Мазмұнға өту

Мен - педагогпын!

Шахизат Мусабекова 2 мин оқу 415 оқылым

Армысың қазақ елі! Мен-педогогпін! Ұстаз есімі әрбір жанның жан дүниесін баурап алатын – Ұлы есім. Ұстаз алдында барша адамзат, бүкіл әлем бас иеді. Өйткені, дана да, дара да, ана да ұстаздан ілім-білім, тәлім-тәрбие алады. Сол ілім-білімнің, сапалы тәрбиенің түбінде ұлғатты ұстазымыздың өшпес еңбегі жатыр. «Ұстазы жақсының, ұстанымы жақсы» деген сөз осыдан қалған болар. Ұстаз туралы ой бөлісуде ұлы ұстаздарымыз, тәлім-тәрбие, ілім-білімнің қайнар көзі, ғұламаларымыз Әл-Фараби мен А.Құнанбайұлының еңбектерін ерекше тілге тиек еткім келеді. «Абайды оқы, таңырқа», «Абай дана, дара қазақта» сөздерін текті халқымыз текке айтпаған болар.

Ұлы Абайдың өмір жолындағы бүкіл еңбегі, қара сөздері, өлеңдері шәкірт санасына рухани азық. Рухани жаңғырудың ең бірінші баспалдағы дер едім. Міне сондақтанда әрбір педогог-жаны таза, рухани бай, көзі ашық, көкірегі ояу шәкіртінің бойына рухани азық бола алады. Педогог-сөзінің астарында үлкен қазына жатыр деп айтар едім. Себебі, әрбір бүгінгі педогог жан дүниесінің тазалығы еңбекқорлығы арқылы шәкіртінің жүрегіне жол таба алатын-ұлы тұлға . Осы жерде БАМ-нің ұстаз туралы айтқан сөзі есіме түсіп отыр. Ол кісінің ең бірінші ұстанымы-сенім деп ойлаймын. «Мен ұстаздарға сенемін, әрбір ұстаз мына қашықтықтан оқу кезіндегі қашықтықты жеңе алады, қиыннан жол таба алады, өйткені – ол ұстаз» деген болатын. Сондықтан «сенім» деген сөзді ұстанамым етіп алсақ кез-келген уақытта қиындықты жеңе алатынымызға нық сенемін.

«Педогог мәртебесі» атты керемет ой пікірлер айтылып, ел арасындағы барша педогогтар жүрегіне сенім ұялата отыр. Міне, осындай керемет сезім, сенім, мәртебені негізге ала отырып, әрбір ұстаз қауымын бірлік пен ынтымаққа, қолдау мен қуаттауға, үлкен жауапкершілікке шақырамын. Бүгінгі шәкірт жан жақты заманауи техника негізінде өте білімді, дарынды, дара. Өйткені ол Тәуелсіз, дамыған елдің ұрпақтары. Сондықтан әрбір ұстаз әрқашан заманауи техниканы, жаңа тәсілдерді меңгерген, жаңаша білім бере алатын, тіпті Назарбаев зияткерлік мектептері сынды шәкірттерді тәрбиелей алатын ұлы тұлға дәрәжесіне көтерілу керек.

Бүгінгі күнде, әрбір жас маманнан, зейнет жастағы ұстазға дейін біліктілігін арттырып, оқу, іздену, зерттеу үстінде болу керектігін талап етіп отыр. «Өмір бойы оқу»ұстанымын ұстайық!

Қорыта келе, Шәкәртінің алдында өз баласын ұмытыпта кететін, педогог құрметке лайық! Өзім бал кезімнен ұстаз болуды армандағанмын. Арман, мақсат-сиақты сезімдер ерінбесе еңбек етуді, аянбай тер төгуді талап етеді. Шәкіртінің еңбегімен қуана білген ұстаз-отбасыныңда ұйытқысы. Шәкіртінің бесігін тербете алған ұстаз-ана сияқты әлемді тербете алады.

Мәртебелеріңіз биік, абыройыңыз арта берсін ұлы ұстаздар!

Соңғы жаңарту: 24 қараша 2025, 23:10

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Автор

Шахизат Мусабекова

Автордың басқа материалдары

Сабақ жоспарлары

Дара тұлға – Бауыржан Момышұлы

Сабақтың тақырыбы: Дара тұлға – Бауыржан Момышұлы Мұғалімнің аты-жөні: Ш.Мусабекова СЫНЫП: 7 Қатысқан оқушылар саны: Қатыспаған оқушылар саны: Сабақ негізделген оқу мақсаттары 7.05. Мәтін бойынша проблемалық…

Шахизат Мусабекова 574 оқылым 4 мин

Осы тақырыптағы материалдар

Эссе

Экологиялық тәрбиенің мектепке дейінгі білім беру жүйесінде: балаларда қоршаған ортаға қамқорлық сезімін қалыптастыру

Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Баспақкөл ауылы №21"Аққайың "бөбекжай-бақшасы Бүгінгі қоғамда табиғатқа ұқыпты қарау мәдениетін ерте жастан қалыптастыру ерекше маңызға ие, себебі экологиялық мәселелер адамзаттың…

Бейсенова Салтанат Аусатовна 114 оқылым 2 мин
Эссе

Эссе жазу үлгісі

Эссе — ойды қысқа, бірақ дәл жеткізетін жазба жұмыс. «Эссе жазу үлгісі» дегенде көп адам дайын мәтінді іздейді. Бірақ ең дұрыс жол — үлгіні құрылым ретінде түсіну: кіріспе → негізгі бөлім → қорытынды. Сонда кез келген…

Bilimger Media 798 оқылым 4 мин