Мазмұнға өту
Мақала жариялау
Axiomus олимпиадасы·математика мен физика, 3–11 сынып·нәтиже 20 минутта, дипломда жетекші мұғалімнің аты Математика, физика олимпиадасы·3–11 сынып Қатысу

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Акмаржан
1 мин оқу 321 оқылым

Эссе

Мен саған есірткі жайлы айтып беремін

Өмір - табиғатпен берілген ең қымбат дүние. Адамның ұзақ, мәнді өмір сүруінің негізі - оның денсаулығы. Денсаулық адам өміріндегі ең басты қажеттілік және адамның құнды, қасиетті де, орны толмас қазынасы. Қазіргі кезде бүкіл әлемді толғандырып отырған мәселелердің бірі - адам денсаулығы. Адам денсаулығына қауіп төндіретін жағдайлардың ішінде нашақорлық, яғни есірткіге тәуелділік.

Есірткі - бұл адамның көңіл күйін, сана-сезімін, мінез-құлқын бұзатын қауіпті, тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін ауыстырып, құмарлық жетегіне ұшыратады. Есірткісіз өмір сүре алмайтын адамды нашақор деп айтады. Сана-сезімі уланған адамның мінезі өзгереді. Бұрын момын, тұйық, өтірік айтпайтын адам өзгеріп өтірік айтқыш, қылмысқа бейім тұрады. Есірткі қолданудың негізгі себептері мыналар: қызығушылық, білімсіздік, әуестік, сәнге еліктеу.

Бұл індетке көбінесе жас жеткіншектер ұрынады. Олар талшыбық сияқты иілгіш, жел қайда соқса сол жаққа қарай бейімделеді. Балалар мен жастар жанұядан, мектептен және достарынан әсер алады. Сол себепті ата-ана дұрыс жолға бағыттап, араласатын достарына басты назар аударып отыру керек.

Салауатты өмір салтын ұстану өз болашағымызды алға қарай жетелеудің басты құралы екендігін мойындап, өз бетімізше білім алу арқылы сананы соған бағыттауымыз керек. Себебі, еліміздің күш-қуатының артып, халқымыздың әл-қуатының жақсаруы үшін оған дені сау, саналы, білімді, ұрпақ қажет. Сол себепті қатарлас достарыма есірткінің зиянды зат екендігін ескерте келе, салауатты өмір салтын ұстанайық дегім келеді!

#УПНДПКЗО

Ақмаржан Ыхласова,

№59 орта мектебінің   9 “А” сынып оқушысы

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Қарақұм ауылы

Соңғы жаңарту: 24 қараша 2025, 23:09

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Автор

Акмаржан

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Автордың басқа материалдары

Балабақша

ЭССЕ "Тәрбиеші-ұлы тәрбиенің тірегі"

Эсседе тәрбиешінің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі, балабақшадағы еңбегі және жас ұрпақты тәрбиелеуге қатысты өмірлік ұстанымы баяндалады.

Акмаржан 2 мин 489 оқылым

Осы тақырыптағы материалдар

Эссе

Экологиялық тәрбиенің мектепке дейінгі білім беру жүйесінде: балаларда қоршаған ортаға қамқорлық сезімін қалыптастыру

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Баспақкөл ауылы №21"Аққайың "бөбекжай-бақшасы Бүгінгі қоғамда табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін ерте жастан қалыптастыру ерекше маңызға ие, себебі экологиялық мәселелер адамзаттың…

Бейсенова Салтанат Аусатовна 2 мин 115 оқылым
Эссе

Эссе жазу үлгісі

Эссе — ойды қысқа, бірақ дәл жеткізетін жазба жұмыс. «Эссе жазу үлгісі» дегенде көп адам дайын мәтінді іздейді. Бірақ ең дұрыс жол — үлгіні құрылым ретінде түсіну: кіріспе → негізгі бөлім → қорытынды. Сонда кез келген…

Bilimger Media 4 мин 902 оқылым