Мазмұнға өту
Мақала жариялау
academ.kz онлайн сабақ беріп, қосымша табыс табыңыз·оқушы Kaspi арқылы тікелей сізге төлейді·комиссия 0% academ.kz қосымша табыс табыңыз·14 күн тегін 14 күн тегін Тегін бастау

: «» · ₸

2 мин оқу 22 оқылым

Ия, әр адам бойында ұстаздық қабілет бола бермейді. Әр тұлға осы ұстаздық жолды таңдауда аса сабылықты, жауапкершілікті, тыңғылықты дайындықты, қабілетті, шығармашылықты талап ететін мамандықтардың бірі. Адам баласының жүрегінде қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса соның бірі Ұстаз.  Алғаш әріп танытып, өмірдің қыр-сырын үйретіп, сан қилы құбылыстарды меңгертіп, өзіндік тұлға ретінде қалыптасуына үлес қосатын аса қадірлі тұлға ол - ұстаздық.

Шынайы ұстаз болу үшінде мамандыққа деген махаббат аса маңызды рөл атқарады. Шын ұстаз- ұстаз болуды балалық шағынан армандайды. Қиындығымен қызығы бірге жүретін сынау мамандықтың шынайы иесі болу үшін көп қиындықтардан өтеді.

Қиындықпен, қызығы толы шақты, 2020 жылы О.Бөкей атындағы №44 лицейінен өткердім. Алғаш оқуды аяқтап. Ұстаздық жолға алғаш қадам басқан, маған ұстаздық жолды толыққанды үйреткен, бұл қазір жұмыс істеп жүрген мектебім О.Бөкей атындағы №44 лицейі.

Әрине алғаш келген жылы жас маман үшін қиындық пен қызығына толы жыл болады. Оқушылар мен мұғалімнің атқаратын қызметтерімен танысып өз-өзімізді сол жолға қарай бейімдедік. Осынау қиын жолда мені мықты ұстаздардың қатарына бейімдеп келе жатыр.

Лицей өмірінің әр сәтінен өзімізге практика жинаймыз. Жас мамандарға арналған сайысқа қатысып өз білімімізді шыңдаймыз.

Алғаш сабақ берген жылы қобалжу, қорқу деген сияқты сезімдерді бастан өткіземіз. Осы жолда лицейіміз жас мамандардың әр біріне, бағыт, бағдар беретін жетекшілерді бекітіп береді. Білмейтін жерімізді, қиындықтар туындағанда сол жетекшімізбен байланысқа шығып, өзімізге практика жыйнадық.

Міне лицейде жұмыс істеп жүргеніме 2 жылдай уақыт болыпты. Осы уақыт аралығында өзіме көп тәжірибе жинақтадым. Нағыз ұстаздық жолға бейімделіп, ұстаз деген атқа лайық болуға барынша ұмтылып, жұмыс жасап келемін.  Лицейміздің осы ұстаздық жолда менің шыңдалуыма қосқан үлесі аса зор. Сөзімді қорытындылай келе жас ұрпақтың білім шыңына жетіп, өздерін тұлға ретінде қалыптастырып, жақсы, тәрбиелі, қоғамға үлес қосатын тұлғаларды дайындау біздің қолымызда. Сол үшін белсене жұмыс жасап, адал еңбек етіп, нағыз қазақтың жастарын білімді етіп шығаруға үлес қосайық. Біздің оқушыларымыз, біздің болашағымыз !

Авторы
Қосылбек Жанаргүл

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp Telegram

Мақала құжаттары

Журнал, мақала және жарияланғаны туралы анықтама — бөлек PDF файлдар

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін аккаунтқа кіріңіз

Әзірге пікір жоқ — алғашқы болыңыз.

Авторларға

Сіз де өз мақалаңызбен бөлісіңіз

Мақалаңызды жариялап, сертификат пен журналды бірден алыңыз. Жарияланым Google мен Yandex-те табылады.

  • Сертификат (QR-коды бар)
  • Google, Yandex жүйелерінде шығады
  • Журналға шығады (онлайн)
  • Анықтама, журнал
  • Жеке кабинетте құжаттар сақталады
  • Мақалаға тұрақты сілтеме

2015 жылдан бері · ресми тіркелген журнал

Мақала жариялау

Осы тақырыптағы материалдар

Ұстаз ойы

Педагог-психолог: Архитектор души и проводник к гармонии

Материалда педагог-психологтың балаларға эмоциялық қолдау көрсетудегі, олардың қабілетін ашудағы және үйлесімді қарым-қатынас қалыптастырудағы рөлі баяндалады.

Сембаева Ардақ Мауленовна 2 мин 60 оқылым
Ұстаз ойы

Бала тәрбиесі – болашақ тәрбиесі

Қазіргі қоғамға жүктелген ең жауапты міндет – тәуелсіз мемлекетіміздің іргетасы, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, сапалы білім беру. Егер адам бойында адамгершілік құндылықтар болмаса, мұның орнын…

Айтжанов Райымбек Алуадинов 3 мин 34 оқылым
Ұстаз ойы

Болашақ мұғалімдердің кәсіби дамуы: теориядан практикаға

Бүгінгі студент-ертеңгі маман. Бұл қағида жоғары білікті мұғалімдерді қалыптастыруға бағытталған білім беру стратегияларының негізінде жатыр. Оқу процесін педагогикалық және психологиялық тұрғыдан түсінуде мұғалім мен…

Койшыгулова Айзада 3 мин 98 оқылым