Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Мен сүйетіін футбол

Аружан Төребай
2 мин оқу 35 оқылым

”Мен сүйетін спорт - футбол”

Төребай Аружан Нұргелдіқызы

Бұл дүниеге келуімнің өзі Алла тағала берген үлкен сый деп білемін.Себебі, мен бұл өмірде он екі мүшесі түгел сау адамдардың қатарынан емеспін. Бала кезімнен Алла тағаланың маңдайыма жазған мүгедектігім бар.Бірақ мен оған мойымаймын, қандай сын ,қиыншылық  болса да күресуге тырысамын.

Әр адамның өз қызығушылығы болады. Бірі ән, бірі би,бірі сурет,және тағы басқа. Мен айтқалы отырған  нәрсе бұл өнер емес, бұл-спорт. Ойлайтын боларсыздар қыз бала бола тұра неге спортты таңдады деп,себебі спорт менің өмірімнің бір бөлігіне айналды. Спорт әр адамның өмірінде болуы тиіс. Қыз бала футболға,спортқа қызықпайды деп айтты? Спорт тек ерлерге арналған?!-Жо-жоқ. Спортқа келуіме себепкер болған жан-әкем. Енді барлығының неден басталғанын  айтып өтейін: Біріншідн Бразилия елінің астанасы Рио-де Жанейро қаласында өткен жазғы олимпиада,кейіннен Головкин «Ақтөбе» футбол клубы,Реал Мадрид. Осының бәрі 2016-жылдан бастау алған болатын.Футбол-мүлде бөлек әлем. Әркімнің өз галактикасы болатын болса,менің галактикам -футбол. Оны кез-келген адам түсіне алмас. Сүйікті клубыңа жанкүйкер болу,матчтарын үзбей тамашалау,стадионға барып жанкүйерлік ету.

«Ақтөбе»  - Қазақстанның бес дүркін чемпионы,Еуропа Лигасында атой салған команда. Қазақстандағы футбол астанасы,нөмірі бірінші жанкүйерлер,алаңдағы атмосфера,он үшінші сектор, мұның бәрі Ақтөбе қаласында.

Ең алғашқы матчты өз көзіммен көретін сәт,бірінші баруым болатын,толқыныс,бір жағынан қобалжу да бар. Үздік ойыншыларды көру менің арманым тұғын,арманым сол күні орындалды. 2018-жылдың 17-маусымы,мен үшін естен кетпес күн . Барған соң алаң атмосферасын бірден  сезіндім десем қате емес. Ішіне бірден еніп кеттім. Бастапқы уақытта ұтылып жатқан Ақтөбем әп-сәтте жеңісті қарсыластан жұлып кетті,қуанышымызда шек жоқ. Үйге көтеріңкі көңіл-күймен қайтқанымыз әлі де есімде. Арада бір-ақ жыл өтсе де сол күн  мен үшін бір тарих. Стадионнан футбол көру ерекше құбылыс. Жасыл алаң,лық толы трибуна,жанкүйерлер,ойыншылар. Ойыншы жарақат алса өзің алаңда ойнап,өзің жарақат алғандай күй кешесің,мен де сондаймын. Командамен бірге күліп, бірге қуанып,қиындық атаулыны бірге жеңеміз,себебі біз ақ-қызылды бүтін бір отбасымыз.

«Ақтөбе» клубының ойындарын сырттай 2015-жылдан естіп-біліп жүретінмін. Аңыз ойыншысы Самат Қабирұлы Смақов,команда капитаны,салған голдары мен берген пастарын әлуметтік желіден көре отырып,неге өз туған қаламның командасына шын жанкүйер болмасқа деп шындап кірістім. Самат Смақов Қазақстан футболының ең беделді ойыншысы. Ал менің футбол әлеміндегі кумирім-Испания ойыншы,яғни тамаша қақпашы Икер Касильяс. Ал бокстағы кумирім Геннадий Головкин. Иә-иә боксқа да қызығамын. Ендігі мәселе стадион,тіпті бөлек әңгіме екінші үйім іспетті. Спортқа,футболға қыз бала қызықпайды деп ойламаңыздар. Бұл қате ұғым. Өмірде бәрі де мүмкін.

«Ақтөбе» нағыз футбол астанасы,

«Қобыланды» жанкүйерлер баспанасы.

Қолдау,жолдау болады жанкүйерден,

Тек ойнаңдар,бұл тек қана бастамасы!

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Аружан Төребай

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Спорт

Азиада-2026: Қазақстан қанша медаль алды? Қорытынды және медальдар кестесі

Азиада-2026 қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Жапонияда өткен жазғы Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады. Ұлттық құрама қоржынына 12 алтын, 24 күміс және 48 қола медаль түсті. Осы нәтижемен Қазақстан…

Bilimger Media 5 мин
Спорт

Елена Рыбакина Бейжіңде сенсациялық жеңіліске ұшырады: Чараева әлемнің бірінші ракеткасын тоқтатты

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Бейжіңдегі WTA 1000 турнирінің екінші айналымында Алина Чараевадан 6:3, 4:6, 3:6 есебімен жеңіліп, жарыстан шығып қалды.

Bilimger Media 3 мин