Мазмұнға өту

Математикалық сауаттылық және ой дамыту

Куралбаева Г. 4 мин оқу 7 379 оқылым

Куралбаева Г.

Қазіргі  әлемде  болып  жатқан  қарқынды  өзгерістер ,түрлі  өзгермелі жағдайлар  білім  беру  жүйесінде де  өзіндік  әсерін  тигізіп  отырғаны  белгілі .  Елімізде  жүргізіліп  жатқан  білім  саясаты  әлемдік  білім  кеңістігімен   ықпалдасуға   негізделген . Әлемдік  білім  кеңістігіндегі  жалпы  білім  берудің  басымдық  мақсаты  - өзгермелі  өмір  жағдайына  тез  бейімделетін  ,өз  жолын  дұрыс  таңдай  білетін,  оң  шешім  қабылдай алатын  тұлға  дайындау  болып отыр .                                                                                                   Ұлттық  бәсекелестік  қабілеті  бірінші  кезекте  оның  білімділік деңгейімен  анықталады .  Осыған  сәйкес  Елбасы  Қазақстан  Республикасындағы  білім  сапасын  жетілдірудің негізгі  бағдары  ретінде мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  іс-қимылдарының біртұтастығы  мен  жүйелілігін қамтамасыз  етуге  бірқатар  талаптар  қойды . Функционалдық  сауаттылық  адамдардың  әлеуметтік , мәдени ,  саяси  және экономикалық қызметтерге  белсенді  қатысуына  ,сондай –ақ  өмір  бойы  білім  алуына ықпал  ететін базалық  факторлардың  біріне  айналуда .Бұл  бағдарлама  «Математикалық   сауаттылық  және  ой дамыту »  10- сынып  оқушыларына   математика  пәнінен қолданбалы курстарды оқытуға  арналған .  Бағдарлама құрылымында  оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейі ескерілген        –   «Курстың мазмұны мен құрылымы»  бөлімінде оқытылатын  оқу материалының   тізімі  мен көлемі ұсынылады ;- «Оқу материалдарын тақырыптық жоспарлау » бөлімінде берілетін курс материалының көлемі мен реті ,тізбегі оларды оқытуға жұмсалатын сағат саны көрсетілген ;- «Оқушылардың білім-білік  деңгейіне қойылатын талаптар »  бөлімінде оқушының дайындығы мен міндетті деңгейі  сипатталады ;-  «Пайдаланатын әдебиеттер тізімі » бөлімінде курсты өткізуге қажетті әдебиеттер тізімі  берілген .                                                                                                                                     Тақырыбы:   Математикалық   сауаттылық  және  логикаМақсаты :   1. Оқушылардың пәнге деген ынтасын арттыру, математикаға оның қолданылу  саласына деген  тұрақты қызығуын ояту ;                     2. Білімді жалғастыру үшін,практикалық іс-әрекетте қолдану үшін нақты математикалық білімді меңгерту ;                           3. Оқушылардың  математикалық  мәдениеті  мен  шығармашылық  қабілеттерін дамыту. Міндеттері :   1.Оқушылардың  пәнге  деген қызығушылығын  арттыру  мақсатында  іздендіру арқылы  зерттеушілік  қабілеттерінің  дамуына  ықпал  жасау;                             2 . Математикалық  сауаттылыққа арналған  есептерді  шешудің  құпия  сырларын                                 ашуға  оқушыларды  ынталандыру ;                               3.Оқушылардың ой-өрісін ,ойлау ,есте  сақтау   қабілеттерін дамытумен қатар өздігінен білім ала алатын және сол білімді  пайдалана алатын қасиеттерін  қалыптастыру ;                                                     4 . Қажетті  ,нақты  тақырыптар  бойынша  математикалық  білімдерін тереңдетіп  толықтыру .

Оқушылардың білім-білік  деңгейіне қойылатын талаптар :

-Берілген   тапсырмаларға  шығармашылық  көзқараспен  қарау  ;                                                          -Саналылық  пен  жауапкершілік  көрсету ;                                                                                    -Есеп  шартын түсініп оны  жүйеге  келтіру ,шығару  алгоритмін  таба білу ;                                        -Теориялық  мәліметтерді  формулалар  мен анықтамалар  түрінде  қолдана  білу ;                                     -Ой  дербестігі  болуы  қажет .Уақтылы өткізілген сабақтардан күтілетін нәтиже :                                                                      - Оқушылар есеп шығарудың негізгі әдістерін  меңгереді ;                                                                   - Еркін ойлай білетін  белсенді , біліеті, өзін-өзі  тани алатын , өзіне  сене отырып ілімге  жауапкершілікпен  қарайтын  тұлға  қалыптасады ;                                                                     -Оқушылардың  математикалық  мәдениеті  мен шығармашылық  қабілеттерінің  дамуы мен  танымдық  деңгейі  көтеріледі ;                                                                                                             -Түрлі мониторинг ,диагностика жасау арқылы оқушылардың жіберген қателіктері  үнемі талданып отырады .Түпкі нәтиже білім сапасын арттыру болып табылады .Оқушылардың оқу жетістігін бағалау жүйесі : Тест тапсырмасы ,бақылау,сынақ жұмыстары .

Пән  аралық байланыс  :физика, химия, информатика, география, биология, геометрия.Кәсіби бағдарлау : математик, информатик, инженер, статистика, бизнес, экономика саласына байланысты кәсіпке бейімдеу де және оқушылардың білімдерінің терең де мазмұнды болуына ықпалын тигізу .

Тақырыптық күнтізбелік жоспар

Аптасына  1 сағат       Барлығы  34  сағат

р/с Өтілетін  тақырыптар  мазмұны Сағат саны Өтілу  мерзімі
1 Қатыстарға  берілген  есептер .Транзитивті қатыстармен  есептер  . 1
2 Корректілі емес шарттармен  берілген  есептер 1
3 Теңдік  қатысымен  берілген  есептер 1
4 Бірнеше  қатыстармен  берілген  есептер 1
5 Схемалар  мен  кестелердің  көмегімен  шешілетін  есептер 2
6 Мүмкін  нұсқаларды  іріктеу. Мүмкін  нұсқалар  ағашы 1
7 Сандардың  бөлінгіштігіне  берілген  есептер 2
8 Сұрақ  белгісінің орнына  қандай сан қойылу керек,  санның  соңғы  цифрын  анықтауға  берілген  есептер 1
9 Процент  және  пропорцияға  берілген  есептер 1
10 Оқулықтың  беті  қанша ? 2
11 Адамның  жасын анықтауға  табуға  берілген  есептер 2
12 Аптаның  күндерін , жылдың  айларын  анықтауға  берілген  есептер 2
13 Қозғалысқа ,  жылдамдыққа  берілген  есептер 1
14 Қорытпа  мен  қоспаға  берілген  есептер 1
15 Бірлесіп жұмыс  істеуге  берілген  есептер 1
16 Теңдеу  және  олардың  жүйелерін  құруға  берілген  есептер 2
17 Геометриялық   фигураларды  санауға  берілген  есептер 1
18 Геометриялық  фигураларды  қиюға  және  теңдей  етіп  бөлуге  берілген  есептер 2
19 Оқиға  ықтималдығы 2
20 Комбинаторика  есептерін  шешу  әдістері 2
21 Комбинаторика  формулалары (терулер, орналастырулар , алмастырулар ) 2
22 Әр түрлі  логикалық  есептерді  шешу 2
23 Өз  біліміңді  тексер  ! 1

Пайдаланылатын әдебиеттер  :

1 . Жанасбаева   Ұ.Б. Жанасбаев Ж.Б.                                                                                 Логикалық  және  комбиноторикалық  есептер   Алматы -  2017 ж                                                    2.  Д.Алиасқаров ,Ж.Бейсеков , О. Маханбетов  7- сыныптағы   оқушыларды   математикалық  олимпиадаға  даярлау: Жалпы  білім  беретін  орта  мектептің 7- сыныбына  арналған факультативтік  курс .  Шымкент –2013.                                                                                                                                                                   3. Әлімбетов Н ,Бейсеков  Ж, Мирсоатов  А                                                                Математикадан  логикалық  есептерді  шешуге  арналған  әдістемелік  құрал .             Шымкент-20164.Рамазан  Баяр ,Ернұр  Базаров. Логикалық  сұрақтар : 500 сұрақ                                         Алматы :Шың-кітап ,2013ж5.Омаров Ә.К. Матеаматика  логикалық  есептер  . Шымкент -20136.Талапкерлерге  арналған  оқулық- тест . Жаңа  формат .                                                          Шың-кітап  Алматы-20177.Рамазан Омаров  .Логикалық сұрақтар,  есептер, ойындар  мен құрастырмалар .            Алматы:  Өлке  баспасы 2012ж8.Мұхаммед Али Өздуман , Рамазан  Баяр .  Математика  тестер  жинағы .                         Алматы : Шың-кітап 2007ж9. Қайрат  Бекболат ,Айгүл  Сердалы .Республикалық «KAZBILIM» орталығы .                Астана -2017 . Математикалық  сауаттылық .Оқу-әдістемелік  құралы .

Материал пайдалы болды ма? Бөлісіңіз

WhatsApp

Осы материал бойынша

AI Көмекші 30 секундта дайындайды — жауап кілті мен PDF бірге.

Автор

Куралбаева Г.

Осы тақырыптағы материалдар

Математика

Математикада логикалық ойлауды дамыту - олимпиадалық табыстың кілті

Жетісу облысы, Көксу ауданы, Кеңарал ауылы «С.Қырықбаева атындағы мектеп жанындағы шағын орталық бар мектеп»КММ. Математика пәні мұғалімі Кіріспе Қазіргі білім беру жүйесінде математикалық олимпиадалар оқушының…

Қажыбай Ернар 52 оқылым 2 мин
Математика

Математика мен физика сабақтарын кіріктіріп оқыту: 7-сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын арттыру жолдары

Қайырғазы Бағдат Математика және физика пәнінің мұғалімі Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің алдында тұрған негізгі міндет — оқушыларға тек теориялық білім беріп қана қоймай, сол білімді өмірде қолдана алу дағдыларын…

Bilimger Media 54 оқылым 3 мин
Математика

Ұлттық педагогикалық мұраны математика сабағында тиімді қолдану жолдары

«Астана қаласының әкімдігінің Ыбырай Алтынсарин атындағы №83 мектеп-гимназиясы» ШЖҚ МКК математика пәнінің мұғалімі, Астана қ., Қазақстан АННОТАЦИЯ. Мақалада ұлттық тәрбие жүйесін қазіргі білім мазмұнына кіріктірудің…

Жақсылық Жания Дарханқызы 107 оқылым 5 мин
Математика

Математика мен күнделікті өмірдің байланысы, сабақтағы жобалық жұмыстардың маңызы

Жамалқан Парида Жетісу облысы, Көксу ауданы, Кеңарал ауылы "С.Қырықбаева атындағы мектеп жанындағы шағын орталық бар орта мектеп" КММ Математика пәні мұғалімі Кіріспе Қазіргі білім беру парадигмасы оқушыдан тек…

Bilimger Media 55 оқылым 3 мин