Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Еңлік Мұратбай
2 мин оқу 421 оқылым

Әлемді жайлаған нашақорлық дерті күн сайын тамырын тереңге жайып барады. Ол уақыт озған сайын асқынып бара жатыр деп айтуға болады. Оған әр түрлі себептер бар. Менің ойымша, ең негізгісі – есірткі және психотроптық заттарға қол жетімділік. Бұған дәлел күн сайын әр-түрлі есірткі немесе психотроптық заттармен ұсталғандар жайлы ақпарттар. Есірткі заттарды қолданатындардың басым көпшілігіне — мектеп жасындағы бойжеткендер мен бозбалалар жатады. Өйткені жасөспірімдер еліктегіш келеді, сондықтан бір рет есірткіні қолдансам ештеңе ете қоймас деп, қалай нашақор болғанын білмей қалады.
Бүгінгі күні нашақорлық - бір адамның ғана басындағы емес, бүкіл қоғамның қасіреті болып отыр. Адамдар салауатты, дені сау, қоғамымыз өркенді де өркениетті болуы үшін, нашақорлыққа қарсы күресу-әр азаматтың міндеті.
Қазақстандық қоғамды есірткілендірудің әлеуметтік мәдени факторлары ұлт денсаулығының негізі ретінде есірткіге деген қоғамдық иммунитетті қалыптастыру қажеттігін өзекті етеді.Есірткіге қарсы әлеуметтік иммунитетті қалыптастыруға ең алдымен мемлекеттік әлеуметтік саясат және орта, жоғары білім беру жүйесіндегі жастар арасындағы жұмыс бағытталуы тиіс. Бұл ретте осы саладағы негізгі бағыт беретін күш тек орталық, жергілікті атқарушы билік органдарының ғана емес,азаматтық қоғам институттарының да қызметі болуы тиіс.Әсіресе балалар, жастар мен әйелдер арасында салауатты өмір салтын, есірткісіз өмірді насихаттау есірткіге қарсы мемлекеттік қызметтің ажырамас бөлігі болуы тиіс.
Олай болса достар, денсаулығымызға зиян келтіретін нәрселерден, жаман әдеттерден аулақ болайық. Адам баласының жаман әдеттерден аулақ болуы ол өзін-өзі тәрбиелей білуі, өз денсаулығын қорғай білуі, адамдық қасиетін жоғалтпауы деп есептеймін. Біздің тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі болатын ол қазіргі жас ұрпақ, сол мемлекетімізді биік шыңдарға жеткізу, халқына қызмет ету тек қана дені сау жастарымыздың қолынан келеді.
Достар! Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу,оның алдын алу — біздің қолымызда, себебі біздер жаңа дәуірде елімізді сақтайтын жігерлі, мықты, денсаулығы зор ұрпақ жалғастыратын қазақ елінің салауатты ұрпағымыз. Кішкентай ғана аз ғұмырымызда тұңғиық түбіне батпай, ата-бабаларымыз бізге аманат еткен тәуелсіз еліміздің көк туын төмен түсірмей, біріге көкке көтерейік достар!

№21 орта мектеп
9-сынып оқушысы
Мұратбай Еңлік
Арал ауданы

Соңғы жаңарту: 24 қараша 2025, 23:09

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Еңлік Мұратбай

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Эссе

Экологиялық тәрбиенің мектепке дейінгі білім беру жүйесінде: балаларда қоршаған ортаға қамқорлық сезімін қалыптастыру

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Баспақкөл ауылы №21"Аққайың "бөбекжай-бақшасы Бүгінгі қоғамда табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін ерте жастан қалыптастыру ерекше маңызға ие, себебі экологиялық мәселелер адамзаттың…

Бейсенова Салтанат Аусатовна 2 мин 115 оқылым
Эссе

Эссе жазу үлгісі

Эссе — ойды қысқа, бірақ дәл жеткізетін жазба жұмыс. «Эссе жазу үлгісі» дегенде көп адам дайын мәтінді іздейді. Бірақ ең дұрыс жол — үлгіні құрылым ретінде түсіну: кіріспе → негізгі бөлім → қорытынды. Сонда кез келген…

Bilimger Media 4 мин 911 оқылым