалықпас, Үйретуден балаға» - деп Ұлы Абай ақыны-мыз айтқандай, алдына келген шәкірттің ерекше қасиет-қабілетін аша білу аса шеберлік пен көрегендікті қажет ететіні  рас. Осыған біздің Елбасымыз - Н.Ә. Назарбаев та ерекше көңіл бөлгенін білеміз.Ол: «Болашақтың ертеңі-ұстаздың қолында» - дейді. Қазіргі таңда қойылатын талаптарға сай, замана-уи әдіс-тәсілдерді меңгерген, жан-жақты қабілеті бар ұстазды қоғам талап етеді.

Адамның рухани өсуі мен денесінің өсіп-жетіліуі балалық шақта қалып-тасады. Спорт ойындары мен жүйелі түрде және үздіксіз айналысатын бала-лар дені сау болып қана қоймай, дене жаттығуларын орындаумен айналыс-паған балаларға қарағанда сергек, саналы болып өсетін ғылыммен өмір тәжі-рибесін толық дәлелдеп отыр. Дене тәрбиесімен айналысатын балалар жақсы оқып білгендерін іске асыратын табанды, жігерлі азаматтар қатарына қосыла-ды.

Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл- әрекеті- ойын, сондықтанда оның мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады.

Қозғалыс ойындары дене тәрбиесінің маңызды құралы мен әдісі ретінде адамның бүкіл тіршілік- тұрмысында өзінің маңызын жоғалтпайды, тек олардың мазмұны мен өткізілу әдістері өзгеріп отырады.

Мен өз мамандығымды сүйемін және оны мақтан етемін. Ұстаздық жол -қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін мамандық. Сол кездескен қиыншы-лықтардан тапжылмай өтуге шәкірттерімнің маған деген сенімдері мен сүйіс-пеншіліктері көмектеседі.Өз алдыма ұстаз ретінде қойған мақсаттарға жету үшін жұмыс жоспарын жасаймын. Сол жоспарды негізге ала отырып, жыл бойы шәкірттеріммен бірге еңбек етемін. Пәнім бойынша түрлі сайыстар, сыныптан тыс  жұмыстары мен заманауи техниканы қолдана отырып ашық сабақтар өткіземін. Оқушылардың бойындағы жасырын қабілеттерін ашу жә-не  дамыту, рухани жан –дүниелерін байыта түсуге негіз болатын мектепіші-лік үйірмелер жұмысын қолға алдым. Олар «Волейбол», «Футбол»«Ұлттық ойындар» «Аула клубы» үйірмелері. Оқушылар сабақтан соң  үлкен қызығушылықпен келіп қатыса-ды. Соның нәтежиесінде аудан көлемінде өткен жарыстарда жүлделі 1- 2-3 –ші орындарға ие болдық. Аудандық, облыстық, республикалық көлемде өте-тін жарыстарға үздіксіз қатысып тұрамыз. Егер ұстаз әрдайым жаңашылдық-ты ізденіп, оны үйреніп, үздіксіз оқу, еңбектену үстінде болса ғана, шынайы  өз мамандығының хас шебері болады деп ойлаймын.

Соңғы жаңарту: 24 қараша 2025, 23:11

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Лапенов Бауыржан Сахиұлы

Осы тақырыптағы материалдар

Эссе

Экологиялық тәрбиенің мектепке дейінгі білім беру жүйесінде: балаларда қоршаған ортаға қамқорлық сезімін қалыптастыру

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Баспақкөл ауылы №21"Аққайың "бөбекжай-бақшасы Бүгінгі қоғамда табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін ерте жастан қалыптастыру ерекше маңызға ие, себебі экологиялық мәселелер адамзаттың…

Бейсенова Салтанат Аусатовна 114 оқылым 2 мин
Эссе

Эссе жазу үлгісі

Эссе — ойды қысқа, бірақ дәл жеткізетін жазба жұмыс. «Эссе жазу үлгісі» дегенде көп адам дайын мәтінді іздейді. Бірақ ең дұрыс жол — үлгіні құрылым ретінде түсіну: кіріспе → негізгі бөлім → қорытынды. Сонда кез келген…

Bilimger Media 798 оқылым 4 мин